Оқиға

Рудный қаласындағы автопаркте он автобус отқа оранды

© AP Photo / Leo CorreaГорящий автобус, архивное фото
Горящий автобус, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндірушілер мен мекеме қызметкерлері от ошағына жақын маңда тұрған 12 автобусты қауіпсіз жерге шығарып үлгерген

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қостанай облысының Рудный қаласында автокөлік кәсіпорнында алапат өрт шығып, 10 автобус отқа оранды. Тағы екі автобусқа едәуір зақым келді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитеті.

"4.19-да Рудный өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне "Рудный автотранс" ЖШС-нің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер мен мекеме өкілдері 12 автобусты қауіпсіз жерге сүйреп шығарды", – делінген хабарламада.

Өрт сағат 5.10-да толық сөндірілді. Тілсіз жау автопарктегі 10 автобусты әп-сәтте күлге айналдырып, екеуіне әдәуір зақым келтірді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматы орталығында жүріп келе жатқан автобус отқа оранды - видео

Жаңалықтар
0