Науқас

Шымкентте провизорлық орталықта емделіп жатқан әйелдің денесі құрылыс алаңынан табылды

8118
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, әйел емдеу шараларынан шаршап, өз еркімен стационардан кетіп қалған

АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Шымкентте провизорлық орталықтан 100 метр жерде орналасқан құрылыс алаңында 63 жастағы науқастың мәйіті табылды, деп хабарлайды Otyrar.kz. Сапаршылардың айтуынша, әйелді буындырып өлтірген.

Марқұмның күйеуі 13 шілдеде әйелінің жағдайын білу үшін оған қоңырау соққан. Алайда, бұған дейін үнемі қоңырауға жауап беріп отырған ол бұл жолы тұтқаны көтермеген.

Полиция марқұмның туыстарына әйелдің рұқсатсыз провизорлық орталықтан кетіп қалғанын және оның денесі құрылыс алаңынан табылғанын хабарлады.

Қара жамылып отырған отбасының көршісі өлер алдында қатты ұрып-соғылғанын, оның қарсылық танытқанын айтып отыр. Өйткені, марқұмның иығы соғылып, тырнақтары сынған, ерні жырылған.

Ал марқұмның туыстары әйелдің провизорлық стационардан кетіп қалуына медицина қызметкерлерінің дөрекілігі себеп болған дейді. Бұған дейін әйел осы мәселе бойынша телефон арқылы туыстарына шағым айтқан.

Ал провизорлық орталық директоры науқастың емханадан қашып кетуіне ауру салдарынан моральды түрде шаршағанын алға тартады. Оның айтуынша, әйел бірнеше рет үйіне шығаруды сұрағанымен, үйде күтім жасайтын ешкімнің жоқ екенін жеткізген.

Дәрігерлер оны ауруханада қалдыруға шешім қабылдайды. Сонымен қатар әйелдің жағдайы жақсарып, үйге шығуға дайындалып жатқан. Әйелдің өзі ауруханадан шығарғалы жатқанын білді. Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханадан кетіп қалуды жоспарлаған, бір жарым сағат бойы оңтайлы сәтті күткен.

Провизорлық орталық директоры Дәулет Ержановтың айтуынша, әйелдің ауруханадан шыққан сәтінің видеосы бар. Видео тергеушілерге берілді.

"Маған науқасты емдеуші дәрігер 12 шілде күні сағат кешкі тоғыз шамасында келіп, науқастың үйіне кеткісі келетінін айтты. Науқаспен әңгімелесу кезінде оның жүргізіліп жатқан емдеу шараларынан, моральды түрде шаршағаны белгілі болды. Барлығы COVID-19 туралы айтатынын ескеріп, өзіне де осы диагноз қойылды деп ойлады. Мен өзім жеке барып, науқасқа басқа диагноз қойылғанын айттым. Тағы үш күн ауруханада болуын, толық емдеп шығаратынымды жеткіздім. Ол соған келісті", - деді Ержанов.

Оқи отырыңыз: Ер адамнан кейін әйел секірді: желіде Нұр-Сұлтанда болған оқиғаның видеосы тарады

Алайда 13 шілде күні кешке әйел ауруханадан кетіп қалған. Қазіргі кезде полицейлер істі тергеп жатыр.

8118
Кілт сөздер:
емделу, оқиға
Тақырып бойынша
"Ұруға болады": бірнеше әйел алғысы келетін оқытушы мәлімдемесі желіні шулатты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған бес жүкті әйел қайтыс болды
Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмды 
Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды
Төбелес, иллюстративті фото

"Екі қолын жұлып, көзін ағызып жіберген": Оралда сұмдық оқиғаға қатысты сот басталды

273
Осы іске қатысы бар деп айыпталып отырғандардың бірі – екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген азамат

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Оралдағы жеке күзет агенттігінің қызметкерлері айықтырғышқа жеткізілген адамды қорлап өлтірген. Бұл туралы айтқан марқұмның туыстары кінәлілердің кейбірі бостандықта жүргенін айтады.

Күзетшілердің соты онлайн-форматта қайта жалғасты. Ал сот отырысына себепкер жаға ұстататын қанды оқиға былтыр желтоқсанда болған еді. Жаңажылдық корпоративтік кештен "көңілді" шыққан жігітті полиция наркологиялық диспансерге жеткізген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ол жабық мекемеде бүлік шығарған соң, көмекке шақыртылған күзетшілер жігітті өлімші етіп, тепкінің астына алады. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода бес жігіт бір адамға жабылып жатқаны анық көрінеді.

"Күзетшілер інімнің екі қолын қайырып, тепкінің астына алды. Жағын сындырып, көзін ағызып жіберген. Біз оны мәйітханаға барғанда танымай қиналдық. Сот кезінде күзет агенттігінің қызметкерлері лицензияны сатып алғандарын, жұмыс кезінде мас болғандарын мойындады", - дейді марқұмның туысы Бақыт Ахметова.

Ахметова інісінің жанталасып сыртқа қашып шыққанын айтады. Темір қоршаудан секіріп өте алмай жатқан жігітті қуғыншылар аяғынан ұстап, кері тартқан. Сол кезде, қолтықтарын қаңылтыр кесіп, өтіпті. Марқұм осыдан кейін қансырап өлді, дейді апасы. 

"Інімнің өліміне кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы тиіс. Бұл істе полицияның да айыбы бар. Олар, інімнің ақшасын тартып алып, өзін диспансерге тастап кетіпті. Інім сыртқа қашып шығып, жанармай құю бекетінен көмек сұрағанда да, ондағылар да қол ұшын бермеген. Кейін жедел жәрдемді шақырған кезде бәрі де кеш болды. Сот осы жәйттерді ескерсе екен", - дейді ол.

Айта кетейік, "адам өлтірді" деп айыпталғандардың бірі - осыдан екі жыл бұрын шымкенттік бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген Абзал Әділов. Ол осы отадан кейін күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан екен.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Ал марқұмның туыстары "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылды", дейді. Өйткені, жігітті соққыға жыққан 6 күзетшінің 2-уі ғана айыпталушы орындығында отырғанын айтады. Қалғандары "куәгер" ретінде көрсетілген.

273
Кілт сөздер:
оқиға, сот, Орал
Тақырып бойынша
Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді
Иллюстративті фото

Жамбыл облысында бір топ адам әкімді ұрып кетті

5144
(Жаңартылды 08:26 13.08.2020)
Бес-алты көлікке мінген жастар Қасқабұлақ ауылына баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылаған. Ал оларды тоқтатуға шыққан ауыл әкімі соққыға жығылған

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған еді. Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзі елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

"Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп айтады. Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беру", - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.

Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды 

Қазір бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ахуал қазір тұрақты.

"14 адам ұсталып, Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп атап өтті Талас аудандық ПБ бастығы Тимур Жаңабаев.

5144
Кілт сөздер:
Жамбыл облысы, әкім
Тақырып бойынша
Көлігімен алып кетіп, өлгенше ұрған: Ақмола облысында экс-әкімге үкім шықты
Қордайдағы тәртіпсіздік: Сапарбаев тұрғындармен кездесу өткізді
Павлодар облысында әдептен озған әкім орынбасары жұмыстан қуылды