Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан туралы деректер

931
Ұлы Отан соғысы кезінде майданға 1 200 000 қазақстандық аттанған болатын. Олардың тең жартысы үйге оралған жоқ. Өткен ғасырдағы сұрапыл соғыстың Қазақстанға қатысты маңызды цифраларын Sputnik Қазақстан инфографикасынан көре аласыздар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
© Sputnik /

Төрт жылға созылған соғыста жарты миллионнан астам қазақстандық қаза тапты. 700 мыңнан астамы еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімшелеріне жазылған болатын.

Ал ҚазКСР әртістері сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеруге атсалысты. Олар армияны аралап, 1 216 концерт өткізді.

Оқи отырыңыз: 21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?

Соғыс жылдары 49 колөнер училищесі мен фабрика-зауытқа оқыту мектептері ашылған. ҚазКСР-дың 27 әскери оқу орындары шамамен 16 мың офицерді даярлап шығарды.

Маңызды деректердің бірі: соғыста атылған 10 оқтың 9-ы ҚазКСР-да құйылды. Бұдан бөлек, төрт жылдың ішінде республикада шамамен 4 миллион артиллериялық снаряд пен 4,7 миллион мина шығарылды.

931
Кілт сөздер:
қызықты деректер, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні
Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
Екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
"Мәлік атым құрысын": Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин туралы не білеміз?

Қазақстанда вокзалдар қалай жұмыс істейді

370
1 маусымнан бастап Қазақстанда теміржол арқылы жолаушыларды тасымалдау қайта іске қосылады. 15 мамырдан билеттерді интернет арқылы және вокзал кассаларынан сатып алу басталды
Пойыз жолаушыларына арналған жаңа ережелер
© Sputnik /

Дей тұрғанмен, жолаушыларды вокзал ғимараты мен пойыздарда жаңа ережелер күтіп тұр. 

Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Қазақстанда теміржол вокзалдары ашылды – видео

"Қымбатқа түсті": елордаға алғашқы карантиндік рейс ұшып келді - видео

 

370

Коронавирусқа қалай тегін тексерілуге болады

839
Қазақстанның екі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус инфекциясына тегін тест тапсыруға болады. Оған кез келген адам өтініш бере алады
Коронавирусқа қалай тегін тексерілуге болады
© Sputnik /

Алайда тестілеуге бәрін бірдей шақырмайды. Медицина мамандары өтініште көрсетілген эпидемиологиялық мәліметтерге қарап, пациенттерді таңдайды.

Экспресс тестілеуге өтінімді беру тәртібімен Sputnik Қазақстанның инфографикасынан таныса аласыз.

Тестілеудің алғашқы кезеңі "қазақстандықтар бұған дейін коронавируспен ауырып шықты" деген болжамды растады. Сынама тапсырған 3 136 адамның 64-і инфекциямен ауырып шыққанын көрсетті.

839
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирус қандай температурада жойылатыны анықталды
Ғалым коронавирустан кейін не болатынын болжады
Нұр-Сұлтанда қай үйлер карантинге алынғаны белгілі болды
Бір науқас коронавирусты 80 адамға жұқтырған – бас санитар дәрігер
Коронавирус сынамасын жүргізу

Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

0
(Жаңартылды 11:34 25.05.2020)
Қазіргі кезде вирус жұқтырған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға тиісті емдеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik.  Жедел штаб өкілдері үш жастағы бүлдіршіннің Covid-19 вирусын тасымалдаушымен тығыз байланыста болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Міндетті тексеру жүргізу нәтижесінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысы анықталды.

"Тағы үш науқас Исатай ауданының тұрғыны. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны. Ал үшіншісі үш жастағы бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланысатын адамдар шеңбері де анықталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамды құрайды. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

0
Кілт сөздер:
инфекция, коронавирус, Атырау
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
"Туыстары түсінгісі келмейді": Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді