Оқиға

Қазақстанда үш күнде 15 адам суға батып кетті 

© Photo : ДЧС Акмолинской областиСпасатели на реке Нуре
Спасатели на реке Нуре  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суға батқандардың жартысынан көбі ересектердің қарауынсыз қалған балалар. Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

АЛМАТЫ,7 шілде – Sputnik. Қазақстанда 4-6 шілде аралығына 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде жеті бала бар. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өткен демалыс және мереке күндері шомылуға болмайтын орындарда суға түскен 15 адам, соның ішінде 7 бала суға батып кетті. Балалардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған", - делінген ресми ақпаратта.

Жеті балаға қатысты қайғылы жағдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында болды.

Бұдан бөлек 4 шілдеде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Есілбай ауылында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2018 жылы туған ер бала құдыққа құлап кетті. Жеке тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған құдықтың тереңдігі үш метр, оның бір жарым метрінде су толы болған. Бала тұншығып қалды.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді 

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

Жаңалықтар
0