Видео

Мәскеуде 12 қабатты ғимарат адамдардың көз алдында құлады – видео

Жазылу
Бизнес орталығы жолда көліктер кетіп бара жатқанда опырылып түскен. Куәгерлер әлеуметтік желілерде видео жариялады.

Оқиға кеше, 23 қараша күні болды. Ярославский тас жолының бойында орналасқан "Северянин" бизнес орталығы адамдардың көз алдында опырылып түскен. Видео әлеуметтік желідегі "Ярославка Live" тобында жарияланды. 

Ғимарат жолда автокөліктер кетіп бара жатқанда құлаған. Айнала лезде шаң болып, түк көрінбей кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Бұған дейін топ қолданушылары бұл ғимараттың сүріліп, орнына жаңа тұрғын үй кешені салынатынын жазған еді.

Жаңалықтар
0