Целиноградтан Астанаға дейін: қала келбеті қалай өзгерді?

325
(Жаңартылды 15:47 20.06.2018)
  • Целиноград
  • Целиноград
  • Целиноград
  • Целиноград
  • Целиноград
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Астананың архив суреті
  • Целиноград
  • Астананың архив суреті
  • Астана
  • Астана
  • Астана
  • Астана
Архивтен табылған сирек кадрлар қаланың қайталанбас келбеті мен ерекше көріністерін сақтап қалған

Целиноградтың тап-тұйнақтай көшелері қандай еді? Көгершін қуған балалар, күнге шағылысып, мың құбылған фонтандар, саябақта қол ұстасып қыдырған ғашықтар… Тың игерушілер қаласы, еңбекқор жастар қаласы, үкілеген үміттер қаласы…

Арада бірнеше жыл өтсе де, қаланың келбеті адам танымастай өзгерді. Елорданың сән-салтанатын, түнгі Астананың көздің жауын алар сұлулығын тамашалауға әлемнің түпкір-түпкірінен туристер келіп жатады. Жаңа қалада өмір сүру салты мүлдем басқа.

Архив суреттерге зер салып, қаланың қалай өзгергеніне куә болыңыз.

Толығырақ Sputnik фотолентасында жазылған.

325
  • Целиноград
    © Sputnik / Юрий Куйдин

    Астана тұрғындары бұл суретті көріп таңғалатын шығар. Ең қарбалас уақыттың өзінде небәрі үш-төрт көлік жүреді! Бір қызығы, бұл – Целиноградтың орталық көшелерінің бірі, 1975 жыл.

  • Целиноград
    © Sputnik / Владимир Федоренко

    Ленин алаңында балалар көгершіндерге жем шашуда.

  • Целиноград
    © Sputnik / Владимир Федоренко

    Тың игерушілер сарайын салуды Никита Хрущев ұсынып, қалада өндіріс озаттарының республикалық жиындарын өткізуді жоспарлаған еді. Ол үшін үлкен әрі заманауи зал қажет болды. Суретте: Тың игерушілер сарайы алдындағы алаң, 1983 жыл.

  • Целиноград
    © Sputnik /

    Ақ фартук, қара көйлек киген оқушылар емтиханға дайындалып, түлектер кешін асыға күтіп, болашаққа зор үмітпен қарайды. Суретте: Ленин алаңы, 1983 жыл.

  • Целиноград
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Тұрмыс үйі алдында баласымен қыдырып жүрген жас ана, 1979 жыл.

  • Астананың архив суреті
    © Photo : из фондов Национального музея РК

    Елорданы Алматыдан Ақмолаға (Целиноград қаласының атауы 1992 жылы өзгертілді) көшіру – қала тарихындағы шешуші кезең.

  • Астананың архив суреті
    © Photo : из фондов Национального музея РК

    Ел аузында, әзіл-шыны аралас, елордамызды құрылыс крандары қаласы деп атайды. Астананың Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылы 6 шілдеде қабылданды. Елорданың ресми көшірілген күні – 1997 жыл 10 желтоқсан.

  • Астананың архив суреті
    © Photo : из фондов Национального музея РК

    Астана (қаланың жаңа атауы 1998 жылы бекітілді) күн санап қарыштап дамып келеді

  • Астананың архив суреті
    © Photo : из фондов Национального музея РК

    Елорданың көкжиегі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде: зәулім ғимараттар аспанмен таласып, әсіресе, сол жағалау барған сайын кеңейіп жатыр. Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастар арман қуып Астанаға келеді.

  • Астананың архив суреті
    © Официальный сайт Президента РК /

    Құрылыс күндіз-түні жүріп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша жаңа Астанада заманауи ғимараттар бой көтерді.

  • Астананың архив суреті
    © Официальный сайт Президента РК /

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жобалар бекітілгеннен бастап, ғимарат пайдалануға берілгенге дейін құрылыс барысын өзі қадағалайды.

