Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Қысқы десант: Астанада алғашқы қар жауды

Жазылу
Түн жамылған қыс Астанаға басып кіріп, жайбарақат алтын күзді ысырып, айналаны үлбіреген мамық қарға көмкерді. Маусымның иесі ретінде алтын күзіміз де еркелеп, таң атпай жолдарды малмандай су қылды.

Әлі кететін ойы жоқ, қазан айы енді басталды емес пе!

Мұндай бассыздыққа төзіп тұра алмайтын күз бар күшін жинап, аспаннан толассыз түсіп жатқан қыс хабаршыларын жоюға тырысты. 

Бірақ әзірше күші жетпей жатыр. Жауған қар ерісе де, қайта қылаулап, үйлер, көліктер, адамдар, сары алтын жапырақтар, гүлдердің бәрін ақ мамыққа бөлеуде. 

Елордамызға жауған алғашқы қар шабулының анық-қанығын фото лентамыздан тамашалаңыздар.


© Sputnik / Болат Шайхинов11 қазан күні таңертең ұйықсыныан оянған қала тұрғындары далада не боп жатқанын әлі білмеген еді.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
1/12
11 қазан күні таңертең ұйықсыныан оянған қала тұрғындары далада не боп жатқанын әлі білмеген еді.
© Sputnik / Динара ДосмухаметоваЖылы пәтерлердің терезесінен көрінген панорма баршаға тосын сый болды
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
2/12
Жылы пәтерлердің терезесінен көрінген панорма баршаға тосын сый болды
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаҚала қар жамылып оянды.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
3/12
Қала қар жамылып оянды.
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаҚар жасыл желек газондарды көмкерді
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
4/12
Қар жасыл желек газондарды көмкерді
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаКүздің соңғы жарқын бояуларын өшіріп, үзілген жапырақтарды басып қалды.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
5/12
Күздің соңғы жарқын бояуларын өшіріп, үзілген жапырақтарды басып қалды.
© Sputnik / Болат Шайхинов Кей біреулер биік өкшелі туфлиін шкафқа салып үлгермесе де, енді, міне, пима іздейтін сәт туды. Елорданың қысы қатал. Жылы киімдермен қамданбаса болмас.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
6/12
Кей біреулер биік өкшелі туфлиін шкафқа салып үлгермесе де, енді, міне, пима іздейтін сәт туды. Елорданың қысы қатал. Жылы киімдермен қамданбаса болмас.
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаБірақ көпшілік бұл жағдайға разы болды. Мәселен ақын-жазушылармыз үшін бұл ең тамаша ауа райы.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
7/12
Бірақ көпшілік бұл жағдайға разы болды. Мәселен ақын-жазушылармыз үшін бұл ең тамаша ауа райы.
© Sputnik / Болат ШайхиновҚаулап жауған қар астында қиялдап серуен құруға болады.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
8/12
Қаулап жауған қар астында қиялдап серуен құруға болады.
© Sputnik / Айсулу Жумагулова"Темір тұлпарлардың" жанарында (фарасында) бір сұрақ: қысқы дөңгелек сатып алдың ба?
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
9/12
"Темір тұлпарлардың" жанарында (фарасында) бір сұрақ: қысқы дөңгелек сатып алдың ба?
© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСиноптиктер де қалыс қалмай, жаңалықтарымен "қуантуда". Биылғы қыс ерекше қатал әрі аязды болмақ.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
10/12
Синоптиктер де қалыс қалмай, жаңалықтарымен "қуантуда". Биылғы қыс ерекше қатал әрі аязды болмақ.
© Sputnik / Диана Абдуллаева Алғашқы қар тал-дарақтарды ғана емес, иелері қысқа дайындап үлгермеген көліктерді де көмкерді.
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
11/12
Алғашқы қар тал-дарақтарды ғана емес, иелері қысқа дайындап үлгермеген көліктерді де көмкерді.
© Sputnik / Болат ШайхиновМінекей, елорданың айрықша құбылмалы ауа райы осындай. АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚЫМБАТТЫ АСТАНАЛЫҚТАР!
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
12/12
Мінекей, елорданың айрықша құбылмалы ауа райы осындай. АЛҒАШҚЫ ҚАР ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ҚЫМБАТТЫ АСТАНАЛЫҚТАР!
Жаңалықтар
0