Алматыдағы "Аман Келешек" балалар мәдени-спорт фестивалі

75
(Жаңартылды 17:01 30.09.2016)
  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі

Алматыда өткен сенбіде "Аман Келешек" — "Салауатты болашақ" балалар мәдени-спорт фестивалі  өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген балаларға арналған шеберлік сағаттарының фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізілуде.

75
  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД –да баламасы жоқ "Аман Келешек" өзін коррекциялық мектеп-интернаттардан, балалар үйінен және орта білім беру мектептерінен 3000-нан астам балалар қатысатын алғашқы инклюзивті тақырыптық алаң фестивалі ретінде көрсетті.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Басқа балалар іс-шараларынан "Аман Келешек" фестивалінің ерекшелігі – оқушыға болашақта кәсіп таңдауға көмектесетін нақты ойластырылған және пәндер бөлімі бойынша кәсіптік-бағыттау бағдарламасы бар, сондай-ақ баланың шығармашылық бастауын ашуға мүмкіндік береді және салауатты өмір салты тұжырымдамалары түсінігін қалыптастырады.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Биыл фестивалдің ұйымдастыру комитеті бағдарлама бойынша қажырлы жұмыс істеді, оған тек жаңа бағыттар ғана қосып қоймай, олардың функционалдық қолданылу тұрғысынан тәжірибелік секциялар тақырыбын айтарлықтай кеңейтті.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Шеберлік сағаттарының өткізілу түрі есту және көру мүмкіндігін беріп қана қоймай, процеске қатысуға да жол ашады. Фестиваль барысында оқушылар негізінен би билеуді және театр өнерін үйренді, сазбен жұмыс істеді, өздерін кино әртістері рөлінде байқап көрді, әскери өнердің ерекшелігін байқастап, қарсыласпен күресуге қатысты.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Сонымен қатар, балалар өздерін өрт кезінде және басқа да төтенше жағдайларда қалай ұстау керектігін үйренді. Әсіресе, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға олардың әлеуметтенуі және қоғамда бейімделуі үшін маңызды.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Фестиваль дене мүмкіндігі шектеулі оқушыларды өздерінің сау құрдастарымен біріктіре отырып, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті қоғамның дамуына көмектеседі.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Фестивалдің құрметті қонақтарының арасында Юрий Мельниченко, Василий Жиров, Илья Ильин, Дариға Шакимова, Назым Қызайбай, Максұт Жұмаев және басқалар болды.

  • Аман Келешек балалар мәдени-спорт фестивалі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    "Аман келешек" 2016 жылы елдің айтулы датасы – Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.