Qazaq Air ұшағы

Qazaq Air ұшағына не болғаны айтылды

139
Ұшақтың фюзеляжі зақымдалуына байланысты әуе компаниясында тергеу жүріп жатыр. Борт қазіргі уақытта қолданылмайды

АЛМАТЫ, 29 шілде — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі фюзеляжі зақымдаған Qazaq Air ұшағына не болғанын айтты. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әуе компаниясы ұшағының суреті пайда болды. Оның зақымданғаны көрініп тұр.

Министрлік борттың зақымдану себебін анықтау үшін әуе компаниясы техникалық комиссия құрғанын хабарлады.

"24 шілде күні Өскемен-Нұр-Сұлтан рейсін жасаған Qazaq air әуе компаниясы ұшағын тексеру кезінде фюзеляждің төменгі, ортаңғы және орталық бөлігіне найзағай тигені анықталды", - деді ведомствода.

Мамандар сегіз жерде диаметрі  2-6 мм, қалыңдығы 1 мм-2.5 мм зақым табылғанын айтты.

Ұшақтың фюзеляжі зақымдалуына байланысты әуе компаниясында тергеу жүріп жатыр. Борт қазіргі уақытта қолданылмайды.

139
Кілт сөздер:
әуе компаниясы, ұшақ
Тақырып бойынша
Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді
Qazaq Air мас ұшқыш үшін жолаушылардан кешірім сұрады
Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео
Алматыдан ұшып шыққан Qazaq Air ұшағы әуежайға қайта оралды
Әскери ұшақ құлады: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды
Зорлық-зомбылық

Дәретхана суына тұншықтырды: Алматы облысында ер адам өз отбасын көп жыл азаптаған

27
(Жаңартылды 18:28 07.08.2020)
Күдіктіні полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Балаларды азаптаған ер адам жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алматы облысында ер адамның көптен бері әйелі мен балаларын аяусыз азаптап келгені мәлім болды. Келіншегін қорқыту үшін ол тіпті үш айлық баласын дәретхана суына тұршықтырған. Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының өкілдері хабарлады.

Ерлі-зайыптылар бір жылдан астам уақыттан бері бірге тұрған. Осы уақыт ішінде әбден қысым көрген әйел полицияға хабар беруге қорыққан. Бірінші некеден екі ұлы бар әйелдің соңғы күйеуінен ортақ перзентінің туғанына үш ай болған.

"3 тамызда әйелдің анасы бізге қоңырау шалып, қызының күйеуінен зәбір көріп жатқан сәті түсірілген суреттер жіберді. Оны немересі түсіріп алған екен және мұндай жайт бірінші рет емес көрінеді. Оны білім қалған ер адам телефондарды жиып, есіктерді жауып алып, оларды көмек сұрау мүмкіндігінен айырған", - деп жазды қордың негізін қалаушы Дина Смайылова.

Қоғамдық қор өкілінің айтуынша, тоғыз жасар баланың жуыну бөлмесіндегі су ағызу шүмегін абайсызда сындырып алғаны үшін ер адам жасөспірімге зәбір көрсеткен.

"Содан кейін ол анасы мен балаларды ұрып-соғып, денесін көгерткен. Тіпті, үш айлық баланы ұстап алып, әйелін қорқыту үшін дәретхана суына тұншықтыруға тырысқан. Әйелдің қабырғасы сынып, бас миы шайқалған. Сондай-ақ, үлкен ұлының да қабырғасы сынып ауруханаға түсті", - делінген жарияланымда.

Зардап шеккен әйелдің анасының айтуына қарағанда залым кісі олардың отбасына үш жыл бұрын келген және бірнеше айдан кейін әйеліне қорлық көрсете бастаған. Әрекетінің жария болмауы үшін балаларын қорқытып, қысымда ұстаған. Сонымен қатар, әйелдің шешесі ер адам төрт жасар баланы зорлаған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Қазіргі жағдай қалай өрбуде

Дина Смайылова қазіргі кезде балалар қосымша сараптамалық тексерістен өтіп жатқанын мәлімдеді. Ол мұндай сұмдық жағдайға қатысты ақпаратты Іле аудандық полиция бөліміне шұғыл тапсырғанын айтады.

Тиісті сала мамандары мен құқық қорғау органдарының жетекшілері дереу оқиға орнына жетіп, ер адам кәмелетке толмағандарды азаптады деген күдікпен қамауға алынған.

"Не молчи" өкілдерінен осындай хабар түскен бойда іске шұғыл кірістік. Әйел өзі мен балаларының зорлық-зомбылық көргенін айтып, арыз жазды. 1976 жылы туған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз: Бала зорлық-зомбылыққа ұшыраса, қайда хабарласу керек – "111" нөмірі қайта іске қосылды

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бап, 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша (кәмелетке толмағанға қатысты азаптау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекет үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

27
Кілт сөздер:
бала құқығы, зорлық-зомбылық
Тақырып бойынша
Зорлық жасады деген күдікті Нұр-Сұлтандағы аурухананың аумағынан қашып кетті
Түркістан облысының әкімі өңірде неге зорлық жиілеп кеткенін түсіндірді
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Балалар зорлық-зомбылығы үшін жазаны күшейту керек пе – президент кеңесшісі пікір білдірді
Химиялық ыдыстар

Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді видео

155
Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Олар арнайы зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың үйін, автокөлігі мен зертхананы тінтіп, сатуға дайын 55 келіден астам жоғары сапалы "мефедрон" есірткі затын тәркіледі. Қылмыскерлер оны кристалдап үлгерген.

"Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр. 

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.

155
Кілт сөздер:
зертхана, есірткі сату, есірткі
Тақырып бойынша
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Токаев, Есимов и Бозумбаев

Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады

0
Есімов мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есімов қордың биыл наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы президентке компанияның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмысы туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы "Авифавир" дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Кездесуде "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

0
Кілт сөздер:
Ахметжан Есімов, Қасым-Жомарт Тоқаев