Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім президент туралы қызықты деректер

103058
2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатып, алты жыл сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекет басшысы болды. Тоқаев туралы ең қызықты деректерді Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз
© Sputnik /

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті қызметіне 2019 жылдың 20 наурызында келді. Жаңа мемлекет басшысы бірінші шешімімен Назарбаевқа Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін "Алтын Жұлдыз" ерекше төсбелгісін табыстап, Халық Қаһарманы атағын берді.

Сонымен бірге, Тоқаев Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды. Кейінірек парламент депутаттары бірлескен отырыста бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Астана әкімдігінде өткен мәслихаттың 46-шы сессиясында да депутаттар бұл шешімге қолдау білдірген. Енді президент жарлығы шыққаннан соң Қазақстанның елордасы Нұрсұлтан деп аталатын болады.

103058
Тақырып бойынша
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды
Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды
Тоқаев Қазақстан президенті ретінде алғашқы сөзін сөйледі
Тоқаев қандай саясат жүргізетінін мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев не деді – президент сөзінің толық мәтіні  

Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар

472
(Жаңартылды 13:58 21.07.2020)
1980 жылы өткен Олимпиада ойындарында КСРО құрамында өнер көрсеткен қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
© Sputnik /

Алты спортшы алтын медаль иеленді:

  • ЖақсылықҮшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны;
  • Шәміл Серіков – грек-рим күресінің палуаны;
  • Надежда Ольхова – баскетболшы;
  • Сергей Котенко – ватерполшы;
  • Виктор Мазин, ауыр атлет;
  • Владимир Муравьев, жеңіл атлет.

Күміс медаль жеңіп алған спортшылар:

  • Анатолий Быков, грек-рим күресінің шебері;
  • Виктор Демьяненко, боксшы;
  • Серік Қонақбаев, боксшы.

Татьяна Лесовая диск лақтырудан қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар көгалдағы хоккей бойынша КСРО құрамасының мүшелері Миннеула Азизов, Александр Гончаров, Александр Мясников, Михаил Ничепуренко, Фарид Зигангиров, Олег Загороднев қола жүлде иеленді.

472
Кілт сөздер:
Олимпиада жүлдегерлері

Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы

98
(Жаңартылды 18:17 17.07.2020)
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр
Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
© Sputnik /

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

98
Кілт сөздер:
індет, ЕАЭО
Беларусьтегі наразылық

Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды видео

545
(Жаңартылды 08:22 10.08.2020)
Беларусь астанасында сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары басталды, құқық қорғау органдары көшеге шыққандарды қамауға алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Жексенбі күні Беларусьте президент сайлауы өтті. Минскідегі сайлау учаскелері жабылғаннан кейін наразылық акциялары басталды. Тұтқындау шаралары өңірлерде де жүргізіліп жатыр.  

Түнде наразылық білдірушілер Жеңіс алаңына жиналды. Тәртіп сақшылары резеңке таяқ пен бұрышты баллон қолданды, деп хабарлады Sputnik Беларусь куәгерлерге сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері наразылық білдірушілерді жарық-шулы граната мен суатқыш қолдана отырып таратуға тырысты.

Протесты после выборов в Беларуси
© Sputnik / Виктор Толочко
Беларусьтегі сайлаудан кейінгі наразылық

Түн ортасында күш құрылымдары жиналғандарды ығыстырып, Машеров даңғылы бойымен шегінуге мәжбүр етті. Содан кейін демонстранттар таратылды.

Арнайы операцияға ОМОН және ішкі әскер тартылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда экс-министр сенат депутаттығына ұсынылды 

Минскідегі жедел жәрдем ауруханасына қосымша реаниматологтар мен травматологтар шақырылды. Медициналық мекеме зардап шеккендердің нақты санын атай алмады.

Минскінің орталығындағы аулаларда жүрген кейбір наразылық білдірушілер ұсталып жатыр.

Силовики на улицах Минска
© Sputnik / Виктор Толочко
Минск көшелеріндегі күш құрылымдары

Ішкі істер министрлігі рұқсат етілмеген жаппай шаралар өтіп жатқан Минск пен республиканың басқа да қалаларындағы жағдайды қадағалап отыр, деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ольга Чемоданова.

"Минск пен облыс қалаларындағы жағдай толығымен бақылауда. Ұсталғандар бар, бірақ әзірге жалпы саны туралы мәлімет жоқ", - деп мәлімдеді Чемоданова.

Айта кетейік, ұлттық экзитполдың мәліметіне сәйкес, Александр Лукашенко 79,7%, Светлана Тихановская 6,8%, Анна Канопацкая 2,3%, Андрей Дмитриев 1,1%, Сергей Черечень 0,9% дауыс жинады. Сайлаушылардың 9,2% -і барлығына қарсы дауыс берді. Сауалнама 320 сайлау учаскесінде жүргізілді. Дауыс беруге сайлаушылардың 79% келген.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың қорытынды нәтижесін 14 тамыз, жұма күні шығаруды жоспарлап отыр.

545
Кілт сөздер:
видео, президент сайлауы, наразылық акциялары, Беларусь
Тақырып бойынша
Моңғолияның парламентіне үш қазақ депутат болып сайланды
Қазақстанда 11 тамыз тыныштық күні болады
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған қазақстандық ғалым қайтыс болды