Оқиға

80 шақырымға дейін тоқтамаған: Ақмола облысында жүргізушіні кепілге алған қарақшы ұсталды

© Sputnik / Василий Батанов / Медиабанкке өтуДобыча ископаемых, архивное фото
Добыча ископаемых, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде полицейлерге қарсылық білдіріп оқ атқан қарулы қылмыскер ұсталып, кепілге алу және қарулы шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Ақмола облысында құм карьерінде қарулы шабуыл жасалды. Тапа-тал түсте мылтықпен келген қаскөй учаске басшысын тонаған. Артынша жүргізушілердің бірін кепілге алып, жүк көлігін айдап кетіпті, деп хабарлайды ktk.kz арнасы.
Қолындағы қаруын кезеніп, "КамАЗ" жүргізушісін кепілдікке алған адам алды-артына қарамастан қаша жөнелген. Оның ізіне түскен полицейлер тоқтауын талап етіп, ескерту ретінде тапаншадан оқ атқан.

Бірақ құм карьерінен шыққан көлік 80 шақырымға дейін тоқтамаған.

Полицейлер қаскөйді Астрахань ауданына келгенде ғана ұстады. Көліктен түскен ол орманға қарай қашып, із суытпақ болған. Ұсталған азамат 38 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екен.

"КамАЗ" жүргізушісін кепілдікке алып, оны көлік жүргізуге мәжбүрледі. Полицейлерге қарсылық білдіріп оқ атты. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Қарулы қылмыскер ұсталды. Қазір кепілдікке алу және қарулы шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймұрзин.

Оқи отырыңыз: Қарақшы тонағалы жатқан қыздың сырын білгенде, жаны ашып, райынан қайтты - видео

Жаңалықтар
0