Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Биыл Жаңа жылға орай елордамыз ғажайып неон түске енді

Жазылу
Мерекелік әшекейлер мен алуан түрлі безендірулер көркіне көзің тоймайтын Астанамызды одан да құлпыртып жіберді

Елорда көшелері Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілді: шыршалар неон түске боялып, ағаштар гирлянд әшекейден "көйлек" киді, алуан түрлі жарықпен жарқыраған ескі ғимараттар жаңа келбетке ие болды.

Sputnik Қазақстан кешкісін елордамызды аралап, ертегідей әсер қалдыратын көрікті  жерлерге барып қайтуға кеңес береді.


© Sputnik / Болат ШайхиновҒалымдар егісте шеңбер сызатын кім деп дауласып жатқанда, Астанада ғажайып "беймәлім" ұшатын нысандар пайда болды. Ағаштар неон түстес білезік тағып алғандай. Расымен, Жаңа жылда шыршаны ғана безендіру керек деп кім айтты?!
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
1/10
Ғалымдар егісте шеңбер сызатын кім деп дауласып жатқанда, Астанада ғажайып "беймәлім" ұшатын нысандар пайда болды. Ағаштар неон түстес білезік тағып алғандай. Расымен, Жаңа жылда шыршаны ғана безендіру керек деп кім айтты?!
© Sputnik / Болат ШайхиновЖаңа жылды шыршасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, қараңғы түнде бүкіл әшекейі жарқырап, көздің жауын алады.
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
2/10
Жаңа жылды шыршасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, қараңғы түнде бүкіл әшекейі жарқырап, көздің жауын алады.
© Sputnik / Болат ШайхиновАстаналық селфиқұмарлардың сүйікті орны – алуан түрлі түске еніп жарқырайтын аркалар. Мұндай жерге тап болсаң болды, еркіңнен тыс телефоныңды алып, суретке түсе бастайсың.
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
3/10
Астаналық селфиқұмарлардың сүйікті орны – алуан түрлі түске еніп жарқырайтын аркалар. Мұндай жерге тап болсаң болды, еркіңнен тыс телефоныңды алып, суретке түсе бастайсың.
© Sputnik / Болат ШайхиновМереке алдында адамдар ерекше бір қарбаласқа түсіп, бар шаруасын бітіруге асығады. Сондай кездері бір сәтке тоқтап, айналаңызға қараңызшы, Жаңа жыл деген таңғажайып әдемі мейрам емес пе!
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
4/10
Мереке алдында адамдар ерекше бір қарбаласқа түсіп, бар шаруасын бітіруге асығады. Сондай кездері бір сәтке тоқтап, айналаңызға қараңызшы, Жаңа жыл деген таңғажайып әдемі мейрам емес пе!
© Sputnik / Болат ШайхиновТіпті шамдардың өзі де жаңажылдық көркімен ерекше көңілкүй сыйлайды.
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
5/10
Тіпті шамдардың өзі де жаңажылдық көркімен ерекше көңілкүй сыйлайды.
© Sputnik / Болат ШайхиновМына бір сүйкімді ақшақарлардың жанынан тоқтамай өту мүмкін емес. Қампиған қарнын сипағың келіп кетеді...
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
6/10
Мына бір сүйкімді ақшақарлардың жанынан тоқтамай өту мүмкін емес. Қампиған қарнын сипағың келіп кетеді...
© Sputnik / Болат ШайхиновШырша ешқашан артық болмас! Әсіресе Жаңа жыл қарсаңында безендірілген шыршалардың арқасында қала ғажайып ертегідей кейіпке енеді.
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
7/10
Шырша ешқашан артық болмас! Әсіресе Жаңа жыл қарсаңында безендірілген шыршалардың арқасында қала ғажайып ертегідей кейіпке енеді.
© Sputnik / Болат ШайхиновАл мынадай жаңажылдық "көйлекке" кез келген сәнқой қызығатын шығар, сірә.
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
8/10
Ал мынадай жаңажылдық "көйлекке" кез келген сәнқой қызығатын шығар, сірә.
© Sputnik / Болат ШайхиновШырша түгіл, қарапайым ағаштардың өзі Жаңа жыл кезінде құлпырып кетеді. Мұндай орманда адасу мүмкін емес шығар!
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
9/10
Шырша түгіл, қарапайым ағаштардың өзі Жаңа жыл кезінде құлпырып кетеді. Мұндай орманда адасу мүмкін емес шығар!
© Sputnik / Болат ШайхиновАстананың алып шеңбері де алуан түске боялып, алыстан мен мұндалайды. Жаңа жыл келе жатыр!!!
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
10/10
Астананың алып шеңбері де алуан түске боялып, алыстан мен мұндалайды. Жаңа жыл келе жатыр!!!
Жаңалықтар
0