Жойқын дауыл Қытай мен Филиппиннің астаң-кестеңін шығарды: қорқынышты фотолар

18415
(Жаңартылды 16:34 02.10.2018)
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
  • Мангхут тайфунының салдары
"Мангхут" тайфуны Гонконг пен Филиппиннің астаң-кестеңін шығарды. Дауылдан кейінгі су тасқыны үйлерді қиратып, ағаштарды құлатып кетті.

Жойқын тайфун жұма күні кешке Филиппиннің солтүстік-шығыс жағалауын ойрандады. Кейбір аралдарда желдің жылдамдығы сағатына 170 шақырымға, толқынның биіктігі  алты метрге жеткен. 

Соңғы мәлімет бойынша, Филиппиндегі "Мангхут" тайфунынан қаза тапқандардың саны 65 адамға жетті. РИА Новости жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлағанындай, 64 адам жарақат алды, 43 адам хабар-ошарсыз кеткен. Гонконгта апаттан 350-ден астам адам зардап шекті. Тайфун жексенбі күні қаланы қиратты.

Супертайфунның жантүршігерлік салдарын Sputnik фотолентасынан көріңіздер.  


18415
  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Jason Lee

    Куәгерлердің айтуынша, күшті жел көшедегі адамдарды ұшырып әкеткен. Фотода: Шэньчжэнь қаласында әйел жолдан жүгіріп өтіп бара жатыр, Қытай

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Bobby Yip

    Хэн-Фа-Чуенде тұрғын алапта орналасқан жағалаудағы биік толқындар, Гонконг

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Bobby Yip

    Жойқын жел Гонконгтағы көпқабатты үйлердің бірінің терезелерін сындырды

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Jason Lee

    Дауылдан кейін түнерген аспан. Шэньчжэнь, Қытай.

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Harley Palangchao

    Құтқарушылар Филиппиннің Багио қаласында көшкіннің астында қалған үйлерден адамдарды іздеп жатыр.

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Bobby Yip

    Журналист жаңбырдан бой тасалап, Гонконгтан репортаж жасауға тырысуда

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Jason Lee

    "Мангхут" биылғы жылғы 22-ші және ең жойқын дауылдардың бірі болды

  • Мангхут тайфунының салдары
    © AP Photo / Bullit Marquez

    Қытайдың оңтүстік жағалау аймақтарында қауіптің ең жоғары – "қызыл" деңгейі жарияланды. Филиппинде тайфун аймақта тұратын 250 мыңнан астам адамды әуреге салды, олардың жартысы орталықтарға көшірілді.

  • Мангхут тайфунының салдары
    © REUTERS / Jason Lee

    Соңғы мәлімет бойынша, Филиппиндегі "Мангхут" тайфунынан қаза тапқандардың саны 65 адамға жетті. Суретте: Қытайдың Гуандун провинциясындағы құрылыс алаңы.

  • Мангхут тайфунының салдары
    © AP Photo / Vincent Yu

    Дауыл таулы жерлерде лай көшкінін, ал қалаларда су тасқынын тудырды.

Кілт сөздер:
топан су, табиғи апат, дауыл, Қытай
Тақырып бойынша
Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар
Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіт неліктен олай істегенін айтып берді
Астананы су алып кетті: сенаторлар шара қолдануды талап етеді
Сот Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіттерге туған күнге сый жасады
Астанада қайықпен жүзгендердің ісі бойынша тың дерек шықты
Астанада нөсер жаңбыр кезінде қайықпен жүзген екі жігіт жазаланды
Батыс Қазақстан тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр
Загрузка...