Әлемдегі ең тылсым музей: су астында қандай құпия жатыр?

357
(Жаңартылды 21:57 25.04.2018)
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы
Су астында мәңгі ұйқыға кеткен мүсіндер бір қарағанда үрей туғызғанымен, мүлгіген тыныштықтағы тылсым әлем кез келген жанды еріксіз баурап алады

Су асты музейінің негізін қалаушылар – Канкуна ұлттық теңіз қауымдастығының бұрынғы президенті Роберто Диас пен Хайме ұлттық теңіз саябағының директоры Гонсалес Кано.

Туындылардың басым көпшілігі суретші әрі мүсінші Джейсон Тэйлордың қолынан шыққан.

357
  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Кейбіреулер өмір бойы таңғажайып Атлантиданы іздейді, ал өзгелер тылсым әлемді өз қолымен жасап шығарады. Британиялық мүсінші әрі суретші Джейсон де Кайрес Тейлор су астын бір қарағанда көзге тосын көрінетін мүсіндермен толтырған.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Бұл таңғажайып музей Мексикадағы Канкуна теңіз саябағында орналасқан. Экспозицияның құрамына су астында балдыр жамылған 200 мүсін кіреді.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Мүсіндер экологиялық бейтарап бетоннан жасалған, яғни қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді. Керісінше, автордың идеясы бойынша, бұл туынды қоғамның теңіз тұңғиығына деген қызығушылығын арттыруы тиіс.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Үн-түнсіз, мүлгіп тұрған мүсіндердің баспанасы да бар. Экспозиция жұмысы сонау 2009 жылы басталып, су астындағы "қоғам" қатары біртіндеп молайып отырған.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Балдыр қаптап кеткен мүсіндерді тазартуға қатаң тыйым салынған.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Су астындағы музейге әртүрлі бағдарлармен жетуге болады. Ал Канкуна жағасында орналасқан теңіз саябағын жылына 700 мыңдай турист аралайды.

  • Мексикадағы ұлттық теңіз саябағы

    Су астындағы туындылар шынайы көлемінен анағұрлым үлкен болып көрінеді. Ал балдырлар су ағысымен жылжып, діріл қаққан кезде, мүсіндердің өзі де қозғалып, билеп жатқандай болады.

Кілт сөздер:
мүсіндер, су астындағы музей, Мексика
Загрузка...