"Мен ұлтшылмын": Қабдеш Жұмаділов неге таяқ жегені және кімдерді жек көретіні жайлы

6085
(Жаңартылды 18:48 18.02.2020)
Қабдеш Жұмаділов - Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың және "Парасат", "Тәуелсіз" орденінің иегері. Ол 1962 жылы Бақты шекарасын бұзып өтіп, 200 мыңға жуық халықты бастап, Қытайдан Қазақстанға көшіріп әкелген

Бұл туралы жазушы өзінің "Соңғы көш" романында жазады. Бір кездері қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтен тәлім алған 83 жастағы ақсақалдың әлі айтары мол. Халық жазушысы Sputnik Қазақстанның "Әңгімең жарасса" жобасына сұхбат берді.

Қабдеш Жұмаділов соңғы кездері елде болып жатқан саяси өзгерістерге қатысты ойын бүкпесіз айтты. "Осылай болу керек еді" деген жазушы астананың жаңа атауына қатысты пікірін білдірді.

"Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертіп жібердік. Ол бұрыннан дайындалған нәрсе. Астана деген қаланың аты болмайды. "Баланың атын бала деп қойған" секілді деп кезінде жазған едім. Астана атаусыз тұрды. Ол бұл өзгерісті 20 жыл күтті.

Енді Нұрсұлтан Назарбаев Астананы салуға ерекше күш салды. Ол халықтың маңдай тері, ол бүкіл республиканың іш майын сорды. 20 жылдың ішінде анандай зәулім үйлер, әдемі сарайлар ғайыптан пайда болған жоқ", - дейдің жазушы.

Соңғы кездері Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері көптеп өзінің тарихи Отанына қоныс аударып жатқаны мәлім. Кейбір саясаткерлер өзге ұлт өкілдерінің Қазақстаннан кетуі ішкі саяси тепе-теңдікті бұзады деп жүр. Осыған қатысты халық жазушысының ойын білдік:

"Қазақ орыс және өзге халықтардан көп нәрсе үйренді. Қазақ қонақжай халық болған соң 60-70 жыл олармен тату-тәтті тұрдық. Иә, кейін Қырым татарлары Татарстанға  кетті, шешендер Шешенстанға қоныс аударды. 1 миллионнан аса украиндар бар еді. Оның көбі қайтып кетті. Үштен бірі қалған шығар. Орыстар да солай. Қазір барлығы өзінің тарихи отанына оралып жатыр. Егер барлық ұлттар Қазақстаннан көшіп кетсе, қазақ аштан қырылып қалмайды. Қазақтың сол халықтардан, дүние жүзінен үйренген өз өнері өзіне жетеді".

Жазушыға бір кездері Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген "Тағдыр" романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. Бұдан кейін, Жұмаділов Шыңжаңда тұрған кездері жайлы "Таңғажайып дүние" шығармасын жазды. Бұл туындыларда қазақ тарихы суреттеледі. Әңгіме барысында қазіргі көші-қон мәселесі де сөз болды.

Тағы оқыңыз: Дулат Исабеков Сейдімбекке жазған хаты мен анасының жұмбақ өлімі жайлы

"Қазақстан билігіне көңілім толмайтын жерлері бар. Сол жап-жақсы басталған көш кейін сиырқұймышақтанып кетті. Шыңжайда 1,5 миллион қазақ тұрады. Жерді даулаған жоқпыз, негізі жер де біздікі еді. Бірақ екі елдің келісімі бойынша ол шешілді. Жерді бергенімізбен сондағы қазақ халқы бізге қарап отыр. Олар Қазақстанға келгісі келеді. Мен онда бірнеше мәрте барғанмын. Қытайдың саясаты құбылмалы, не социализм емес, не капиталим емес. Сондай жағдайды бастан кешіруде", - дейді қаламгер.

Сонымен қатар жазушы сөз арасында өзінің ұлтшыл екенін қадап айтты. Оның пікірінше, елімізде ұлтшыл сөзіне үрки қарайтындар көп екен. Сөз арасында өзекті мәселелерге қатысты ойын жасырмай айтамын деп талай марапаттаулардан қағылғанын да жасырмады.

"Үкімет өнер адамдарына стипендия тағайындап тұрады. Оны жылына бір-ақ рет береді. Егер тәртібің жақсы болса, аузыңа ие болып жүрсең. Бірақ мені кейінірек стипендиядан қақты. Өйткені, турасын айтқаным үкіметке ұнамай қалды. Турасын айтқанда, менің билікке түк қастығым жоқ, мысықтілеумен айтпаймын. Мен мына кемшіліктер жойылса екен деп айтамын. Соны біреулер ұнатпайды".

Қабеш Жұмаділов билік пен мансаптан дәмесі бар үзеңгілестерін сынап тастады. Десек те, жазушы бүкіл зиялы қауымға күйе жақпайтынын айтады. Ол бүгінде екіге бөлінген зиялы қауымның басы біріксе екен деп тілейді. Өзін әлеуметтік жазушылар қатарына қосатын жазушы қоғамның рухани баюына үлес қосып отырған  Қазақстан Жазушылар одағына бір  ұйым ретінде қарамай, беделін көтеру жайлы ой қозғады. Он шақты романның авторы қазіргі қазақ киносының дамуына оң бағасын берді.

"Қазақ фильмдері біраз жыл тоқырауға ұшырады. Кейінгі кездері талпыныс бар. Кем-кетігі жоқ емес, әрине бар. "Көшпенділерді" Ілияс Есенберлиннің романы желісі бойынша түсіреді. Оның есімін титрға бадырайтып жазып қою керек. Бүкіл фактіні содан алдық қой. "Көшпенділерде" шатыстыру бар. Олар тағы да Әбілқайырды көтермелейді. Негізі Әбілқайырға өз бағасын беруіміз керек қой. Мен "Дарабоз" деген шығарманы сол үшін жаздым. Тарихи фильмдерде кімнің қайда жүргені анық айтылмайды. Әркім көрпесін өзіне қарай тарта ма?".

Сонымен қатар жазушы өзінің эстрада әншілеріне қатысты ойын ортаға салды:

"Біз ойын-сауықтың елі сияқтымыз. Әсіресе, әзілге бір тәулікте 10 сағат уақыт берілген. "Өл-тіріл, бірақ мына халықты күлдір" дейтін секілді. Күлдіру де оңай емес, оған талант керек. Күлдіре алмаған соң қарқылдап өздері күледі. Мақсат - халықты ойландыруға жібермеу, күлдіру. Сосын қазір 1000 әнші бар. Олар Естайдың, Ақанның әндерін айтпайды. Оған шамасы келмейді. Олардың айтып жүргені ән емес, ырғақ. Біз соны шатастырмауымыз керек. Қазақ әні ондай болмайды".

Қазақ эстрадасында жүрген Мәдина Сәдуақасова жазушының жиен келіні болады. Оның өнеріне қандай баға бересіз деген сұраққа ол: "Оның дауысы бар, жарап тұр. Онымен мәтін жөнінде әңгімелесіп тұрамыз", - деді.

Тағы оқыңыз: Амалбек Тышанов жалғыз ұлынан айырылған сәттегі жан күйзелісін айтты

Бұдан бөлек,  Қабдеш ата әйелдің кейпіне еніп ойнайтын әзілкештердің ісіне күйінді.

"Мен әйелдерше киініп алып, сахнада жүретін әртістерді жек көремін. Өйткені, әйелдің рөлін әйел ойнауы керек. Кейде көзім түседі, Күлпәш дей ме, сондай біреу бар. Басына орамал салып алып жүретін. Ол өнер емес - мал табудың амалы", - дейді жазушы.

Сөзінің соңында жазушы ұл-қыздары жайлы, олардың баянсыз некелері турасында айтып қалды.

Қабдеш Жұмаділовпен сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.

Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға болмайды!

6085
Кілт сөздер:
видео, сұхбат, Қабдеш Жұмаділов
Тақырып бойынша
"Жұрт олардан жалықты" Асхат Садырбай экраннан түспейтін әншілер туралы айтты
"Қуыршақ болып отырасың": Есен Елеукен қазақтың тойын неге ұнатпайтынын ашық айтты
Балғынбек Имашев: "Жүрсіннің жүйрігі" болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
Ермек Тұрсынов

"Бұлардың істеп жүргені - мазақ": Ермек Тұрсынов ашық сұхбат берді

3561
(Жаңартылды 23:20 07.08.2020)
Кинорежиссер бір жылдан бері қандай ұсынысы әлі де жүзеге асырылмағанын, кімнің фильмдері көңілінен шықпайтынын айтты

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер, сценарист, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ермек Тұрсынов ұлттық кеңестегі ұсынысынан кейін мәдениет министрімен қандай қарым-қатынаста екенін, сондай-ақ, қазіргі кино жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Ұлттық кеңестегі ұсыныс

"Ұлттық қоғамдық кеңес құрылған кезде көбіне саясатқа байланысты мәселелер көтерілген болатын. Біраз нәтижелі жұмыс жүргізілді. Әсіресе, митингіге байланысты сұрақтардың жауабы шешілді. Бірнеше салмақты, маңызды шешім қабылданды деп айтуға болады. Ал мен мәдениетке байланысты мәселені көтердім", - дейді Тұрсынов.

Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
"Министрмен келіспей қалдық"

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2019 жылы өткен отырысында Ермек Тұрсынов мәдениет және спорт министрлігін бөлуді ұсынды. Тұрсыновтың айтуынша, содан кейін мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова режиссерға қоңырау шалған.

"Ол кісіге менің ұсынысым ұнаған жоқ. Мәдениет пен спортты бөлуді ұнатпады. Сөзге келіп қалдық деп айтуға келмес, бірақ пікіріміз екі түрлі болды. Келіспей қалдық. Ал көпшілік менің айтқанымды өте жақсы қабылдады. Қазірге дейін сол отырыста айтқан сөзімді желіде жариялап отырады", - дейді режиссер.

Ермек Тұрсынов сол отырыстан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, ұсынысының еш нәтиже бермегенін айтып өтті. Алайда республика аумағын аралаған кезінде адамдар ілтипат танытып, режиссер пікірімен толық келісетінін жеткізетін көрінеді.

"Ұлттық кеңес мүшелері мәдениет пен спортты бөлу туралы ұсынысымды өте жақсы қабылдады. Мен қазір де солай ойлаймын. Бәрі мәдениеттен басталады", - дейді Тұрсынов. Ең өкініштісі – сол ұсыныс тек сөз болып қалды, деп толықтырды ол.

"Кино үйі" төңірегіндегі дау

Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы одақ жұмыс істейтінін, алайда "Кино үйі" төңірегіндегі даудың екі жылдан бері шешімі табылмай жатқанын айтты.

"Кино үйі" мәселесі бір орыннан жылжымай тұр. Екі жылдан бері соттасып жатырмыз. Қара шаңырағымызды өзімізге қайтара алмай жүрміз. Сот жалғасып жатыр, қашан бітетіні тіпті белгісіз. Оны ешкім айта алмайды. Бармаған жерім жоқ. Қазір одақ мүшелері отырып жұмыс істейтін орын жоқ. Кейде "Қазақконцерт" ғимаратында, кейде мейрамханада кездесіп, жиналыс өткіземіз. Кейде "Қазақфильмнің" бірінші қабатындағы аядай бөлмеде жиналамыз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, бұл мәселе кеше туындаған жоқ. Бір кездері одаққа басшылық еткен кісі "Кино үйінің" жартысын сатып жіберген. Одан кейін де басшылыққа келгендер қалған жарты бөлігін жалға беріп қойған. Содан бері сот процесі жүріп жатыр.

"Қазақфильм" басшылығы туралы

Ермек Тұрсыновтан бір салада жүрген әріптесі Ақан Сатаевтың "Қазақфильмге" басшы болып тағайындалғанына қатысты пікірін де сұрадық. Алайда режиссер бұл шешімнің артында жаман оқиға тұрғанын, алайда дәл қазір ашып айта алмайтынын жеткізді.

"Мұны дәл қазір ашып айта алмаймын. Себебі бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Қай жаққа шығаратынын айта алмаймын. Бірнеше аптада бұл мәселе шешіледі. Сатаевтың алдында "Қазақфильмді" Арман Әсенов басқарды. Оны бұл қызметте тоғыз ай қызмет істегеннен кейін орнынан алып тастау, меніңше, қате. Не болатынын көреміз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, "Қазақфильмді" экономикадан хабары бар маман басқаруы керек.

"Қазақта "қисық аяққа қызыл кебіс не керек?" деген сөз бар. Режиссер – өнердің адамы, ал бұл қызметке есептің адамы, экономиканы білетін адам керек", - деді Ермек Тұрсынов.

"Істеп жүргені - мазақ"

"Тақиялы Періште", кешегі "Қыз Жібек" фильмдері ақша үшін жасалған жоқ. Бұл киноның авторлары ең алдымен елдің көңілін, елдің санасын ойлады. Ақша жағына келер болсақ, ол кейінгі заманның "модасына" айналып кеткен ұғым. Иә, ақшаға да мән беру керек, бірақ ақшадан басқа ешқандай мақсат болмаса, ол шедевр болмайды", - дейді Тұрсынов.

Премьера фильма Томирис
© Sputnik / Владислав Воднев
"Томирис" фильмінің премьерасы

"Ал арзанқол фильмнің миллиондап табыс табуы – көрерменнің надандығын көрсетеді, - деп жалғастырды Тұрсынов. - Қоянбаевтың түсіргенін кино деп айтуға болмайды, осыны адамдарға айтып түсіндіру керек. Баян Алакөзова да кітап жазды, бірақ ол әдебиет емес. Нұртас Адамбаев, Нұрлан Қоянбаев, Қайрат Нұртас пен Төреғалидің түсіріп жатқаны кино емес. Кино деп "Тақиялы періште", "Атамекен", "Қыз Жібекті" атауға болады. Ал бұлардың істеп жүргені – мазақ".

Сонымен қатар Тұрсынов "Томиристі" кино деп санамайтынын, бірақ оған әртістік құрамның еш кінәсі жоқ екенін айтты.

"Томирис" – кино емес. Бұған басқа алып-қосарым жоқ. Әртістердің еш жазығы жоқ, қойылған тапсырманы орындауға тырысты. Негізгі жауап беретін – режиссер", - деп түйіндеді сөзін Тұрсынов.

Режиссер Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
Ермек Тұрсынов режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты

Ермек Тұрсынов 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты. Сонымен қатар Тұрсынов бірқатар фильмге сценарий жазған.

3561
Кілт сөздер:
Ермек Тұрсынов, режиссер
Тақырып бойынша
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады
Режиссер Ақан Сатаев басшылық қызметке тағайындалды
Белгілі режиссер Ақан Сатаев тұңғышын ұзатты – фото 
Айдар Тұрғамбек

Айдар Тұрғамбек жағымды жаңалығын бөлісті

4648
(Жаңартылды 15:20 30.07.2020)
Әнші халыққа сапалы ән тыңдауға мүмкіндік беретін жаңалығымен бөлісті. Мұның арқасында өнер адамының да еңбегі бағаланады, дейді ол

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik, Айгерім Таубай. "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғамбек қазақ әндері жүктелетін сайт туралы қуанышты хабарым Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті. Карантин кезінде әншінің өзі де екі ән жазған.

"Карантин уақытында шығармашылықпен айналыстым. Енді бірнеше күннен кейін сайт та іске қосылады. 2002-2003 жылдары қазақ эстрадасында әндер кассета күйінде сатылатын, яғни өнер, шығармашылық бағаланатын. Қазір интернет арқылы әнді жазып алу тегін болып кетті", - дейді әнші.

Айтуынша, мұндай сайт ашуды ұзақ уақыттан бері ойланып жүрген. Себебі кей ән өзіне жұмсалған ақшаны ақтамайды.

"Той мен концерт өткізуге қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Сол себепті біздің өнім сайт арқылы сатылуы керек. Соған сәйкес, қазақ эстрадасында сапалы әндер шығатын болады. Тойдың әндері, сапасыз әндер болмайды. Халық та сапалы ән тыңдайды, өнер адамының да еңбегі бағаланады", - дейді Тұрғамбек.

Әнші сұхбат барысында жас өнерпаздардың эстрадаға қандай мақсатпен келетіні жайлы айтып берді. Айтуынша, жас әншілердің үлкен қателігі – бір ән жазып танымал болуды ойлау.

"Қазір көп адам тойдың әнін жазып, тойға шығып қаржы табамын деп өнерге келеді. Ондай адамдар ұзаққа бармайды. Өнерге ақша үшін келуге болмайды. Біз өнерді университетте оқыдық, магистратураны да бітірдік. "Жігіттер" тобы құрылған кезде қаншама қиындық болды, түрлі байқауға қатыстық. Жетістікке жету үшін тер төгілді. Біз басында ақшаны ойлаған жоқпыз, ән айтқымыз келді", - деп еске алды әнші.

Айдар Тұрғамбек
© Photo : Айдар Тұрғамбектің жеке архивінен алынды
"Тойдың әндері, сапасыз әндер болмайды"

Ол өнер адамы халыққа қандай пайдалы ән сыйлаймын деп келу керек дейді. Алайда біздің қоғамда тойсыз да болмайтынын атап өтті. Тойда айтылатын ән де қажет, бірақ мақсат той болып кетпегені жақсы. Өнерге хобби ретінде қарау керек, негізгі табыс басқа жерден түсіп отырғаны жөн, дейді ол.

Әр адамның жеке қоры болуы керек

"Концерт пен тойдың ертерек басталғанын қалаймыз. Халықпен жүздескіміз келеді, концертке барып, өнер көрсеткіміз келеді. Алайда концерт пен тойдан бөлек қаржы түсіп тұратын жұмыстарым бар", - дейді әнші.

Ол әр отбасының табысы мен шығыны әртүрлі екенін де айтты. Кез келген жағдайға дайын болып, бір-екі жылға жететіндей қаржы қоры болғаны дұрыс, дейді ол.

"Карантин кезінде табысым әдеттегіден айтарлықтай азайды, бірақ білімге инвестиция құйып, қаржылық сауаттылық жағынан дамыдым. Қандай кәсіппен айналысу керек екені жайында көп оқыдым. Карантиннің арқасында отбасымның жанында көбірек уақыт өткізіп, балалардың қалай өсіп жатқанын көріп жатырмын", - дейді Тұрғамбек.

Әншінің арманы

Сұхбат барысында әнші той жасау мәселесі мен бағасына да тоқталды. Әнші өзін тойға шығатын танымал әншілердің ішінде ең арзан бағаны айтатын өнерпаз деп есептейді.

"Халық қай әншіні ұнатса, сол адамды тойына шақырады. Ұнамаса, қинап ешкім шақырта алмайды. Менің қойған бағам қымбат емес. Тойға шығып жүрген танымал әншілердің ішіндегі ең арзан баға десе де болады. Өйткені "Жігіттер" тобымен де тойға шығамын, жеке де өнер көрсетемін. Жеке шығатын бағам халыққа қолжетімді. Ол карантиннен бұрын да солай болды, карантиннен кейін де солай болып қала береді", – дейді Айдар Тұрғамбек.

Ал тойды әркім өз шама-шарқына қарап жасау қажет деген әнші өзінің де қыздарын ұзатып, той жасағысы келетінін жасырмады.

"Тойды шамасы келетін адам жасауы керек. Барлық ата-ана баласын үйлендіріп, қызын ұзатқысы келеді. Мен де қызымды қолымнан ұзатқым келеді. Сондықтан басқа адамға балаңды үйлендіргенде той жасауға болмайды деп қалай айтасың?", - дейді әнші.

Қазір бәсекелестік кезеңі, біреудің тойы үлкен мейрамханада өтті, менікі де солай өту керек деп ойлайды. Кредит алып, қарызға той жасаудың қажеті жоқ. Шамасы келетін деңгейде өткізу дұрыс деп санаймын, деп толықтырды Тұрғамбек.

4648
Кілт сөздер:
ән, той, әнші
Алматы қаласында отқа орынған төрт қабатты ғимарат

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды видео

0
Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда төрт қабатты ғимарат отқа оранды

Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті. 

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматы қаласында өртеніп жатқан ғимарат

Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.

0
Кілт сөздер:
оқиға, Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео