Фантастика! Табиғаттың тамсандырар сұлулығын паш ететін 13 айшықты сурет

293
(Жаңартылды 17:35 15.10.2018)
  • Чилидегі мәрмәр үңгірлер
  • Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы
  • Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар
  • Памуккале
  • Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы
  • Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай
  • Коринф арнасы
  • Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл
  • Қытайдағы Аспан қақпасы
  • Иаков бұлағы
  • Австралияның 12 апостолы
  • Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайы
  • Жаңа Зеландия
Табиғаттың шебер қолы бейнелеген көздің жауын алар көріністер қайталанбас көркімен адамға ерекше әсер қалдырады

Таңдай қақтырар фантастика, қайталанбас шедевр! Әлемнің түпкір-түкпіріндегі осы бір әсем жерлер туристерді еріксіз баурап алады. Чилидегі мәрмәр үңгірлер, Памуккаледегі аппақ қабырғалар, Исландиядағы көкпеңбек лагуна – адам өмірінде тым құрығанда бір рет көруі тиіс таңғажайып жерлердің бір бөлігі ғана.

Алысқа сапар шегуге әлі дайын емес болсаңыз, тұмса табиғат көріністерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

Тағы оқыңыз:

293
  • Чилидегі мәрмәр үңгірлер
    © Depositphotos / Naticastillog

    Чилидегі мәрмәр үңгірлер күлгін түстен ашық көгілдір түске дейін мың құбылып, көздің жауын алады. Сол себепті мұнда жылма-жыл келетін туристер саны еш толастаған емес. Табиғи лабиринт Хенераль көлінде орналасқан.

  • Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы
    © Fotolia / GigiPeis

    Солтүстік Ирландияның Ольстер жеріндегі Алыптар жолы қатар-қатар орналасқан 40 мыңдай базальт колоннасынан тұрады. Ертегідегі дәудің соқпағын елестетін бұл жер туристер арасында өте танымал. Айрықша жол бағзы заманда жанартау атқылауынан кейін пайда болыпты.

  • Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар
    © Sputnik / Anton Denisov

    Ресейдің Лена өзені жағалауындағы тіп-тік жарлар алыстан менмұндалайды. Жартастарға жету үшін әуелі қайықпен жүзіп барып, әрі қарай үш шақырым жоғары көтерілуге тиіссің.

  • Памуккале
    © Sputnik / Alexei Danichev

    Түркияның Памуккале геотермальды бұлақ бастарында орналасқан әппақ қабырғалар – табиғаттың сыры ашылмаған жұмбақ жерлерінің бірі. Температурасы 36 градус табиғи ваннаға шомылу әркімге арман.

  • Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы

    Вьетнамдағы Понгур сарқырамасы баспалдақтан айнымайды. Биіктігі шамамен 40 метр.

  • Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай

    Мексиканың Мариета аралдарындағы жабық жағадай – қолдан жасалған ландшафттардың бірі. Кезінде бұл жерде сынақ жүргізіліп, бомбалар жарылған. Табиғаты сұлу аралда көптеген өзгерістер болды, табиғаттан асқан шебер жоқ шығар, сірә. Уақыт өте келе жартастардағы ойықтар үлкейіп, Мексиканың ғажайып жағажайларының біріне айналып отыр.

  • Коринф арнасы
    © AFP 2018 / Aris Messinis

    Коринф арнасының қабырғаларының биіктігі 76 метрге жетеді. Эгей және Ион теңіздерін қосатын арна салу туралы гректер көне замандардан бері армандаған. Алайда бұл жоба XIX ғасырдың соңында ғана жүзеге асты. Қазір ірі кемелер бұл арнамен жүзе алмайды, есесіне биік құздан секірушілер мен басқа да экстремалды спорт түрлеріне таптырмайтын орын болды.

  • Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл
    © AFP 2018 / Joel Saget

    Көгілдір лагуна – Исландияның Рейкьянес түбегіне орналасқан геотермальды көл. Табиғи бассейндегі судың температурасы ең суық мезгілдің өзінде 37-40 градустан төмендемейді.

  • Қытайдағы Аспан қақпасы

    Қытайдағы "Аспан қақпасы" атты табиғи арка жер сілкінісі салдарынан біздің дәуіріміздің 260 жылы пайда болған. Бұл "терезеден" түскен жарыққа шомылу үшін, 999 баспалдақты басып, жоғары көтерілуге тиіссің.

  • Иаков бұлағы

    Халық арасында Иаков бұлағы деген атқа ие су түбіндегі үңгір әлемдегі ең әсем жерлердің біріне жатады. Бірақ сұлулығының астарында "тылсым күш" жатыр. Кей сүңгуірлер осы үңгірге аттанып, сол беті оралмаған. Су түбіндегі карстық шұңқырларда адамның адасып кетуі оп-оңай.

  • Австралияның 12 апостолы
    © AFP 2018 / Indranil Mukherjee

    Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауындағы әктас жартастары Порт-Кэмпбелл ұлттық саябағында орналасқан. Қайталанбас табиғат көрінісі туристер үшін тартымды жерлердің біріне айналды.

  • Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайы

    Көздің жауын алатын әсем жағажай тылсым ерекшелігімен туристердің үрейін туғызуы әбден мүмкін. Австралияның Витсандей аралындағы Уайтхэвен жағажайының құмы аптап ыстықта да сәл ғана жылы температурасын сақтап тұрады. Құм түйіршіктерінің құрамындағы кремний диоксиді фотоаппараттар мен видеокамераларға зиянын тигізеді.

  • Жаңа Зеландия

    Пішіні шар тәріздес, диаметрі алты метрден асатын, қақ ортасынан бөлінген гранит жартас Тасман теңізінің жағалауында орналасқан. Қиялшыл жандар бұл мекенді махаббат дастанымен байланыстырады, сондықтан үйлену тойының фотосессиясын түсіруге ең танымал жерлердің бірі болып саналады.

Кілт сөздер:
туризм, саяхат, әлемде, табиғат, фотолента
Тақырып бойынша
Армандар орындалады: тілек тілеуге арналған сиқырлы жерлер
Биыл жазда қайда демалуға болады – Назарбаев кеңес береді
Еуропаға саяхат: Кәрі құрлықтағы ең қызықты жерлер
Загрузка...