  • Астананың архив суреті
    © Sputnik / Сергей Субботин

    Астананың Еуразиялық стилі – Елбасы ұсынған идея қазір де Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін ұштастырып, жүзеге асырылып жатыр. Суретте: Есіл жағасы, 90-шы жылдардың аяғы.

  • Целиноград
    © Sputnik / Юрий Куйдин

    Астананың ертеден келе жатқан қатты аязы мен дүлей боранына елордалықтар әбден үйреніп алған, климаттың қатал сыны адамның рухын көтеріп, мінезін шыңдайды.

  • Астананың архив суреті
    © Photo : из фондов Национального музея РК

    Астананың зәулім ғимараттары бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы ерекше келбетке ие. "Зажигалка", "чупа-чупс", "доллар" сияқты күлкілі атауларды алғаш естіген елорда қонағы таңырқап қалары сөзсіз.

  • Астана
    © Sputnik / Сергей Субботин

    Қаланың көркін жаңа саябақтар мен скверлер одан сайын ажарландыра түсуде. Суретте: Астана, 2004 жыл.

  • Астана
    © Официальный сайт Президента РК /

    Дарынды балалардың туған үйіндей болған қазіргі Оқушылар сарайының жобасы.

  • Астана
    © Sputnik /

    Астана қаласының Самал шағын ауданы.

  • Астана
    © Photo : предоставлено Государственным архивом Астаны

    20 жыл бұрын Астананың орнында кең жазира дала болғанын қазір елестету қиын.

Кілт сөздер:
қала келбеті, тарих, Астананың 20 жылдығы, Целиноград, Астана

Жойқын жарылыстан кейінгі Бейрут қаласының қазіргі көрінісі фото

1397
  • Қауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
  • Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды бомбалаудан кейінгі қала деп сипаттауға болады.
  • Күшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
  • Ливан астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
  • Қаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
  • Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
  • Үш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
  • Зардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
  • Жарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
  • Бейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
  • Бейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
  • Қала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
  • Бірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
  • Жарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
  • Жарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
  • Бейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
  • Қираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
  • Зардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
  • Жарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.
Ливан астанасындағы жойқын жарылыс жүз отыздан астам адамның өмірін қиды. Бейруттың мыңдаған тұрғыны жарақат алып, көптеген адам ауруханада орын жетпеуінен медициналық көмек ала алмады

Жарылыс салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін Ливанда үш күндік аза тұту жарияланды. Ал Бейруттың өзінде төтенше жағдай жарияланды.

Мамандар сейсенбі күні кешке болған жарылыстың күшін төрт жарым баллдық жер сілкінісімен теңестіруде – ол Ливан астанасынан қашық жерде де сезілген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ливандық әріптесі Мишель Аунуға қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Айта кетейік, Ливанда бітімгершілік миссиясының қазақстандық әскери қызметшілері де бар.

Бейрут қаласының қайғылы жағдайдан кейінгі және қалпына келтіру жұмыстарының басталып жатқан көрінісі бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

1397
  • Қауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
    © AP Photo / Hussein Malla

    Қауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.

  • Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды бомбалаудан кейінгі қала деп сипаттауға болады.
    © REUTERS / Mohamed Azakir

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды "бомбалаудан кейінгі қала" деп сипаттауға болады.

  • Күшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
    © Sputnik / Vissam Matta

    Күшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.

  • Ливан астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
    © REUTERS / Aziz Taher

    Ливан астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.

  • Қаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
    © Sputnik / Vissam Matta

    Қаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.

  • Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
    © REUTERS / Mohamed Azakir

    Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.

  • Үш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
    © Sputnik / Michael Alaeddin

    Үш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.

  • Зардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
    © Sputnik / Michael Alaeddin

    Зардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.

  • Жарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
    © AP Photo / Hassan Ammar

    Жарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.

  • Бейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
    © REUTERS / Issam Abdallah

    Бейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.

  • Бейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
    © AP Photo / Hussein Malla

    Бейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.

  • Қала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
    © REUTERS / Aziz Taher

    Қала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.

  • Бірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
    © AP Photo / Hussein Malla

    Бірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.

  • Жарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
    © AP Photo / Hussein Malla

    Жарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.

  • Жарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
    © AP Photo / Hussein Malla

    Жарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.

  • Бейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
    © REUTERS / MOHAMED AZAKIR

    Бейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.

  • Қираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
    © REUTERS / MOHAMED AZAKIR

    Қираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.

  • Зардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
    © REUTERS / ISSAM ABDALLAH

    Зардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.

  • Жарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.
    © REUTERS / MOHAMED AZAKIR

    Жарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.

Кілт сөздер:
жүк кемесі, жарылыс

Әлемге әйгілі әсем мешіттер фото

185
(Жаңартылды 15:39 03.08.2020)
  • Мечеть Султана Омара в Брунее
  • Мечеть шейха Зайда в Абу-Даби
  • Кааба в главной мечети Мекки
  • Масджид ан-Набави, Медина, Саудовская Аравия
  • Великая мечеть Хасана II в Касабланке, Марокко
  • Голубая мечеть в Стамбуле
  • Мечеть Фанар в Дохе, Катар
  • Главная мечеть Путраджая в Малайзии
  • Государственный историко-архитектурный и художественный музей-заповедник Казанский Кремль
  • Мечеть в Куала-Лумпуре
  • Мечеть в Индии
  • Мечеть Хазрет султан
Sputnik Қазақстан әлемнің түрлі елдерінде бой көтеріп, әсемдігімен таң қалдырған мешіттердің фотосуреттер топтамасын ұсынады

Қазақстан мұсылмандары жыл сайын Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл мұсылмандардың басты мейрамдарының бірі.

Құрбан айт үш күнге созылады, оның алғашқы күні Қазақстанда демалыс жарияланады.

Дәстүр бойынша, мереке мешіттерге жиналған жамағаттың Айт намазын оқудан басталады. Алайда, биылғы жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, мешіттерде Айт намазы оқылмады.

Назарларыңызға ұсынылып отырған таңғажайып әсем ғимараттар өзінің әсемдігімен, әдемі сәулетімен, қайталанбас ерекшелігімен қайран қалдырады.

185
  • Мечеть Султана Омара в Брунее
    © AFP 2019 / Roslan Rahman

    Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешітінің үлкен алтын күмбезі жасанды шағын мүйістің су бетінен көрінеді. Бірегей ғимарат дәстүрлі шығыс және еуропалық сәулет өнерін біріктірген. 1958 жылы тұрғызылған бұл нысан Брунейге келген туристерді ерекше қызықтырады. Мешіттің қасындағы кеме тек ресми мемлекеттік рәсімдер кезінде ғана пайдаланылады.

  • Мечеть шейха Зайда в Абу-Даби
    © AP Photo / Jon Gambrell

    Абу-Дабидегі шейх Зайед мешіті – әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Керемет ғимарат өзінің ғажайып сәнімен таң қалдырады. 82 күмбез бен мыңдаған бағандар, алтын жалатылған аспашамдары бар ақ қабырғалы ғимарат күндіз де, түнде де жарық қосылған кезде керемет көрінеді. Мешіт 40 мың адамға дейін қабылдай алады.

  • Кааба в главной мечети Мекки
    © REUTERS / Faisal Al Nasser

    Әл-Харам мешіті (ұлы мешіт немесе қорғалған мешіт), оның орталық алаңында Ислам діні үшін қасиетті саналатын Қағба орналасқан. Дәл осы жерге қажылық парызын өтеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған мұсылман келеді.

  • Масджид ан-Набави, Медина, Саудовская Аравия
    © AFP 2019 / KHALED DESOUKI

    Пайғамбар мешіті – Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші маңызды ғимарат. Мұхаммедтің (с.а.с) қабірі жасыл күмбездің астында орналасқан. Ал күмбездің салынған уақыты белгісіз. Ислам тарихы бойынша мешіт тоғыз есе кеңейтілген.

  • Великая мечеть Хасана II в Касабланке, Марокко
    © AFP 2019 / Fadel Senna

    Касабланкадағы Хасан II мешіті өзінің айрықша ерекшелігімен таң қалдырады. Ғимарат Атлант мұхитының жағасына тұрғызылған. Оның бірнеше бөлмедегі еденіне орнатылған әйнектерден теңіз толқындарын көруге болады. Бұл жерде тек патша отбасының мүшелері ғана келуге құқылы болғандықтан, мешіт қарапайым келушілер үшін жабық. Мешіт мұнарасы әлемдегі ең биік мұнаралардың қатарында. Биіктігі – 210 метр.

  • Голубая мечеть в Стамбуле
    © AFP 2019 / BULENT KILIC

    Ыстамбұлдың басты мешіті – Көк мешіт (Сұлтанахмет мешіті), қаланың негізгі нышандарының бірі болып саналады. Ол 1609-1616 жылдары салынған. Безендіру кезінде ақ және көкпен боялған керамикалық тақтайшалар пайдаланылған. Қаланың биік жерінде орналасқан монументалды ғимарат алыстан менмұндалайды.

  • Мечеть Фанар в Дохе, Катар
    © AFP 2019 / STR

    "Маяк" мағынасын білдіретін "Фанар" мешіті Дохада (Катар) орналасқан. Ислам мәдени орталығы төрт қабаттан тұрады және мұнаралары шиыршыққа ұқсайды. Ол түнде тиімді жарықтандырудың арқасында шынымен маяк ғимаратына ұқсайды.

  • Главная мечеть Путраджая в Малайзии
    © AFP 2019 / Manan Vatsyayana

    Путра мешіті күмбезінің айналасындағы тәж (Путражая, Малайзия) ерекше гүлдің жапырақшаларына ұқсайды. "Путра" мешіті қызғылт граниттен салынған, сондықтан оның қабырғаларында ерекше реңк бар.

  • Государственный историко-архитектурный и художественный музей-заповедник Казанский Кремль
    © Sputnik / Константин Чалабов

    Қазандағы Құл-Шариф мешітінің керемет мұнаралары мен ақ қарлы қабырғалары керемет сұлулық бейнесін жасайды. Құл-Шариф мешіті – Татарстанның басты Алла үйі. Ол Иван Грозный әскерлерінен Қазанды қорғаған әскери жетекшінің есімімен аталған.

  • Мечеть в Куала-Лумпуре
    © AFP 2019 / Manan Vatsyayana

    Куала-Лумпурдағы Вилаят Персекутуан мешітінің көгілдір күмбездері Ыстамбұлдың көк мешітіне ұқсайды. Бұл діни ғимарат қаланың басты назар аударарлық орындарының бірі болып табылады және мұнда ғажайып сұлулықты көруге құштар қажылар мен туристер көптеп келеді.

  • Мечеть в Индии
    © AFP 2019 / Chandan Khanna

    Джама Масжид – Үндістандағы ең үлкен мешіт. Оның орталық ауласы бір уақытта 20 мың адамды қабылдай алады. Бұл жерде туристер мұнараларға шығып, биіктен керемет көріністі тамашалайды.

  • Мечеть Хазрет султан
    © Sputnik / Болат Шайхинов

    Ертегі сарайын еске түсіретін Хазірет Сұлтан мешіті 2012 жылы Қазақстан астанасындағы ерекше нысандар тізіміне қосылды. Алтын түсті өрнектермен көмкерілген ақ түсті мұнаралар мен күмбездер күн нұры мен жылылықты тарта түскендей жарқырайды.

Кілт сөздер:
құрбан айт, ислам діні, мешіт
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері сұмдық оқиғаға қатысы бар күдіктіні шекарада тұтқындады

1027
(Жаңартылды 13:14 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқанда сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

1027
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды