Оқиға

Атырауда жоғалған баланың мәйіті табылды

© Photo : CC0 / Free-PhotosРебенок в воде
Ребенок в воде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кинологтар Жайық өзенінің жағасынан велосипед пен баланың киімін тапты. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Атырау облысында бір күн бұрын жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресми ақпарат бойынша 11 жастағы бала 10 маусымда кешкі сағат 18:00-де велосипед тебемін деп үйден шығып кеткен. Содан кейін жасөспірімді ешкім көрмеген.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да өз үйінің ауласынан жоғалған екі жасар сәбидің денесі табылды

"11 маусым күні Атырау қаласында баланы іздестіру жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғаушылар жақын жердің бәрін тінтіп шықты. Жергілікті тұрғындардан жауап алынды. Ал таңертең кинологтар Жайық өзенінің жағасынан велосипед пен баланың киімін тапты", - дейді құқық қорғаушылар.

Таңғы сағат 8:10-да құтқарушылар судан баланың денесін алып шықты. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Жаңалықтар
0