Оқиға

Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинВ госпитале работают шесть отделений. Войти туда можно только в защитных костюмах
В госпитале работают шесть отделений. Войти туда можно только в защитных костюмах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырып-жұқтырмағаны белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

1995 жылы туған қыз жедел жәрдеммен 1-ші қалалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

"Ауруханаға түскен кезде ауа жетпей, дене қызуы көтерілген, өзін әлсіз сезінді", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Пациентте ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментарлы пневмония болды.

Дәрігерлер қанша тырысқанмен, науқас 25 маусымда қайтыс болды.

Оның ақзасында коронавирус болып-болмағаны белгісіз. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Жаңалықтар
0