Инфографика

2020 жылы жәрдемақы қанша болады

Жазылу
2020 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің жаңа мөлшері бекітілді

Осыған байланысты биыл жәрдемақы мөлшері қалай өзгергенін Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз.

2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге, ең төменгі жалақы 42 500 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 2 651 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.

Сонымен, 2020 жылы бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы бірінші, екінші, үшінші балаға 38 АЕК немесе 100 738 теңгеге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 63 АЕК немесе 167 013 теңгеге дейін өсті. Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді. 

Тағы оқыңыз: Министрлік 1 қаңтардан қанша отбасы жаңа жәрдемақы алатынын айтты

Бұдан бөлек, АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты бір жасқа дейін бала күтіміне төленетін жәрдемақы да көбейді.

Сонымен қатар көпбалалы отбасылар мен мүгедек адамдарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы өсіп отыр.

Жаңалықтар
0