Абай ауылындағы өрт

Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды

971
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 25 адамы мен алты техника жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қызыл жалынға оранған ғимараттың видеолары тарады. Өрт Түркістан облысы Абай ауылында болған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеді.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, төтенше жағдай 28 шілде күні таңертең Келес ауданындағы Абай ауылында болған.

  • Абай ауылындағы өрт
    Абай ауылындағы өрт
    © Photo : пресс-служба ДЧС Туркестанской области
  • Абай ауылындағы өрт
    Абай ауылындағы өрт
    © Photo : пресс-служба ДЧС Туркестанской области
1 / 2
© Photo : пресс-служба ДЧС Туркестанской области
Абай ауылындағы өрт

Тілсіз жау түске қарай ауыздықталды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 25 адамы мен алты техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Ведомство жекеменшік ғимарат отқа оранғанын нақтылады. Оған электр сымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.

971
Кілт сөздер:
өрт, ауыл, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды - видео
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

7
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

7
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
өрт

Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео

1513
Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метр, тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Шымкентте ірі кәсіпорындардың біріндегі қоймадан өрт шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Шымкент 💞 Shymkent (@shymkent_city17)

Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, одан ғимараттан шыққан қалың түтінді көруге болады.

Өңірлік Otyrar басылымының хабарлауынша, "Визит" зауытының аумағындағы қоймадан өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2000 шаршы метр болатын қойманың өртеніп жатқанын анықтады.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қоймада пластик бөтелкелерді әзірлегенде пайдаланылатын шикізат болған. Зауыт сусындар шығарады.

Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метрге жеткен. Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды.

1513
Кілт сөздер:
видео, Шымкент