Жол апаты, иллюстративті фото

Павлодар облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

2689
Баянауыл ауданындағы тас жолда Нұр-Сұлтаннан келе жатқан жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысты  

ПАВЛОДАР, 29 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер" тас жолында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 11.20-да полицияға жол апаты туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген Баянауыл аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер" тас жолының 91-ші шақырымында "ВАЗ 21713" жүргізушісі, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қарсы жолаққа шығып кетіп, Баянауыл ауданының тұрғыны жүргізіп келе жатқан "ВАЗ 21703" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқанын анықтады.

Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео

Салдарынан бес адам қайтыс болды ("ВАЗ 21713" жүргізушісі мен үш жолаушысы, "ВАЗ 21703" автокөлігінің бір жолаушысы), тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

2689
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Алматыда бес адам жол апатына түсті, арасында жаңа туған сәби де бар
Олжас Сүлейменовтің жиенін қаққан әйел бостандыққа шықты – сот түсініктемесі
Грузияда микроавтобус жардан құлап кетіп, 17 адам көз жұмды
Шығыс Қазақстанда локомотив пен 23 вагон рельстен шығып кетті
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көпірге соғылды
Бетін жауып отырған ер адам, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған ер адамды тонап кетті

136
(Жаңартылды 18:34 28.09.2020)
Тонаушылар көшенің қақ ортасында ер адамның ақшасын ғана емес, көзілдірігін, белбеуі мен оттығын да тартып әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көшеде есінен танып қалған 57 жастағы ер адамды тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Қарасай батыр көшесінен теміржол вокзалына қарай жаяу жүріп келе жатқан. Гараждардың маңына жеткенде, ер адам есінен танып қалған. Оған не себеп болғанын өзі де білмейді. Біраз уақыттан соң көзін ашса, қасында екі бейтаныс жігіт қалтасын ақтарып жатыр екен.

Күдіктілер есін жиған ер адамды ұра бастайды. Киімнің қалтасынан 30 мың теңгені алып, шалбарының белбеуін, көзілдірігі мен оттығын да тартып әкеткен.

Полицейлер адам тонады деген күдікпен екі ер адамды – қаланың 26 және 36 жастағы тұрғындарын "ізін суытпай"  ұстады.

Анықталғандай, олар бұған дейін де сотты болған және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тағы оқыңыз: Алматының қақ ортасында мәжіліс депутатын тонап кетті

Заттай айғақтар мен ақша тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, 2 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

136
Кілт сөздер:
тонаушылар, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Қазақстандық жігіт Ресейде сатушыны тонап, оны жұбатып тұрған жерінен ұсталды
Алматыда қарулы қарақшы супермаркетті тонады
Өлтіремін деп қорқытқан: Қаскелеңде бақсыдан келе жатқан әйелді зорлап, тонап кетті
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Иллюстративті фото

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды  

2781
(Жаңартылды 17:34 28.09.2020)
Ішімдік ішкен ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрған. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп отырғанда өзімен бірге тұратын әйелдің 2019 жылы желтоқсан айында таныс адамымен көзіне шөп салғаны есіне түскен. Қызғаныш сезімі билеп, әйелден өшін алуға ұмтылған.

"Ол жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрады. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған, басынан және бетінен ұрғылай берген. Әйел есінен танып қалғаннан кейін есікті құлыптап, далаға шығып кеткен. Сол күні үйге келмеген", - дейді полицейлер.

Келесі күні қайтып келгенде үйдің іші тым-тырыс болған. Көңілдесі жатын бөлмеде сол күйі қозғалмай жатқанын көрген.

Полицейлер атап өткендей, ер адамның зәресі ұшып, қылмыстық жазадан құтылудың амалын іздей бастайды. Содан әйелді далаға сүйреп шығарып, мәйітін жерқоймаға тастап, қашып кетеді.

"Жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Біршама уақыттан кейін миы ісініп кеткен", - делінген сот-медициналық сараптамада.

Оқи отырыңыз: Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты 

Қаскүнем тағы бір қылмыс жасайды. Көрші келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, үйіне түскен. Сол жерден ыдыс-аяқ пен тосап ұрлаған.  

Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлық бойынша жазаға тартып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

2781
Кілт сөздер:
көңілдес, Атбасар
Тақырып бойынша
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады

Тоқаев БҚО әкімінің алдына бірқатар міндет қойды

6
(Жаңартылды 15:46 29.09.2020)
Президент етті мал шаруашылығын дамыту, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру бойынша облыс әкіміне бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Есқалиев Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Президент Батыс Қазақстан облысының әкіміне үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруды, сонымен қатар, аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуді тапсырды.

6
Кілт сөздер:
әкім, Батыс Қазақстан облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды