Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Отан қорғаушылар күніндегі әскери парадтың айшықты сәттері

Жазылу
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген әскери парад екі бөлімнен тұрды. Біріншісінде қазақстандық әскерилері салтанатты шеру құрып өтсе, екінші бөлімде сарбаздар шынайы тактикалық іс-әрекеттерді халық назарына ұсынған

"Отар" әскери базасының 40-шы полигонында өткен әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300 әскери техника және 40-қа  жуық ұшатын аппараттар қатысты.

Бірнеше айға созылған дайындықтың арқасында әскери парад ерекше өтті.

Sputnik Қазақстан фотолентасын тамашалап, еліміздің ең басты әскери шарасының айшықты сәттеріне куә болыңыздар.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоБірінші бөлімде облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне аймақтық қорғаныс бригадаларының әскери жалауы ұсынылды.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
1/11
Бірінші бөлімде облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне аймақтық қорғаныс бригадаларының әскери жалауы ұсынылды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖалаулар ұсынылған соң дәстүрге сай парад қонақтары мен көрермендер алдында 19 парад қорапшасы салтанатты шеру құрып өтті.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
2/11
Жалаулар ұсынылған соң дәстүрге сай парад қонақтары мен көрермендер алдында 19 парад қорапшасы салтанатты шеру құрып өтті.
© Sputnik / Анатолий Устиненко"Қазақстандық әскери қызметкерлер – жауынгерлік даңқ пен өткен ғасырдың сұм соғысында фашизмді жеңген ата-балаларымыздың ізін жалғастырушылар. Олардың ерлігі мен туған елінің болашағы үшін ақтық демі қалғанша күрескенін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Елбасы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
3/11
"Қазақстандық әскери қызметкерлер – жауынгерлік даңқ пен өткен ғасырдың сұм соғысында фашизмді жеңген ата-балаларымыздың ізін жалғастырушылар. Олардың ерлігі мен туған елінің болашағы үшін ақтық демі қалғанша күрескенін ешқашан ұмытпаймыз", - деді Елбасы жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоСалтанатты шеруде ҚР ҚК арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік қорғаныс қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан, сондай-ақ аймақтың жасақтардың әскери қызметкерлері сап түзеді.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
4/11
Салтанатты шеруде ҚР ҚК арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік қорғаныс қызметі, ҚР ІІМ Ұлттық ұлан, сондай-ақ аймақтың жасақтардың әскери қызметкерлері сап түзеді.
© Sputnik / Анатолий Устиненко2018 жылғы әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300-ден астам әскери техника және 40-қа жуық ұшу аппараты қатысты.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
5/11
2018 жылғы әскери парадқа үш мыңдай әскери қызметкер, 300-ден астам әскери техника және 40-қа жуық ұшу аппараты қатысты.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚатысушылар 7 мамыр күні көрермендерді тәнті ету үшін бірнеше ай бойы полигондарда жаттықты.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
6/11
Қатысушылар 7 мамыр күні көрермендерді тәнті ету үшін бірнеше ай бойы полигондарда жаттықты.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЕкінші бөлімде барлау бөлімдері заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, шынайы тактикалық іс-қимылдарды халық назарына ұсынды.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
7/11
Екінші бөлімде барлау бөлімдері заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалана отырып, шынайы тактикалық іс-қимылдарды халық назарына ұсынды.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрнайы қызметкерлер "Арлан", "Кобра" және "Хаммер" көліктерінде тапсырма орындау барысын көрсетті.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
8/11
Арнайы қызметкерлер "Арлан", "Кобра" және "Хаммер" көліктерінде тапсырма орындау барысын көрсетті.
© SputnikТікелей эфирде көрермендер әскерилердің пилотсыз ұшу аппараттары арқылы нысананы көздеп атқанын тамашалады.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
9/11
Тікелей эфирде көрермендер әскерилердің пилотсыз ұшу аппараттары арқылы нысананы көздеп атқанын тамашалады.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаяу әскери жасақтардың жаттығулары "Гвардейский" полигонында өткен, ал әскери экипаждар "Матыбұлақ" полигонында дайындалыпты.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
10/11
Жаяу әскери жасақтардың жаттығулары "Гвардейский" полигонында өткен, ал әскери экипаждар "Матыбұлақ" полигонында дайындалыпты.
© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘскери парадтың соңында "Жетісу Барысы" пилотаж тобы әуеде жоғары пилотаж үлгілерін орындады.
Әскери парад - Sputnik Қазақстан
11/11
Әскери парадтың соңында "Жетісу Барысы" пилотаж тобы әуеде жоғары пилотаж үлгілерін орындады.
Жаңалықтар
0