Қару ұстаған адам, архивтегі сурет

Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды

285
(Жаңартылды 13:52 18.07.2020)
Денсаулық сақтау саласының мамандары бас сүйектен оқты алу өте қиын әрі қауіпті екенін айтады. Ал бұл жолы операция сәтті өтіп, ер адам есін жиған

АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері басынан оқ жарақатын алған науқасқа операцияны сәтті өткізді. Операция үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, басынан оқ жарақатын алған ер адам 16 шілде күні №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Оның сол жақ бет самайында қан кету жарақаты болған. Дәрігерлер оған ашық бас сүйек-ми жарақаты және бас сүйегіндегі оқ жарақаты диагнозын қойды. Ал науқастың өзі басы айналып, сол көзінің көру қабілеті нашарлағанын айтқан.

"Бас сүйекке жасалған рентгенографияда самайдың үстіңгі тұсындағы аймақта металға ұқсас бөгде зат бары анықталды", – деді нейрохирург Тимур Айтмұханов

Пациент жағдайының ауырлығына байланысты жедел түрде интенвсивті терапия және жансақтау бөліміне жатқызылып, операцияға әзірленді.

Үш сағаттық операция нәтижесінде дәрігерлер бас сүйектен оқты алып, ер адамның өмірін сақтап қалды.

Денсаулық сақтау саласының мамандары бас сүйектен оқты алу өте қиын әрі қауіпті екенін айтады. Алайда, бұл жолы операция сәтті өтіп, ер адам есін жиған.

Оқи отырыңыз: Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

Sputnik Қазақстан тілшісі ер адамның жарақатына қатысты ақпарат алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласты. Құзырлы орган алдағы уақытта осы оқиғаға қатысты ақпарат ұсынуға уәде етті. 

285
Кілт сөздер:
операция, оқ
Тақырып бойынша
Көзіне дәл тиген - Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атты
Алматыда жанжалдың соңы оқ атуға ұласты
"Үшеуіне оқ тиді": министрлік Қордайдағы оқиға туралы нақты ақпарат берді
Бес адам ауруханаға түсті: Ақтөбе облысында оқ атқандар ұсталды
Арысты оқ-дәріден толығымен тазартуға 3-5 жыл уақыт керек – министрлік
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

3
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

3
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
өрт

Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео

1501
Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метр, тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпорындардың біріндегі қоймадан өрт шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент 💞 Shymkent (@shymkent_city17)

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, одан ғимараттан шыққан қалың түтінді көруге болады.

Өңірлік Otyrar басылымының хабарлауынша, "Визит" зауытының аумағындағы қоймадан өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2000 шаршы метр болатын қойманың өртеніп жатқанын анықтады.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қоймада пластик бөтелкелерді әзірлегенде пайдаланылатын шикізат болған. Зауыт сусындар шығарады.

Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метрге жеткен. Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды.

1501
Кілт сөздер:
видео, Шымкент