Тренировка сборной по боксу

Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  

14568
(Жаңартылды 18:21 17.07.2020)
Облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Атырау облысында үш жас боксшы жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

"Атырау боксында орны толмас, ауыр қаза. Үш бірдей болашағынан үміт күттірер жас боксшымыз, облыс құрамасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельманов жол апатына ұшырап, мезгілсіз қаза болды", - делінген қаралы хабарда.

Оқи отырыңыз: Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы

Атырау бокс федерациясы марқұмдардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты.

14568
Кілт сөздер:
жол апаты, Атырау облысы, боксшы
Ту тұғыр

Атырауда 203 миллион теңге бөлінген ту тұғырдың құлау себебі анықталды

107
(Жаңартылды 11:56 14.08.2020)
Облыстық прокуратура құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім бергенін анықтады

АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Атырауда өткен жылы қатты желден құлаған ту ілетін тұғырға сметада көрсетілген сомадан үш есе аз ақша жұмсалған. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті хабарлады.

"Жобалық-сметалық құжаттама талаптарына қарамастан, мердігер авторлық бақылаушының келісімінсіз ту орнатқаны анықталды. Оның құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден үш есе аз. Облыстың құрылыс басқармасы заңнама талаптарын бұзып, ту тұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген", - деп мәлімдеді Атырау облысының прокуратурасы.
Флагшток рухнул в Атырау. Фото с места события
Атырау қаласында құлаған ту тұғыр.

Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Енді аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Ал қалпына келтіру жұмыстарын мердігер өз қаражатына жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бас туы қалай көтеріледі – егемендік рәмізінің құпиясы

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсанның соңында Атыраудағы Республика алаңында тұрғызылып жатқан биіктігі 91 метрлік құрылым қатты желге шыдас бермей құлаған болатын.

107
Кілт сөздер:
ту тігу, Атырау
Тақырып бойынша
Терезеге ілінген көк ту: даулы іс Жоғарғы сотқа дейін жетті
Мемлекеттік ту көтерілді: Елорда күнін тойлау басталды
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото
Жаңа ту бекітілді деген ақпарат жалған – Қазақстанның қорғаныс министрлігі
Енді VR-жобаның көмегімен Рейхстагқа Ту тігуге болады
Төбелес, иллюстративті фото

Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген: Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

2705
(Жаңартылды 10:22 14.08.2020)
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралда жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, адам өлтірді деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

2705
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара