АДК сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт

Алматыда ADK сауда орталығының шатыры өртеніп жатыр

78
(Жаңартылды 20:13 16.06.2020)
Өртті сөндіруге жеке құрамның 67 адамы мен 25 техника жұмылдырылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Алматыда ADK сауда орталығының шатырынан өрт шықты, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

"Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 90 мекенжайында жұмыс істеп жатыр – ADK ғимаратының шатырынан қалың қара түтін шықты, ашық жанып жатқан жоқ, адамдар эвакуациялануда", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Өртті сөндіруге жеке құрамның 67 адамы мен 25 техника жұмылдырылды. Жұмысты жол бойындағы жеке көліктер қиындатқан, 109 құтқару қызметінің эвакуаторлары шақырылды.

 В Алматы горит кровля торгового центра
© Sputnik / Стрингер.
АДК сауда және ойын-сауық орталығындағы өрт

Сонымен қатар, "Алматы Тазалықтың" екі суарып жуатын машинасы және "Алматы судың" екі техникасы тартылды. Үздіксіз су берумен қамтамасыз етілді. Өрт сағат 19:36-да ауыздықталды.  

78
Кілт сөздер:
Алматы, өрт, сауда орталығы
Тақырып бойынша
Өртеніп жатқан ғимарат шатырынан ер адам ерекше жағдайда құтқарылды – видео
Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды
Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды
Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео
Нұр-Сұлтан маңындағы демалыс базасы өртеніп жатыр - видео
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

298
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

298
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Иллюстративті фото

Жамбыл облысында бір топ адам әкімді ұрып кетті

5147
(Жаңартылды 08:26 13.08.2020)
Бес-алты көлікке мінген жастар Қасқабұлақ ауылына баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылаған. Ал оларды тоқтатуға шыққан ауыл әкімі соққыға жығылған

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған еді. Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзі елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

"Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп айтады. Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беру", - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.

Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды 

Қазір бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ахуал қазір тұрақты.

"14 адам ұсталып, Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп атап өтті Талас аудандық ПБ бастығы Тимур Жаңабаев.

5147
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, әкім
Тақырып бойынша
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Қордайдағы тәртіпсіздік: Сапарбаев тұрғындармен кездесу өткізді
Павлодар облысында әдептен озған әкім орынбасары жұмыстан қуылды
Зертхана қызметкері

Соңғы тәулікте 476 адамның індетке шалдыққаны расталды

0
(Жаңартылды 08:37 14.08.2020)
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жетсе, 78 633 науқас аталған дерттен айығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 184 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 66 / 8
  • Алматы қаласы - 40 / 9
  • Шымкент қаласы - 3 / 3
  • Ақмола облысы - 21 / 11
  • Ақтөбе облысы - 9 / 5
  • Алматы облысы - 18 / 10
  • Атырау облысы - 15 / 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 97 / 30
  • Жамбыл облысы - 16 / 10
  • Батыс Қазақстан облысы - 32 / 19
  • Қарағанды облысы - 44 / 18
  • Қостанай облысы - 27 / 6
  • Қызылорда облысы - 8 / 5
  • Маңғыстау облысы - 13 / 13
  • Павлодар облысы - 11 / 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 30 / 6
  • Түркістан облысы - 26 / 19.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус дертімен ауырғандардың жалпы саны 101 848 адамға жеткен. Ал өткен тәулікте республика бойынша 1 877 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 113
  • Алматы қаласы - 641
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 66
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 55
  • Атырау облысы - 543
  • Шығыс Қазақстан облысы - 68
  • Жамбыл облысы - 8
  • Батыс Қазақстан облысы - 12
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 11
  • Қызылорда облысы - 252
  • Маңғыстау облысы - 23
  • Павлодар облысы - 21
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 22
  • Түркістан облысы - 13.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 78 633.

0
Кілт сөздер:
емделу, індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар: адамзатқа жаңа жаһандық індет қауіп төндіріп тұр
Дәрігер індет кезінде қандай азық-түліктен бас тарту қажет екенін айтып берді
Індет жұқтырғандар саны артып барады – Тоқаев
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қазақстандық телеарналардың бірі індет салдарынан хабар таратуын тоқтатады