Оқиға

Қостанайлық әйелінің сөзінен кейін сұмдық әрекетке барды

© Sputnik / Табылды КадырбековОбручальные кольца в руке
Обручальные кольца в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанжал кезінде ер адам әйеліне пышақ ала жүгірген, кейін өзін жарақаттады. Ол қорғанғанын айтып, жазадан құтылмақ болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Әйелін қасақана өлтірген Қостанай тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Ол әйелін бірнеше рет пышақтап, кейін қорғанған сыңай танытып, өзін-өзі жаралаған.

Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 20 тамыздағы үкіміне сәйкес, ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша ("адам өлтіру") кінәлі деп танылды. 

Іс материалдарына сәйкес, әйел ажырасқысы келетінін айтқан. Бұл сөзді естіген ер адам пышақ ала жүгірген.

"Ер адам ас үй пышағымен әйелінің мойны мен кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті жазадан құтылу үшін өзін-өзі жаралады. Ол әйелінен қорғанбақ болғанын айтты", - делінген үкім мәтінінде.

Күдіктінің қасақана адам өлтіргені куәгерлердің айтқан сөздері және сараптамалар нәтижесінде дәлелденді. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әйелдің артында кәмелет жасқа толмаған үш баласы қалды. Оларды әйелдің әпкесі қамқорлығына алды. 

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0