2020 жылғы діни мерекелер күнтізбесі

151532
2020 жылы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Ораза айт және Құрбан айт мерекелері қай күндері тойланады? Қадір түні қай күнге түсіп тұр? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар
2020 жылғы мұсылман күнтізбесі
© Sputnik /

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Алайда, діни мерекелердің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін. 

151532
Кілт сөздер:
рамазан айы, ораза айт, қадір түні, құрбан айт, діни күнтізбе, діни мерекелер, мұсылман күнтізбесі
Тақырып бойынша
2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Мұсылман күнтізбесі: айлардың атауы мен олардың мағынасы
Құрбан айт жайлы әр мұсылман білуі тиіс 18 дерек
Мұсылман елі астанасында тұңғыш рет құрбан шалуға рұқсат берілді
Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс сауапты амалдар
7 жасында сүндеттелген түркістандық кәріс жігіт мұсылман қызға үйленгісі келеді

Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар

501
(Жаңартылды 13:58 21.07.2020)
1980 жылы өткен Олимпиада ойындарында КСРО құрамында өнер көрсеткен қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
© Sputnik /

Алты спортшы алтын медаль иеленді:

  • ЖақсылықҮшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны;
  • Шәміл Серіков – грек-рим күресінің палуаны;
  • Надежда Ольхова – баскетболшы;
  • Сергей Котенко – ватерполшы;
  • Виктор Мазин, ауыр атлет;
  • Владимир Муравьев, жеңіл атлет.

Күміс медаль жеңіп алған спортшылар:

  • Анатолий Быков, грек-рим күресінің шебері;
  • Виктор Демьяненко, боксшы;
  • Серік Қонақбаев, боксшы.

Татьяна Лесовая диск лақтырудан қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар көгалдағы хоккей бойынша КСРО құрамасының мүшелері Миннеула Азизов, Александр Гончаров, Александр Мясников, Михаил Ничепуренко, Фарид Зигангиров, Олег Загороднев қола жүлде иеленді.

501
Кілт сөздер:
Олимпиада жүлдегерлері

Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы

100
(Жаңартылды 18:17 17.07.2020)
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр
Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
© Sputnik /

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

100
Кілт сөздер:
індет, ЕАЭО
Алматыдағы Шәмші Қалдаяқов ескерткіші

"Ұлттың баға жетпес байлығы": Тоқаев желіде жазба жариялады

818
(Жаңартылды 14:34 15.08.2020)
Он бесінші тамызда Қазақстанның халық әртісі, ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына тоқсан жыл толды

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы - ұлттың баға жетпес байлығы, дейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Бүгін еліміздің Әнұраны "Менің Қазақстаным" әнінің авторы, ұлт руханиятына талай сырлы саз бен әсем әуен сыйлаған композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толды. Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы. Оның туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Ол бірден өнер жолына түскен жоқ. Әуелі Қапланбектегі ветеринарлық техникумды бітірсе, кейін Сахалиндегі әскери училищені, елге келген соң Ташкент қаласындағы Хамза Ниязи атындағы музыка училищесін, содан соң Құрманғазы атындағы консерваториясының композиторлар дайындайтын факультетінде оқыған.

Шәмші Қалдаяқовтың көптеген әні Роза Бағланова, Ришад Абдуллин, Бибігүл Төлегенова, Рашид Мұсабаев, Зейнеп Қойшыбаева сынды әншілердің репертуарынан берік орын алды. Халық арасында "Менің Қазақстаным" туындысы айрықша мәшһүр болды. Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. 

Артына музыкалық мол мұра қалдырған Шәмші Қалдаяқов 1992 жылы 62-ге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды.

1991 жылы Шәмші Қалдаяқов жайлы "Жылдарым менің, жырларым менің" атты ғұмырнамалық деректі фильм түсірілді. Осы жылы композитор Қазақстанның халық әртісі атағын алды.

818
Кілт сөздер:
Шәмші Қалдаяқов, Қасым-Жомарт Тоқаев