Қазақстандағы дрондар сайысы

26
(Жаңартылды 17:01 19.12.2016)
  • Дрондар жарысы
  • Дрондар жарысы
  • Дрондар жарысы
  • Дрондар жарысы
  • Дрондар жарысы
  • Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат
Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат Астанада 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту аясында өткізілді. Жарыстың қалай өткенін біздің фотолентамыздан тамашалаңыздар.

Шара "Барыс Арена" елордалық мұз айдынында өтті. Арнайы осы жарыстар үшін ұлттық нақышта айрықша трасса жасалды. Чемпионаттың бас жүлдесі – 1 миллион теңге.

 

26
  • Дрондар жарысы
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    Дрон-рейсинг - біртіндеп танылып, әлем чемпионаты деңгейіне көтерілуде. Сол себепті Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат өткізу ұлттық құрама құруға жақсы мүмкіндік болады.

  • Дрондар жарысы
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    "Дрондар жарысы" "Формула-1" сайысынан кем түспейді, бір айырмашылығы дрондар үш өлшемдегі жарыс жолын жүріп өтуі тиіс.

  • Дрондар жарысы
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    Чемпионаттың басты мақсаты - робототехника мен пилотсыз ұшу аппараттарын кеңінен насихаттау және балалар мен жасөспрімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау.

  • Дрондар жарысы
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    Drone Racing Kazakhstan сайысына қатысу үшін Қазақстанның 7 аймағынан 50 адам өтініш білдірді. 15 жетоқсан күні іріктеу кезеңі өткізіліп, ең үздік сегіздік анықталды. Жартылай финалға олардың төртеуі ғана өтті.

  • Дрондар жарысы
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    Алматылық Андрей Манько Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды.

  • Drone Racing Kazakhstan атты дрондар жарысынан алғашқы республикалық чемпионат
    © Foto : Предоставлено АО "НК "Казахстан инжиниринг"

    Чемпионат "Роботтар шайқасы" атты шоу және қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталды.