Қыз жылап отыр

Психоаналитик: Қазақстанда педофилдер қалаға қарағанда, ауылда көп

1682
(Жаңартылды 12:48 13.09.2018)
"Педофилдердің санын азайтуға химиялық кастрация көмектеспейді. Шетел тәжірибесін ескеріп, біз де оларды терапиядан өтуге міндеттеуіміз қажет", дейді маман.

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Педофилия дүниежүзілік аурулар классификациясына сексуалдық қалаудың бірі ретінде енген. Көп жағдайда "педофилия" сөзі балалардың тәніне құштарлық, қызығушылық ретінде сипатталады. Соңғы жылдары Қазақстанда педофилдердің құрбаны болған балалар оқиғалары көптеп тіркелді. Десе де, психоаналитик және психолог мамандар педофилдердің құрбаны болған пациенттердің бұрыннан барын айтады. Яғни олар өздерінің құрбан болғандарын ата-аналарына айтпаған және тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінбеген. Осы орайда, Sputnik Қазақстан тілшісі қазақстандық психоаналитик, группаналитик Светлана Мергенбейқызымен осы тақырып төңірегінде әңгімелесті.

— Педофилия дегеніміз не және бұл ауруға шалдығудың себебі қандай?

— Педофилия дегеніміз  психикалық ауру. Ол адамның жас баланың денесіне қызығушылығы салдарынан туындайды. Әдетте жас баланың тәнін көрген кезде сексуалдық қызығушылығы оянады. Кейбіреулері осы қызығушылығын игереді. Ал екіншілері керісінше игере алмай, жас баламен тікелей жыныстық қарым-қатынасқа түседі. Осыны ескере отырып педофилияны психикалық ауытқу деп айта аламыз. Енді себебіне келейін. Педофилдер іштей өздерін жас баладай сезінеді. Ал психологиялық жасы кіші баланың үлкендермен қарым-қатынасқа түсе алмайтыны анық. Яғни тұрмыста өзімен жасты немесе үлкен адаммен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартады. Осының салдарында психологиялық жасына сай келетін адам іздей бастайды. Ал неліктен психологиялық жасының артта қалып қойғанын терапия кезінде анализ жасай отырып білуге болады.

Бірінші кезекте бұл нәрсеге адамның бір кездері психологиялық травма алғандығы себеп екені түсінікті. Сондай-ақ, мектепте қыз-жігіттер бір-бірін төсек қатынасына көндіре алмағанда, зорлық-зомбылық көрсететін кездер болады. Осының барлығы адамның жан дүниесінде жара болып қалып қояды. Бұдан кейін 3-5 жас аралығында әр адам бастан кешіретін Эдипов комплексі бар. Осы сәтте фиксация басталады. Жас балада анасымен ойнап отырып сексуалдық қозу басталуы мүмкін. Анасы мұны білмей жанында ауыр жарақат қалдыруы мүмкін.

Балаларға гаджеттің қандай пайдасы бар?

— Кей психолог маман ата-анасымен бірге ұйықтаған балалардың өскенде педофил болуы мүмкін екенін айтады. Бұл қаншалықты рас және мұның өзге де салдары бар ма?

— Ата-анасымен бірге ұйықтаған балалар педофил болып кетеді деп айта алмас едім. Мұндай балалар керісінше кейін өскенде өзінен жасы үлкен ер адамды немесе әйелді болашақ жары етіп таңдайды. Бірақ, кейде осы жерде педофилияның жасырын түрі бар деп айтуға болады. Анализ барысында пациенттің анасы мен әкесін зерттеп қарайтын болсақ, көп нәрсе білуге болады. Жоғарыда 3-5 жас аралығының психосексуалдық даму кезеңі екенін айтып өттім. Яғни бүлдіршін осы жас аралығында жынысы бойынша өзінің кім екенін анықтауға тырысады. Ұлмын ба, қызбын ба дегендей.

Қыз бала әкесімен бірге жатқанда денелері өзара тиген кезде ерекше ләззат алады. Ал неге олай екенін кішкентай бала түсінбейді. Себебі, сексуалдық қозуға қатысты ода түсінік жоқ. Бірақ, денесі мұны сезінетіні анық. Ал енді ойлап көріңіздер, әкесі қызын құшақтап жатқанда ол қандай әсерде болады? Әрине, ол да сексуалдық қозуды сезінеді. Себебі, денесі жас баланың денесіне тиіп жатыр. Бірақ, осы айтқандарымның барлығын бір арнаға ығыстырып, әкесімен қызының құшақтасуы дұрыс емес деп айтуға болмайды. Көп жағдайда ата-ана сәбиін құшағына басу арқылы өзінің дәл солай сәби болған кезін есіне түсіреді. Денесі арқылы мейірімділікті, махаббатты сезінеді. Кейде күйеуінен немесе әйелінен ала алмаған махаббаттың орнын осылай толтырып отырады.

Виктор Макаров, психотерапевт
© Photo : из личного архива Виктора Макарова

— Педофилдер көбінесе балалар көп жүретін жерде жұмыс істеуге тырысатынын білеміз. Олардың мінез-құлықтарында қандай да бір ортақ белгілері бар ма?

— Педофилдердің психологиялық портретін жасау қиындау. Себебі, олар көпшілік ортада өздерін барынша қарапайым етіп көрсетіп, назар аудартпауға тырысады. Олар, расымен де, жас балалар көп жүретін мектеп, балабақша секілді мекемелерге орналасуға тырысады. Десе де, оларды балалармен қарым-қатынастағы әрекеттеріне қарап тануға болады. Әдетте олар балалардың қолынан ұстап, денесін сипалап, көзіне көп қарауға тырысады. Құры шешіндіріп алып қарап отыратындар да болады. Кейде балаларды сабақтан кейін қалдырып алып қосымша сабақ өткізуге тырысады. Баламен оңаша отырып сөйлескенді ұнатады.

Баламен оңашада отырса да, нақты іс-әрекетке көшпейтін педофилдер болады. Оларға балалардың ортасында жүрген де жеткілікті. Өздерінің сезімін толықтай игеріп, бала денесін көзбен көріп-ақ қанағаттанады. Игере алмай жатқан жағдайда балалар порнографиясына жүгінетіндер де болады. Осыдан ләззат алмаған жағдайда ғана баланы тікелей зорлауға көшеді. Мұндай жағдайлар қалаға қарағанда ауылда көбірек кездеседі. Себебі, қала мәдениеті де, менталитеті де басқа. Бұл ауылды қаладан төмен көру деген сөз емес. Бар болғаны ауылды жерлерде балалар көбінесе қараусыз қалады. Маған клиенттер "Кезінде ағамыз немесе жездеміз зорлады. Оны ешкімге айта алмадым. Маған жасы үлкендер сенбейтін еді" деп айтып келеді. Оның үстіне ауылды жерлерде бір бөлмеде көп адам ұйықтайды. Мұндайда кімнің не істеп жатқанын бақылау қиын. Осы тұста ата-аналарға балаларын жасы үлкен адамдармен қалдырмауға кеңес беретін едім. Өйткені, әр адамның бойы мен ойында не бар екенін ешкім білмейді.

Педофилдердің сыртқы белгілері қандай?

— Кез келген педофил емделеді деп айта аламыз ба?

— Иә, әрине. Қазір химиялық кастрация жасаймыз немесе мүшесін кесіп тастаймыз деп шулап жатыр. Бірақ осы нәрсе педофилдің жан дүниесін, ішкі ойын өзгерте алмайды. Сондықтан мүшесі болмағанның өзінде ол адам басқаларға зиянын тигізбейді деп айта алмаймын. Ең дұрысы — олардың ойын терапия арқылы өзгерту. Әр жағдай ерекше. Мысалы, орта жастағы ер азаматты алайық. Жанына 30 жылда түскен жара үш айда емделе қоймайтыны анық. Оның үстіне терапияға күштеп жатқызылған адамның ойын өзгерту оңай емес. Себебі, ол бойында ауру бар екенін өзі мойындап тұрған жоқ. Әдетте емнің қажет екенін бірден түсінген адамдар тез сауығып шығады.

  

— Көптеген елде сот педофилдердің психологиялық ауытқулары бар екенін ескере бермейді. Ұзақ мерзімге соттап, ешқандай да психологиялық көмек көрсетілмейді. Осы нәрсе қаншалықты дұрыс?

— Кей адам өз қателігін түсініп, түрмеден кейін өзгеріп шығады. Екінші рет, расымен де, жасы кішілерге жоламауға тырысады. Сол себепті, бәріне бірдей күйе жақпаған дұрыс. Бірақ, арасында осы жолға түсіп, кейін кісі өлтірушіге айналатындар да бар. Менің ойымша, осы тұста шетелдегі тәжірибені қолдануымыз керек. Шетелде педофилдерді соттайды және оларға 50 немесе 100 сағат көлемінде терапядан өтуді міндеттейді. Бізде де сот осылай шешім шығарса, нәтиже болатын еді деп ойлаймын.

— Педофилдің құрбаны болған балаға алғашқы көмекті қалай көрсетеміз?

— Бірінші кезекте ол балаға жанашырлық танытып, оның жағдайын түсіне түсуіміз керек. Биыл Абайда болған жағдайды алайық. Жақындары ойбайға салып бүкіл Қазақстанға болған жағдайды жария етті. Сол сәтте баланың жан дүниесінде не болып жатқанына ешкім назар аударған жоқ. Әрине, туыстарының әділеттілік іздеу жолында осындай қадамға барғандарын білемін. Бірақ, баланың жағдайын, болашағын жадымыздан шығармайық. Педофилдің құрбаны болу деген сөз — үлкен психологиялық жарақат алумен бірдей. Бұдан өзге бала физиологиялық тұрғыда жарақат алып отыр.

Үшіншіден, ата-анасы баласының ертеңін ойламай бүкіл Қазақстанға жария етіп отыр. Көмектескіміз келсе, оларды оңаша жерге алып барып, айтқандарына толықтай сенетінімізді айтуымыз қажет. Шок алған баланы қалыпты жағдайға келтіріп алғанымыз жөн. Әдетте ата-аналар 5-6 жастағы бала зорлықтың құрбаны болса сенеді. Бірақ, 10-13 жасар балалар айтса, өздерін ұрысып, кінәлай бастайды. "Сен өзің кінәлісің. Мұның барлығы өтірік. Сен өзің бастадың" деген ата-анаға кім сырын айтқысы келеді?! Осының салдарынан бала бар сырын ішке бұғып, кейін өзіне қол салады. Ер азаматтарды қатты жек көріп, еркекшора болып кететіндері де бар. 

Күлкі терапиясы туралы не білеміз?

— Педофилия арқылы адам өзінің гомосексуалист екенін жасыратын кездер бола ма? Ер азаматтардың ұл балаларды зорлауы мәселесіне келсек.

— Бұл сұраққа екі жауабым бар. Біріншісі — педофилдердің бәрі гомосексуалист емес. Олар бар болғаны жас баланың тәнін көргенде елітіп, сексуалдық құштарлықтарын игере алмай кететін жандар. Ал екіншілері, расымен де, гомосексуалист. Мысалы, 16-17 жастағы жасөспірім жігіттерді алайық. Олар өздерінен бірнеше жас кіші ұлдарды зорлайды. Осындайда жас тәнге құштарлықтан бұрын гомосексуализм жатуы мүмкін. Өздері қыз балаға жақындағылары келмейді және бұл құпиялары туралы қатарластары білмесе екен дейді. Пациенттің тарихын зерттейтін болсақ, бір кездері зорлық көрген адамдар өзгелерге сексуалдық қысым көрсетуге бейім келеді. Әрбір қазақ отбасы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлсе екен деймін.

1682
Кілт сөздер:
психоаналитик, психоанализ, денсаулық, психология, педофил, Қазақстан
Тақырып бойынша
Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Ол ештеңе айта алмай, жылай берді – педофил шабуылдаған баланың әжесі
Павлодарда тағы бір педофил сотталды
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі
Қостанай облысында педофил 11 жылға сотталды
Ермек Тұрсынов

"Бұлардың істеп жүргені - мазақ": Ермек Тұрсынов ашық сұхбат берді

2637
(Жаңартылды 23:20 07.08.2020)
Кинорежиссер бір жылдан бері қандай ұсынысы әлі де жүзеге асырылмағанын, кімнің фильмдері көңілінен шықпайтынын айтты

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер, сценарист, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ермек Тұрсынов ұлттық кеңестегі ұсынысынан кейін мәдениет министрімен қандай қарым-қатынаста екенін, сондай-ақ, қазіргі кино жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Ұлттық кеңестегі ұсыныс

"Ұлттық қоғамдық кеңес құрылған кезде көбіне саясатқа байланысты мәселелер көтерілген болатын. Біраз нәтижелі жұмыс жүргізілді. Әсіресе, митингіге байланысты сұрақтардың жауабы шешілді. Бірнеше салмақты, маңызды шешім қабылданды деп айтуға болады. Ал мен мәдениетке байланысты мәселені көтердім", - дейді Тұрсынов.

Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
"Министрмен келіспей қалдық"

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2019 жылы өткен отырысында Ермек Тұрсынов мәдениет және спорт министрлігін бөлуді ұсынды. Тұрсыновтың айтуынша, содан кейін мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова режиссерға қоңырау шалған.

"Ол кісіге менің ұсынысым ұнаған жоқ. Мәдениет пен спортты бөлуді ұнатпады. Сөзге келіп қалдық деп айтуға келмес, бірақ пікіріміз екі түрлі болды. Келіспей қалдық. Ал көпшілік менің айтқанымды өте жақсы қабылдады. Қазірге дейін сол отырыста айтқан сөзімді желіде жариялап отырады", - дейді режиссер.

Ермек Тұрсынов сол отырыстан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, ұсынысының еш нәтиже бермегенін айтып өтті. Алайда республика аумағын аралаған кезінде адамдар ілтипат танытып, режиссер пікірімен толық келісетінін жеткізетін көрінеді.

"Ұлттық кеңес мүшелері мәдениет пен спортты бөлу туралы ұсынысымды өте жақсы қабылдады. Мен қазір де солай ойлаймын. Бәрі мәдениеттен басталады", - дейді Тұрсынов. Ең өкініштісі – сол ұсыныс тек сөз болып қалды, деп толықтырды ол.

"Кино үйі" төңірегіндегі дау

Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы одақ жұмыс істейтінін, алайда "Кино үйі" төңірегіндегі даудың екі жылдан бері шешімі табылмай жатқанын айтты.

"Кино үйі" мәселесі бір орыннан жылжымай тұр. Екі жылдан бері соттасып жатырмыз. Қара шаңырағымызды өзімізге қайтара алмай жүрміз. Сот жалғасып жатыр, қашан бітетіні тіпті белгісіз. Оны ешкім айта алмайды. Бармаған жерім жоқ. Қазір одақ мүшелері отырып жұмыс істейтін орын жоқ. Кейде "Қазақконцерт" ғимаратында, кейде мейрамханада кездесіп, жиналыс өткіземіз. Кейде "Қазақфильмнің" бірінші қабатындағы аядай бөлмеде жиналамыз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, бұл мәселе кеше туындаған жоқ. Бір кездері одаққа басшылық еткен кісі "Кино үйінің" жартысын сатып жіберген. Одан кейін де басшылыққа келгендер қалған жарты бөлігін жалға беріп қойған. Содан бері сот процесі жүріп жатыр.

"Қазақфильм" басшылығы туралы

Ермек Тұрсыновтан бір салада жүрген әріптесі Ақан Сатаевтың "Қазақфильмге" басшы болып тағайындалғанына қатысты пікірін де сұрадық. Алайда режиссер бұл шешімнің артында жаман оқиға тұрғанын, алайда дәл қазір ашып айта алмайтынын жеткізді.

"Мұны дәл қазір ашып айта алмаймын. Себебі бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Қай жаққа шығаратынын айта алмаймын. Бірнеше аптада бұл мәселе шешіледі. Сатаевтың алдында "Қазақфильмді" Арман Әсенов басқарды. Оны бұл қызметте тоғыз ай қызмет істегеннен кейін орнынан алып тастау, меніңше, қате. Не болатынын көреміз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, "Қазақфильмді" экономикадан хабары бар маман басқаруы керек.

"Қазақта "қисық аяққа қызыл кебіс не керек?" деген сөз бар. Режиссер – өнердің адамы, ал бұл қызметке есептің адамы, экономиканы білетін адам керек", - деді Ермек Тұрсынов.

"Істеп жүргені - мазақ"

"Тақиялы Періште", кешегі "Қыз Жібек" фильмдері ақша үшін жасалған жоқ. Бұл киноның авторлары ең алдымен елдің көңілін, елдің санасын ойлады. Ақша жағына келер болсақ, ол кейінгі заманның "модасына" айналып кеткен ұғым. Иә, ақшаға да мән беру керек, бірақ ақшадан басқа ешқандай мақсат болмаса, ол шедевр болмайды", - дейді Тұрсынов.

Премьера фильма Томирис
© Sputnik / Владислав Воднев
"Томирис" фильмінің премьерасы

"Ал арзанқол фильмнің миллиондап табыс табуы – көрерменнің надандығын көрсетеді, - деп жалғастырды Тұрсынов. - Қоянбаевтың түсіргенін кино деп айтуға болмайды, осыны адамдарға айтып түсіндіру керек. Баян Алакөзова да кітап жазды, бірақ ол әдебиет емес. Нұртас Адамбаев, Нұрлан Қоянбаев, Қайрат Нұртас пен Төреғалидің түсіріп жатқаны кино емес. Кино деп "Тақиялы періште", "Атамекен", "Қыз Жібекті" атауға болады. Ал бұлардың істеп жүргені – мазақ".

Сонымен қатар Тұрсынов "Томиристі" кино деп санамайтынын, бірақ оған әртістік құрамның еш кінәсі жоқ екенін айтты.

"Томирис" – кино емес. Бұған басқа алып-қосарым жоқ. Әртістердің еш жазығы жоқ, қойылған тапсырманы орындауға тырысты. Негізгі жауап беретін – режиссер", - деп түйіндеді сөзін Тұрсынов.

Режиссер Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
Ермек Тұрсынов режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты

Ермек Тұрсынов 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты. Сонымен қатар Тұрсынов бірқатар фильмге сценарий жазған.

2637
Кілт сөздер:
Ермек Тұрсынов, режиссер
Тақырып бойынша
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады
Режиссер Ақан Сатаев басшылық қызметке тағайындалды
Белгілі режиссер Ақан Сатаев тұңғышын ұзатты – фото 
Айдар Тұрғамбек

Айдар Тұрғамбек жағымды жаңалығын бөлісті

4609
(Жаңартылды 15:20 30.07.2020)
Әнші халыққа сапалы ән тыңдауға мүмкіндік беретін жаңалығымен бөлісті. Мұның арқасында өнер адамының да еңбегі бағаланады, дейді ол

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik, Айгерім Таубай. "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек қазақ әндері жүктелетін сайт туралы қуанышты хабарым Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті. Карантин кезінде әншінің өзі де екі ән жазған.

"Карантин уақытында шығармашылықпен айналыстым. Енді бірнеше күннен кейін сайт та іске қосылады. 2002-2003 жылдары қазақ эстрадасында әндер кассета күйінде сатылатын, яғни өнер, шығармашылық бағаланатын. Қазір интернет арқылы әнді жазып алу тегін болып кетті", - дейді әнші.

Айтуынша, мұндай сайт ашуды ұзақ уақыттан бері ойланып жүрген. Себебі кей ән өзіне жұмсалған ақшаны ақтамайды.

"Той мен концерт өткізуге қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Сол себепті біздің өнім сайт арқылы сатылуы керек. Соған сәйкес, қазақ эстрадасында сапалы әндер шығатын болады. Тойдың әндері, сапасыз әндер болмайды. Халық та сапалы ән тыңдайды, өнер адамының да еңбегі бағаланады", - дейді Тұрғамбек.

Әнші сұхбат барысында жас өнерпаздардың эстрадаға қандай мақсатпен келетіні жайлы айтып берді. Айтуынша, жас әншілердің үлкен қателігі – бір ән жазып танымал болуды ойлау.

"Қазір көп адам тойдың әнін жазып, тойға шығып қаржы табамын деп өнерге келеді. Ондай адамдар ұзаққа бармайды. Өнерге ақша үшін келуге болмайды. Біз өнерді университетте оқыдық, магистратураны да бітірдік. "Жігіттер" тобы құрылған кезде қаншама қиындық болды, түрлі байқауға қатыстық. Жетістікке жету үшін тер төгілді. Біз басында ақшаны ойлаған жоқпыз, ән айтқымыз келді", - деп еске алды әнші.

Айдар Тұрғамбек
© Photo : Айдар Тұрғамбектің жеке архивінен алынды
"Тойдың әндері, сапасыз әндер болмайды"

Ол өнер адамы халыққа қандай пайдалы ән сыйлаймын деп келу керек дейді. Алайда біздің қоғамда тойсыз да болмайтынын атап өтті. Тойда айтылатын ән де қажет, бірақ мақсат той болып кетпегені жақсы. Өнерге хобби ретінде қарау керек, негізгі табыс басқа жерден түсіп отырғаны жөн, дейді ол.

Әр адамның жеке қоры болуы керек

"Концерт пен тойдың ертерек басталғанын қалаймыз. Халықпен жүздескіміз келеді, концертке барып, өнер көрсеткіміз келеді. Алайда концерт пен тойдан бөлек қаржы түсіп тұратын жұмыстарым бар", - дейді әнші.

Ол әр отбасының табысы мен шығыны әртүрлі екенін де айтты. Кез келген жағдайға дайын болып, бір-екі жылға жететіндей қаржы қоры болғаны дұрыс, дейді ол.

"Карантин кезінде табысым әдеттегіден айтарлықтай азайды, бірақ білімге инвестиция құйып, қаржылық сауаттылық жағынан дамыдым. Қандай кәсіппен айналысу керек екені жайында көп оқыдым. Карантиннің арқасында отбасымның жанында көбірек уақыт өткізіп, балалардың қалай өсіп жатқанын көріп жатырмын", - дейді Тұрғамбек.

Әншінің арманы

Сұхбат барысында әнші той жасау мәселесі мен бағасына да тоқталды. Әнші өзін тойға шығатын танымал әншілердің ішінде ең арзан бағаны айтатын өнерпаз деп есептейді.

"Халық қай әншіні ұнатса, сол адамды тойына шақырады. Ұнамаса, қинап ешкім шақырта алмайды. Менің қойған бағам қымбат емес. Тойға шығып жүрген танымал әншілердің ішіндегі ең арзан баға десе де болады. Өйткені "Жігіттер" тобымен де тойға шығамын, жеке де өнер көрсетемін. Жеке шығатын бағам халыққа қолжетімді. Ол карантиннен бұрын да солай болды, карантиннен кейін де солай болып қала береді", – дейді Айдар Тұрғамбек.

Ал тойды әркім өз шама-шарқына қарап жасау қажет деген әнші өзінің де қыздарын ұзатып, той жасағысы келетінін жасырмады.

"Тойды шамасы келетін адам жасауы керек. Барлық ата-ана баласын үйлендіріп, қызын ұзатқысы келеді. Мен де қызымды қолымнан ұзатқым келеді. Сондықтан басқа адамға балаңды үйлендіргенде той жасауға болмайды деп қалай айтасың?", - дейді әнші.

Қазір бәсекелестік кезеңі, біреудің тойы үлкен мейрамханада өтті, менікі де солай өту керек деп ойлайды. Кредит алып, қарызға той жасаудың қажеті жоқ. Шамасы келетін деңгейде өткізу дұрыс деп санаймын, деп толықтырды Тұрғамбек.

4609
Кілт сөздер:
ән, той, әнші
Архивтегі фото

"Жалаңаш кісіні көрдім": Сәтбаевтағы сойқанға қатысты тың дерек шықты   

484
(Жаңартылды 12:30 08.08.2020)
62 жастағы күдіктінің әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар болып шықты. Қылмыс жасалатын күні әйелі саяжайға кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Сәтбаевтағы тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін ұсталған адамдар саны 19-ға жетті.  

Тергеу амалдарында бұл сан еселеп өсуі мүмкін. Өйткені 24  шілдеге қараған түні қалада ойран салғандардың саны мыңға жуық. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған, деп хабарлады КТК.

Айта кетейік, қақтығысқа қалада жоғалған 5 жастағы қыздың ересек көршісінен қорлық көруі себеп болды. Ашынған топ полициядан күдіктіні беруді талап етіп, істің соңы насырға шапқан болатын.

Сәтбаевтағы бүгінгі тіршілік қалыпты. Астан-кестеңі шыққан подъезд де тыныш. Тек сол күнгі оқиғаны тұрғындар көпке дейін ұмыта алмайды. 

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды 

Жоғалған бүлдіршінді табуда бейнекамераның көмегі зор болған. Өйткені бейнетаспада қыздың подъезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ. Сондықтан полиция мен еріктілер подъездегі барлық пәтерді тінти бастаған. Күдік тудырғаны – есігін ашпаған бірінші қабаттағы пәтер.

"Адамдар терезеден іште біреу бар екенін байқап қалды. Полиция қызметкерлері есікті сындырып, ішке кірді. Денесін жалаңаштаған кісіні ұстап жатқанын өз көзіммен көріп, камераға түсіріп тұрдым. Сосын ашынған халық терезені шағып, торын жұлып алды. Ішке жастар кіре бастады", - дейді Сәтбаев қаласының тұрғыны Ботагөз Бұшманова.

Қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда ойран басталған. Ашу-ызыға ерік бергендер пәтерге баса көктеп кірген. Үй алдында азғантай полицейлердің ырқына көнбеген қарақұрым жұрт есік алдындағы мүлікті де талқандауға кірісіпті. Істің насырға шапқанын көрген полицейлер күдіктіге полиция киімін киіндіріп үйден алып кеткен.

"Оны үйден алып шығу қиын болғаннан кейін киімін ауыстырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Содан жиналғандар полиция бөліміне келді. Бақылау пунктін сындырып, тас лақтырып, біраз шығын келтірді", - дейді Сәтбаев қалалық ПБ бастығы Жандос Қарабеков.

Полиция бөлімінің алдында бірнеше қызметтік көлік талқандалып, бір жеңіл көлік пен автобус өртенді. Ғимарат та зақымдалған. Жалпы келген шығын көлемі 60 миллион теңге.

Оқиғадан екі апта өткенде ғана басты күдіктінің пәтерін жақындары жинастырып жүр. Сұхбаттан ат-тонын ала қашты. Белгілісі, 62 жастағы тұрғынның әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар екен. Сол күні оның әйелі саяжайға кетіп, күдікті үйде жалғыз қалған.

Тергеу мәліметінше оған адам ұрлау және зорлау баптары бойынша айып тағылған.  

484
Кілт сөздер:
полиция, қақтығыс
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Тәртіпсіздіктен кейін Сәтбаев қаласында қазір не болып жатыр – видео
Сәтбаевтағы толқу: бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жасады
Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды – видео