Оқиға

Алматыда 69 жастағы ер адам қызы мен күйеу баласын өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтірген соң, өз-өзіне қол салған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Үш адам көз жұмған оқиға Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болды, деп хабарлайды Алматы қалсының полиция департаменті.

"Алпыс тоғыз жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару өзіне қол салған ер адамның атына тіркелген.

Оқи отырыңыз: Риддер қаласында қарияның гаражынан бірнеше қару-жарақ табылды

Қайғылы жағдайдың басқа да жағдайлары анықталуда.

Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин даңғылының бойындағы көлік қозғалысы шектеліп, оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0