Белгілі журналист Мәди Манатбек

"Қазақпен қазақша сөйлесетін уақыт келді": Мәди Манатбек орыс тілді шенеуніктерді сынады

857
(Жаңартылды 19:38 28.06.2019)
Белгілі журналист Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында қоғамдағы қазақ тілі мәселесін қозғап, ешкім оқымайтын газеттер мен рейтинг қуған телеарналарға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik, Дәурен Ерболат. Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің күніне орай белгілі журналист, продюсер Мәди Манатбек қазақ журналистикасының қазіргі деңгейі туралы айтып, қоғамды толғандырып жүрген мәселелер жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәди Манатбек журналистика саласына кездейсоқ келсе де, оған еш өкінбейтінін атап өтті.

"Журналист – қоғам қайраткері және ақпаратты жеткізуші. Сондықтан бұл сала маған қоғамдағы мәселені зерттеуге мүмкіндік берді. Журналистикаға келгеніме тек қуанамын. Сондай-ақ өзінің пікірі жоқ БАҚ өкілін "журналист" деуге болмайды", - дейді ол.

Қазақ журналистикасы қазір қандай деңгейде?

Продюсер Манатбек қазақ журналистикасының дамуына қатысты пікірімен бөлісті.

Белгілі журналист Мәди Манатбек
© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәди Манатбек: "Қазақ журналистикасының еліміздегі демократияның дамуына қосқан үлесі мол".

"Қазақ журналистикасының деңгейі көтеріліп келе жатыр деп санаймын. Қазіргі таңда қазақ журналистері белсенді әрі жігерлі. Олар қоғам үшін өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Мысалы, кезектен тыс президент сайлауындағы тақырыптарды қозғаған кім? Әрине, мемлекеттік ақпарат құралдары оны тиісті деңгейде айтпай жатқан болар. Бірақ жеке журналистерге ренжіп не істейміз? Олар да бағынышты адамдар. Бұл журналистерді де түсінуіміз керек. Сондықтан қазақ журналистикасының еліміздегі демократияның дамуына қосқан үлесі мол", - деді журналист.

Журналист мамандығының қыр-сыры

Сонымен қатар Мәди Манатбек өзі бұрын айтқан "журналистика мамандығына оқу қажет емес" деген пікірді түсіндірді. Оның пайымдауынша, бұл салаға баратын адам білімді және жазуға икемі болуы керек.

"Бұл пікірім өзгермейді. Мысалы, інілеріме, қарындастарыма "журналистикаға түспе, оқыма" деп айтқанмын. Олар журналистика факультетін қызыл дипломға бітірді. Бірақ қазір журналистика саласында жұмыс істемейді. Визажист, гример, тағы басқа салаларда еңбектеніп жүр. Олар өздерін журналистикадан тапқан жоқ. Журналистика мамандығына 4 жыл оқудың қажеті жоқ. 6 ай немесе 1 жылдық курсты оқу керек шығар. Бұл – менің жеке пікірім", - дейді продюсер.

Газеттерді жабу керек

Сұқбат барысында журналист мемлекеттен қомақты қаражат бөлініп отырған облыстық, қалалық газеттерді жабу қажеттігін ашық айтты.

Тағы оқыңыз: 28 маусым - Журналистер күні

"Бүгінде халық жаңалықты әлеуметтік желі арқылы оқиды. Ал біз миллиардтаған қаржыны газеттерге бөліп отырмыз. Мен облыстық, қалалық әкімдіктердің газеттерін жауып тастаушы едім. Олар не үшін қажет? Тіпті қазір халық газет оқымақ түгіл, теледидар көрмейді. Себебі уақыты жоқ. Оның барлығы елдің салығынан жиналған ақшаға жұмыс істеп тұр ғой. Бұл қаржыны тиісті мақсатта жұмсау керек. Жарайды, республикалық деңгейдегі газеттер шыға берсін. Оны халық оқысын", - дейді Манатбек.

"Мемлекеттік телеарналарға рейтинг қажет емес"

Мәди Манатбектің айтуынша, бүгінде көрермендер теледидардан түспейтін әншілерден жалықты. Журналист халық әншілерді сағынбайтын болды деп санайды.

Белгілі журналист Мәди Манатбек
© Sputnik / Абзал Калиев.
"Көрерменді аяп отырған телевизия басшылығы жоқ", - деп санайды Мәди Манатбек

"Мұнда әншілердің еш кінәсі жоқ. Көрерменді аяп отырған телевизия басшылығы жоқ. Оларға құр рейтинг керек. Менің ойымша, мемлекеттік телеарналарға рейтинг қажет емес. Олардың негізгі мақсаты – мемлекет қаржысын тиімді жұмсау. Яғни, ұлтқа қажетті, тәрбиелік мәні бар дүниелерді жасау. Ал мемлекеттік телеарналар бюджет қаржысын алады да, рейтинг қуады. Жеке телеарналарды мен түсінемін. Оларға жарнама арқылы ақша табу керек. Сондықтан оларға рейтинг қажет", - дейді ол.

"Билік қазақша сөйлеуі керек"

Әңгіме барысында Мәди Манатбек өзін қандай мәселелер толғандыратынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда қазақ тілі мәселесі әлі өзекті.

Тағы оқыңыз: "Қайда қарап отыр?!" Асылы Осман қазақ тілінің неге дамымай жатқанын айтты

"Мені еліміздегі қазақ тілінің мәселесі әлі толғандырады. Мысалы, билік бір тілде сөйлейді. Ал халық басқа тілде сөйлейді. Арыс қаласында жарылыс болды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдемесін қазақша бастады, кейін сөзін орысша жалғастырды. Қорғаныс министрі тек орысша сөйлеп жатыр. Олар тек қазақша сөйлейтін өңірге барып отыр, қазақша сөйлеуі керек қой. Қазақпен қазақша сөйлейтін уақыт келді. Бұл – еліміздегі негізгі мәселе", - дейді журналист.

Қазақ тіліне сәтсіз аударылған терминдер

Сондай-ақ продюсер үш мыңнан астам терминнің қазақша аудармасының қайта қаралуына қатысты пікір білдірді. Манатбек бұл мәселені халық шешуі керек дейді.

"Халықпен ақылдасу керек қой. Олар "мынандай жазушы, газеттің бас редакторымен ақылдасып шешкенбіз" дейді. Ол басшылардың барлығы тәуелді ғой. Халықтан сұрау керек. "Біз сайтқа жарияладық, көріп алсын" дейді. Жоқ! Қазір адамдар сайтты да қарамайды. Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілері арқылы сөздерді жариялап, "осындай сөз бар, пікірлеріңіз білдірсеңіздер" деп айтсын. Халық ат салысады", - дейді ол.

Мәди Манатбек терминдердің ішінде сәттіз аудармалар бар екенін атап өтті, бірақ қоғамға сіңіп кеткен сөздерді қайтадан аудару орынсыз деп санайды.

Тағы оқыңыз: Мәдениет министрі бірқатар терминнің қазақша аудармасы қайта қаралғанын айтты

"Балконды "қылтима" деп кім айтады? "Мен күйсандықты қосып жатырмын" деп айтпайсыз ғой. Капустаны "қырыққабат" деп аударған. Қазақ оны "орамжапырақ" дейді. "Елтаңба – герб", "гимн – әнұран" терминдерінің екі нұсқасын да қолдана берейік. Біз оған қарсы емеспіз. "Сынып, мұражай - музей, мұрағат - архив" сөздеріне үйреніп қалдық. Оны неге қолданыстан алып тастау керек? Неге енді біз халықтың миын қайтадан ашытуымыз қажет? Бізге "Ақтоты Райымқұлова келмей жатып, жағасын алып жатырсыздар" дейді. Жоқ, мәлесе онда емес. Барлығын түсінікті тілде жеткізу қажет еді", - дейді журналист.

Сөз соңында Мәди Манатбек аудио кітап оқуды жоспарлап жүргенін, алдағы уақытта YouTube желісінен жеке канал ашуы мүмкін екенін айтты.

857
Кілт сөздер:
билік өкілдері, орыс тілі, қазақ тілі, журналист
Тақырып бойынша
"Мен ұлтшылмын": Қабдеш Жұмаділов неге таяқ жегені және кімдерді жек көретіні жайлы
Қаллеки театрының директоры актерлердің жалақысы қанша екенін айтты
Сирияда болған журналист қыз: соғыстан қажыған халықты көріп, азға қанағат етуді үйрендім
"Бауыңды байлап, арқаңды ысады": Амалбек Тышанов кімге ренжіп жүр?
"Құрбанның рөлін ойнайды" Нарколог жастардың неге есірткіге салынатынын айтты
"Намыстанамын": Арман Шораев қазақ күресінің жағдайына қатысты ойын айтты
Домбыра, архивтегі сурет

Айтыскер ақын сахна сыртындағы айла-шарғы туралы айтты

3178
(Жаңартылды 19:57 05.07.2020)
Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде ұлттық домбыра күні аталып өтеді. Биыл бұл күн 5 шілдеге түсіп отыр

АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Домбыра күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Алтын домбыра" ақындар айтысының екі дүркін жеңімпазы, "Дарын" жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Sputnik Қазақстан тілшісіне қазіргі айтыстың жағдайы, қазылар алқасы мен домбыра пәнін мектеп бағдарламасына қосуға қатысты ойын айтты.

Банкет пен гонорарды күтеді

"Айтыс – шоу. Қазіргі айтыстың проблемасы – бірдей ақындардың көптігі. Бір айтыскердің екіншісінен ерекшелігі жоқ. Сол себепті айтыс қызық емес", - деп бастады сөзін айтыскер.

Айтуынша, айтыста төрелік ететін қазылар алқасы да қазақ сөзінің қадірін жете түсіне бермейді. 

"Айтыста біз көп жағдайда қазыларға, ұйымдастыруға ренжиміз. Бұрын қазылар алқасында айтқан сөзінде тұра алатын, көтерген ұпайына жауап бере алатын, қазақ сөзінің қадірін білетін адамдар отыратын. Қазір қазылардың арасында айтыстан кейін болатын банке пен төрелік еткені үшін төленетін гонорарды күтетіндер өте көп", - дейді Бұлғақов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz)

Айтыскердің айтуынша, айтыста өнерпаздың суырып салма қасиеті ескеріледі, айтыскерге айтыс бойы қандай да бір мәселені көтеру міндеті қойылмайды.

"Барлық айтыс әділ өтпейді және барлық айтыс әділетсіз өтеді деп айтуға да болмайды. Рушылдық, жершілдік, сахна сыртындағы әр түрлі айла-шарғы айтыста да болып жатады. Әр "алтын домбыраның" ережесі де, қазылардың талабы да әртүрлі. Қазіргі айтыстың қатаң тәртібі, жүйесі жоқ", - дейді ол.

Домбыра пәні қажет пе

Жандарбек Бұлғақов домбыра пәнін мектеп бағдарламасына қосуды қолдайды, айтуынша, бұл ұлттық құндылықты дәріптеу үшін қажет. Сонымен қатар спорт пен өнерден бөлек, балаларды түздің жұмысына үйрететін сабақтарды қосу қажет дейді.

"Тек домбыра емес, қазақ күресін, тоғызқұмалақты де қосуға болады. Спорт және өнермен қатар балаларды түздің жұмысына бейімдейтін үйірмелер болса деймін. Қыздарды үйдің жұмысына, ана болуға бейімдейтін үйірме қажет. Ас үйдің жұмысына икемді, оймақ пен инені келістіріп ұстай алатын қыздарды қалыптастырып шығаратын үйірме қажет", - дейді ол.

Айтуынша, мектеп пен университет қабырғасындағы жаттанды дүниелер өмірде қолданылмайды. Тіпті мектеп бітірген соң естен шығып кетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жандарбек Бұлғақов (@olensoz_kz)

"Көп адамның қолында көк пен қызыл аралас бірнеше диплом бар. Бірақ ол білімнің барлығы өмір сүруге бейімдемейді. Қызыл дипломы бар, бірақ ибалы келін бола алмай жатқандар көп. Қызыл дипломы бар, бірақ қонақ күте алмайтын, сараңдығы басым қыз бен сертке берік емес ер азамат көп. Сондықтан мейлінше адамды, баланы өмірге бейімдеу керек", - дейді айтыскер.

Шайырлар бар сөзден кесте төгуші...

Қазір айтыскер ақын "Сөз қадірі – өз қадірің" деп аталатын курс өткізіп жүр. Бұл жоба халықтың сұранысынан туды, дейді Бұлғақов.

"Айтыс үлкен бәйтерек болса, ораторлық өнер соның бір бұтағы ғана. Кез келген айтыскер ойды жүйелеу, сөзді саптау туралы дәріс бере алады. Тек әркімнің сабақ беру әдісі әртүрлі. Әлеуметтік желіде "сөйлейін десем қорқамын, сөздік қорымды байытқым келеді" дейтін адам көп. Солардың басын бір жерге тоғыстыру үшін ашылған жоба", - деп түсіндірді ол.

Өткір тілмен жетер жеріне жеткізіп айтатын ақындар ел алдында қозғаған келелі мәселелерінің шешім табуына өздері де атсалысады, алайда барлығын жария ете беру ыңғайсыз, дейді Бұлғақов. 

"Айтыскер ақындардың бәрі үшін жауап бермей-ақ қояйын, бірақ сахнада өзіміз көтерген мәселелердің іс жүзінде орындалуын барынша қадағалап жүрміз. Астанада 5 нәресте отқа оранғанда бір ай бойы өнер турын өткіздік. Барлық өңірді аралап, билеттен түскен қаражатқа жағдайы төмен отбасыларға үй алып бердік", - дейді ол.

Жандарбек Бұлғақов 1991 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінде білім алған. Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовтың ұлы.

3178
Кілт сөздер:
сұхбат, айтыскер ақын, айтыс
Тақырып бойынша
Жүрсін Ерман: елімізді әйел басқаратындай не күн туды?!
Жүрсін Ерман неден қауіптеніп отырғанын айтты
"Бас жарып, көз шығару емес". Жүрсін Ерман айтыстың негізгі мақсатын түсіндірді
Белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков дүниеден озды
Назарбаев: Домбыра – қазақтың бренді мен паспорты
Рахман Омар

"Алып шыға алмайтынымды сездім": актер Рахман Омармен сұхбат

3698
(Жаңартылды 17:19 31.05.2020)
Актер 1993 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы театрда жұмыс істейтінін айтты. Алпыс шақты рөлді сомдаған

АЛМАТЫ, 31 мамыр – Sputnik, Айгерім Таубай. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр актері, көпшілікке тележүргізуші ретінде танымал Рахман Омар 26 жылдан бері Мүсірепов атындағы мемлекеттік театрда еңбек етіп келеді. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ", "Қызық екен" секілді бағдарламалар арқылы көрермен көңілінен шыққан азамат театрда қандай рөлді сомдағысы келетінін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Ең бастысы – театр

"Басты мамандығым – театр актері екенін біреу білсе, біреу білмейді. Көбі тележүргізуші ретінде таниды. 1993 жылдан бері Ғабит Мүсірепов атындағы театрда жұмыс істеймін. Үлкенді-кішілі 60 шақты рөлді сомдадым. Телеарна саласында бірнеше жобада жүргізуші болдым. "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" бағдарламасын ел аузында әлі күнге дейін жүр. Барлық арнада қызмет атқардым", - деп бастады әңгімесін актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Айтуынша, игермеген саласы кино, алайда Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай" фильмінде эпизодта ойнаған.

"Құнанбай" фильмінде тілмаштың рөлін сомдадым, көркем фильмге түскенім осы болды. Эпизодтағы шағын ғана рөл болды. Одан бөлек телехикаяларға шақырады, алайда қандай фильм екеніне қарап, бас тарттым. Өйткені қайталау көп. Мен үшін ең бастысы – театр", - дейді Омар.

Түрік және корей телехикаялары жаулап алды

"Телеарнада 1-2 жылға жоспарларланған жобаларға қатысып тұрамын. Соның бірі – "Қызық екен", "Кім білгір" секілді интелектуалды бағдарламалар. Бір жылға жоспарланған "Қызық екен" бағдарламасы көрерменнің сұрауы бойынша екі жылдай жүрді. Қазір де сұрайды.

Өйткені қазір телеарнада интеллектуалды бағыттағы бағдарламалар өте аз. Кезінде "ХХI ғасыр көшбасшысы" секілді бағдарлама болды. Қазір қай арнаны қоссақ та, қойыртпақ дүние көп, телеарнаның барлығын түрік және корей телехикаялары жаулап алған. Артында қомақты қаржы тұрған шығар, ол жағы маған беймәлім. Арнаның ішкі асханасына қол сұқпаймын", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

Рахман Омардың айтуынша, телеарнада басшы ауысқан сайын қызметкерлер құрамы да ауысады. Мұндай жағдайда еңбегі сіңген кісілердің өзі қызметін босатуы қажет.

"Әр басшы келген сайын өз командасын алып келу үрдіске айналған, соның зардабын тәжірибелі мамандар да көріп жатады. Әсіресе, техникалық жағында 30 жыл қызмет еткен кісіге жаңа басшы келгенде орнынан кетуге тура келеді. Ал ол адам студияның әр шегесінің қайда қағылғанын біледі. Біз де солардың қатарына жатамыз. Жаңа басшының талғамына қараймыз",- дейді Омар.

Сонымен қатар телеарнада өткен ғасырдың соңында көрсетілген бағдарламаларды қайтадан көрсету жайлы ұсынысын да айтты. Бұл ескілікті аңсау емес, телеарнаның нағыз майталмандарын насихаттау деп түсіндірді сөзін.

"Өзінің өткенін ұмытқан, болашақтың наласына қалады" деген қанатты сөз бар. Кестені толтыру үшін күнделікті болмайтын бағдарламалар көрсетіп жатады. Соның орнына неге осы ретро, архивтегі дүниелерді көтеріп, өскелең ұрпаққа телеарнаның не екенін, оның сүрлеуі мен даңғылды дара жолынан, тарғыл жолымен өткен нағыз майталмандардың көрсетпеске деп ойлаймын. Сағат Әшімбаев, Шерхан Мұртаза ағаларымыз 70-80 жылдары телеарнаның басы-қасында жүрген кезде тұщымды дүниелер көп болды. Қазақтың руханияты, салт-дәстүр, әдетіне байланысты дүниелер шықты", - дейді Омар.

Жағымсыз образды ойнау ұнайды

Театрда комедия, драма, трагедия деген үш бағыт болса, үшеуінен де құралақан емес актер астарын ашып, психологиясын жеткізу күрделі рөлді ойнағанды ұнататынын айтты.

Актер үш жанрды да тең деңгейде меңгеруі қажет. Кей актердің ыңғайы комедияға келіп, драмаға нашарлау болады, біреуінде керісінше. Маған осы үш жанрда да рөл бұйырды. Жаныма жақыны "Қозы Көрпеш-Баян Сұлудағы" Жантықтың бейнесі. Гамлетті армандадым деп өтірік айтпай-ақ қояйын, Гамлетті ойнайтын актер көп. Маған астарын ашатын рөл, жағымсыз образ қатты ұнайды", - дейді Рахман Омар.

Отыз жасында Жантықтың рөлін алып шығатынына сенімді болмаған актер бірнеше жыл өткен соң ғана образды ашуға дайын болғанын, сол себепті ең сүйікті рөлі ретінде сақталғанын айтты.

"Театр актері "бұйыртқан рөл" деп сөйлейді. Отызға толмаған шағымда режиссер Балтабай Сейітмамытов "Қозы Көрпеш" қойылымын қойды. Сонда маған екінші құрамда Жантықтың рөлін берді. Бірінші құрамда Сағат Жылгелдиев ойнады. Мен өз шамама қарап, алып шыға алмайтынымды сездім. Рөлді Сағат ағам өзі ойнап кете берді. Мен дайын болған жоқпын. Араға біраз жыл салып, жасым қырыққа таяған шағымда режиссер Жанат Қажиев "Қозы Көрпешті" қайта қойды. Сол кезде Жантыққа дайын болдым", - дейді ол.

Кемел Абайды сомдағысы келеді

"1994 жылы Жүргенов атындағы өнер академиясында диплом жұмысымыз Шәкен Аймановтың сценарийі бойынша "Желсіз түнде жарық ай" қойылымын қою болды. Ол жерде Абайдың жастық шағын ойнаймын. Институтты бітіріп, театрға қабылданған кезде сол қойылымды Нұрқанат Жақыпбаев Мүсірепов театрында қойды. Институттан келген дайын Абай ретінде сол рөлді сомдау бақытына ие болдым. Ол Абайдың 150 жылдық мерейтойы болатын",- дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рахман Омар (@rakhmanomar)

2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның кемелденген шағын сомдағысы келетінін айтты.

"Абайдың пәлсапалық ойлары қырық жастан асқан соң шыға бастаған. Қазір Абайдың сол бір шағын ойнағым келеді. Құнанбайұлының образы өте күрделі образ, екінің бірі ойнамайды. Сырт келбеті жағынан да ұқсастық бар: бетім домалақ, орта бойлы. Ішкі жан дүниесін, арпаласын алып шығу актер үшін өте қызық. Қазір Абайды сомдасам қалай болар екен деймін. Кім білсін, он жылдан кейін "Король Лирді" ойнағым келетін шығар", - дейді Рахман Омар.

 

3698
Кілт сөздер:
тележүргізуші, актер, телеарна, театр, сұхбат
Тақырып бойынша
"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті
Дулыға Ақмолда: Актер деген мамандықты төменге түсіріп жібердік...
"Түрімді ұмытып қалды" Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты
"Тревога" десе, үй киімімен барасың": арнайы жасақтағы қыздар ашық сұхбат берді
Театр үздіктері анықталды
дәрігерлер, короанвирус

Нұр-Сұлтанда медициналық академия түлектері дәрігерлерге көмектеседі 

0
Елордада қазір 3 500 дәрігер бар, сонымен бірге 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр, бірақ бұл жеткіліксіз

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов маман тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір бізде 3 500 дәрігер бар. Сонымен бірге, 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр. Әрине, бүгінде дәрігерлерге үлке салмақ түсуде. Осыған байланысты біз денсаулық сақтау министрлігімен арнайы жоспарды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес, оқу орындарының түлектері көмекке тартылатын болады", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, биыл астанада медициналық колледждерді 270 студент тәмамдады. Барлығы дипломын алып, арнайы дайындықтан өтті. Бүгінде жас мамандар дәрігерлерге көмектесуге кірісіп кетті.

"Сонымен бірге, осы 15 шілдеден бастап медициналық академияның түлектерін де жұмысқа жұмылдыратын боламыз. Оған сәйкес жоспарымыз бар, тиісті көмегін көрсетеміз", - деді Көлгінов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, бүгінде қаладағы стационарлық орындардың басым бөлігі бос емес. Ал эпидемиологиялық жағдай нашарласа, жатақханаларда қосымша орындар ашылады.

"Қазіргі кезде қаладағы стационарларда 3 700 орын бар. Бірақ 80 проценті толып тұр. Егер эпидемиологиялық жағдай қиындап кетсе, жоғары оқу орындарының жатақханаларында қосымша 1 000 орын жасақталады", - деп атап көрсетті Көлгінов.

0
Кілт сөздер:
дәрігерлер