Пандемия басталғаннан бергі алғашқы кездесу: Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы

92
(Жаңартылды 18:17 17.07.2020)
Еуразиялық үкіметаралық кеңес 17 шілдеде Минскте жиналады. Көзбе-көз форматтағы саммит COVID-19 пандемиясы басталғалы алғаш рет өткелі отыр
Минсктегі ЕАЭО премьерлерінің отырысы
© Sputnik /

Отырысқа Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Молдова (ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие) премьер-министрлері қатысады деп күтілуде.

Үкімет басшылары сауда, ішкі нарықтың қызметі, бәсекелестік және өнеркәсіп мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар, күн тәртібінде ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар жоспары бар.

Бұдан бөлек, премьерлер мемлекеттердің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыш және геоақпараттық қызметтер ұсыну саласындағы ынтымақтастығы бойынша мемлекетаралық бағдарлама жобасын қарастырады.

Тағы оқыңыз: Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Сондай-ақ, саммитте ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және Одақтың индустриализациясы талқыланады.

ЕЭК баспасөз қызметінің ақпаратынша, Одақ елдері премьерлерінің отырысынан бөлек, Беларусьте, республика басшылығымен жұмыс кездесулері өтеді.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылы құрылды. Бүгінде оған бес ел мүше: Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.

Бақылаушы ретінде одақта Молдова бар. Бұдан бөлек, таяу арада ЕАЭО-дағы бақылаушы мәртебесін Өзбекстан алуы тиіс.

2019 жылдағы жағдай бойынша ЕАЭО әлемде калий тыңайтқыштарының өндірісі бойынша бірінші орын, ал мұнай мен газ өндіру бойынша екінші орын алады.

92
Кілт сөздер:
індет, ЕАЭО

Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар

418
(Жаңартылды 13:58 21.07.2020)
1980 жылы өткен Олимпиада ойындарында КСРО құрамында өнер көрсеткен қазақстандықтар қанша медаль жеңіп алғанын Sputnik Қазақстан инфографикасынан біле аласыздар
Олимпиада-1980: медаль иеленген қазақстандықтар
© Sputnik /

Алты спортшы алтын медаль иеленді:

  • ЖақсылықҮшкемпіров – грек-рим күресінің палуаны;
  • Шәміл Серіков – грек-рим күресінің палуаны;
  • Надежда Ольхова – баскетболшы;
  • Сергей Котенко – ватерполшы;
  • Виктор Мазин, ауыр атлет;
  • Владимир Муравьев, жеңіл атлет.

Күміс медаль жеңіп алған спортшылар:

  • Анатолий Быков, грек-рим күресінің шебері;
  • Виктор Демьяненко, боксшы;
  • Серік Қонақбаев, боксшы.

Татьяна Лесовая диск лақтырудан қола медаль иегері атанды.

Сонымен қатар көгалдағы хоккей бойынша КСРО құрамасының мүшелері Миннеула Азизов, Александр Гончаров, Александр Мясников, Михаил Ничепуренко, Фарид Зигангиров, Олег Загороднев қола жүлде иеленді.

418
Кілт сөздер:
Олимпиада жүлдегерлері

Мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады

513
(Жаңартылды 11:37 18.06.2020)
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынғанмен, елде карантин аяқталған жоқ. Халықаралық әуе, теміржол және автокөлік қатынасы ашылмады
Қазақстанда карантин: мемлекеттік шекараны кімдер кесіп өте алады
© Sputnik /

Десе де, шектеулердің біртіндеп алынуына қарай мемлекеттік шекараны кесіп өтушілер тізімі де кеңейіп жатыр.

Маусым айының басында шетелде білім алатын қазақстандық студенттерге елден шығуға рұқсат етілді. Ол үшін шетелдік оқу орнының растау құжаттары қажет.

Сонымен қатар, шетелдіктер Қазақстандағы мамандандырылған медицина мекемелерінде емделу үшін елге кіре алады. Олар өзімен бірге медициналық мекеменің растау құжатын алып жүруі тиіс.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға шетелден келушілер үшін ереже өзгерді

Бұдан бөлек, ведомствоаралық комиссия бекіткен тізімге сәйкес, білікті қызметкерлер мен мамандарға баратын еліне ресми рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік органдардың қолдаухатымен Қазақстаннан шығуға рұқсат етілді.  

Қазақстан аумағына кіретін шетелдіктерден коронавирус табылмағаны туралы анықтама талап етілмейді. Бұған дейін COVID-19 індетіне қарсы ПЦР-тестен өту міндетті болған.

Сондай-ақ, Қазақстанның азаматтық авиация комитеті 20 маусымнан бастап бірнеше елге кезең-кезеңмен әуе рейстері ашылатынын мәлімдеді. Олар: Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапония.

Карантин жағдайында мемлекеттік шекараны кесіп өте алатындардың толық тізімімен Sputnik Қазақстан инфографикасынан таныса аласыздар.

513
Кілт сөздер:
карантин, шекара
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Алакөлге пойыз қай кезде қатынай бастайды
1 маусымнан бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді
Қазақстанда пойыздар қатынай бастады - видео
Ресей кейбір азаматтар үшін шекараны ашады
Қазақстан мемлекеттік шекараны дронмен күзетуі мүмкін
Қазақстанда қалааралық автобустар жүре бастады
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

0
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

0
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды