2020 жылы жүргізушілер қанша айыппұл төлейді

1028
Жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізгені және ішімдікке тест өтуден бас тартқаны үшін қамауға алынады - заңға еңгізілген өзгерістер биыл күшіне енді
2020 жылы жүргізушілер қанша айыппұл төлейді
© Sputnik /

Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға бірнеше айыппұл түрлері қарастырылған, олардың сомасы бес айлық есептік көрсеткіштен басталады (13 255 теңге).

Sputnik Қазақстан ең көп таралған құқық бұзушылықтар мен олар үшін қарастырылған жаза түрлерін ұсынады.

4 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, таяуда бұл өзгерістер күшіне енді.

Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының бірінші бөлігі бойынша мас күйінде жүргізу үшін жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 күнге әкімшілік қамауға алу көзделген.

Егер де жүргізуші бір жыл ішінде екінші рет мас күйінде көлікке отырса, ол сегіз жылға жүргізуші куәлігінен айырылады және 20 тәулікке қамауға алынады.

Ал ішімдікке тест өтуден бас тартқандар 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Жүргізуші куәлігінен айырылған адам рөлге отырған жағдайда салынатын айыппұл сомасы - 10 АЕК (26 510 тенге) немесе 10 тәулікке қамауға алынады.

Мас күйінде жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу салдарынан абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірсе, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айыра отырып, 6-дан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

1028
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, айыппұл
Тақырып бойынша
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Министрлік ресейлік көлікпен жүрген жүргізушілер не істеу керек екенін айтты
Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр
Полиция қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады
Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

2020-2021 оқу жылындағы демалыс күнтізбесі

8508
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылындағы оқушылар демалысының уақытын белгіледі. Демалыстың күнтізбесін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар
2020/2021 оқу жылындағы оқушылар демалысының күнтізбесі
© Sputnik /

Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл).

1-сынып оқушылары келесі жылдың ақпан айында 7 күн қосымша демалады.

Ал ең ұзақ жазғы демалыс әдеттегідей соңғы қоңыраудан кейін 26 мамырда басталады.

8508
Кілт сөздер:
күнтізбе, оқу жылы, оқушылар демалысы

Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар

667
(Жаңартылды 13:58 21.07.2020)
1980 жылы өткен Олимпиада ойындарында КСРО құрамында өнер көрсеткен қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
© Sputnik /

Алты спортшы алтын медаль иеленді:

  • ЖақсылықҮшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны;
  • Шәміл Серіков – грек-рим күресінің палуаны;
  • Надежда Ольхова – баскетболшы;
  • Сергей Котенко – ватерполшы;
  • Виктор Мазин, ауыр атлет;
  • Владимир Муравьев, жеңіл атлет.

Күміс медаль жеңіп алған спортшылар:

  • Анатолий Быков, грек-рим күресінің шебері;
  • Виктор Демьяненко, боксшы;
  • Серік Қонақбаев, боксшы.

Татьяна Лесовая диск лақтырудан қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар көгалдағы хоккей бойынша КСРО құрамасының мүшелері Миннеула Азизов, Александр Гончаров, Александр Мясников, Михаил Ничепуренко, Фарид Зигангиров, Олег Загороднев қола жүлде иеленді.

667
Кілт сөздер:
Олимпиада жүлдегерлері
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