Акула, жылан, медуза: әлемнің ең қауіпті жағажайлары - фото

1040
(Жаңартылды 18:12 28.10.2018)
  • Гансбай жағажайы, ОАР
  • Австралиядағы Дарвин жағажайы
  • Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан
  • Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы
  • Пели аралдары, Канада
  • Нью-Смирна-Бич, Флорида, АҚШ
  • Реюньон аралы, Үндістан мұхиты
  • Рамри аралы, Бирма
  • Кеймада-Гранди аралы, Бразилия
  • Австралиядағы Квинсленд жағажайы
Биік-биік пальмалар, аппақ құм, жаға соққан толқындар – табиғаттың тамсандырған сұлулығы адам баласына қауіп төндіретініне сенгің келмейді

Акула, медуза, жылан, қолтырауын – теңіз жағалауында қауіп төндіретін басқа қандай қорқынышты тіршілік иелері бар?

The Travel порталы ұсынған Топ-10 қорқынышты жағажайды фотолентасынан тамашалаңыз.

1040
  • Гансбай жағажайы, ОАР

    ОАР-дағы Гансбай жағажайы мен...акулалар. Тамаша демалыс орындары және балықшылардың ауылдарымен танымал таңғажайып жағалауды акулалардың астанасы деп атауға болады. Бұл жердегі ең қызықты аттракциондардың бірі – тордың ішінде су астына түсіп, жыртқыштармен бетпе-бет кездесу.

  • Австралиядағы Дарвин жағажайы

    Австралиядағы Дарвин жағажайы: медузалар, акулалар мен қолтырауындар. Қолтырауындардың жұмағы десек, артық айтқанымыз емес. Олардың мекеніне аяқ баспаған абзал. Оның үстіне, жағалауға жақын жерге көптеген медуза жүзіп келеді. Теңіз түбіне сүңгу – ажалға апарар тура жол: онда – күшті толқындар мен акулалар бар.

  • Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан
    © Sputnik / Maria Kosareva

    Калангут жағажайы, Гоа, Үндістан... сиырлар. Жағажайда демалушыларға ең қауіпті жануар кәдімгі сиыр болады деп кім ойлаған. Солтүстік Гоа туристер арасында өте танымал жер: көздің жауын алатын жағажайлар, алаулап батқан күннің қайталанбас көрінісі, жып-жылы теңіз суы. Бірақ Калангут туристері жағалауда жайылып жүрген сиырлардан сақтануы тиіс. Жалаң аяқ жағажайда қыдырғысы келетіндер оқыс жағдайға тап болуы мүмкін.

  • Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы
    © AP Photo / Kin Cheung

    Гонконгтегі Рипалс-Бей жағажайы: балдырлар мен бактериялар. Рипалс-Бей қаланың бай ауданында орналасқан, жағажайдың бойында аспанмен таласқан зәулім ғимараттар бар. Дегенмен, жағажайдың жағымсыз жақтары да аз емес. Қоқыс пен балық өлекселерімен қоймай, теңіз суы балдырға толы.

  • Пели аралдары, Канада

    Пели аралдары, Канада: балдырлар. Пели аралдарының салқын суы қызықтыруы мүмкін, бірақ біраз тосын сый көңіліңізге жақпайтыны анық. Жағалауға жақын өсетін көк-жасыл балдырлар суда түрлі бактериялар таратып, теріңіз бен асқазаныңызға зиянын тигізуі ықтимал.

  • Нью-Смирна-Бич, Флорида, АҚШ

    Флорида штатындағы Нью-Смирна-Бич: акулалар. Нью-Смирна-Бич жүзушілер мен серферлер үшін таптырмас мекен, акула аулайтындар да осы жерден шықпайды. Өйткені теңізде жыртқыш балықтар өріп жүр.

  • Реюньон аралы, Үндістан мұхиты
    © AFP 2019 / Richard Bouhet

    Реюньон аралы, Үндістан мұхиты: акулалар. Осы бір жұмақ аралы демалыс үшін таптырмас орын болар еді, бірақ акулалар ордасы деген атағы шыққалы бері туристердің зәре-құтын қалдырмайды. 1999 жылы аралда акуланы тамақ үшін аулауға тыйым салынды. Содан бері олардың саны анағұрлым көбейген.

  • Рамри аралы, Бирма

    Рамри аралы, Бирма: қолтырауындар. Рамри аралы қолтырауындар үшін аса жайлы мекен. Мұнда ит тұмсығы батпайтын мангр нуы өседі. Жыртқыштардың денесінің ұзындығы алты метрге дейін жетеді екен!

  • Кеймада-Гранди аралы, Бразилия

    Кеймада-Гранди аралы, Бразилия: Бұл аралдың атауы қазақ тіліне аударылғанда "Жыландар аралы" дегенді білдіреді, аты айтып тұрғандай, қойнауы улы жыландарға толы. Аралға сапар шеккен саяхатшылар мен жергілікті тұрғындар жылан уынан жиі зардап шегетін көрінеді. Бір шаршы метрге бес бас жыланнан келеді.

  • Австралиядағы Квинсленд жағажайы

    Австралиядағы Квинсленд жағажайы: теңіз толқындары бұл жағалауды сансыз көп медузаға толтырады. Бәрі бірдей қауіпті емес, әрине, дегенмен арасында улы медузалар да кезігеді. Квинсленд жағажайларын улы теңіз кесірткелері де мекендейді.

Кілт сөздер:
қолтырауын, медуза, акула, фото, жағажай, қауіп-қатер
Тақырып бойынша
Фантастика! Табиғаттың тамсандырар сұлулығын паш ететін 13 айшықты сурет
Армандар орындалады: тілек тілеуге арналған сиқырлы жерлер
Еуропаға саяхат: Кәрі құрлықтағы ең қызықты жерлер
Әлемдегі ең тылсым музей: су астында қандай құпия жатыр?

12 миллион жылдық жартастар: Шарын шатқалының ғажайып көріністері фото

194
(Жаңартылды 19:07 14.09.2020)
  • Шарын шатқалындағы бұл жерді Қамалдар аңғары деп атайды
  • Шарын шатқалындағы қамалдар мен тік қабырғаларының биіктігі 300 метрге дейін жетеді
  • Континенттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан басқа ештеңе өспейді
  • Шарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан
  • Шөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен пайда болған
  • Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан
  • Шарын шатқалындағы әйгілі тас қақпалар мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалған
  • Ұзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм жабайы болды
  • Ғажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда
  • Марс ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар
  • Айрықша пішіндегі тастар өбісу деп аталады
  • Күн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды
  • Жергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады
  • Олар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр
  • Жергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек
  • Шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар
  • Қазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар
  • Өзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады
  • Шарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана
  • Еуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды
Шарын шатқалы – бұл шөгінді тау жыныстарын мыңжылдық жел мүжуінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар, бағандар мен мұнаралар пішіні қалыптасқан таңғажайып жер

Шарын ұлттық саябағының аумағы 127 мың гектарды құрайды. Sputnik Қазақстан сайтынан табиғи ескерткіштердің ғажайып көрінісін тамашалаңыз.

Бұл шатқал 2004 жылы 23 ақпанда құрылған Шарын ұлттық паркінің бөлігі болып табылады.

Шарын шатқалы 154 шақырымға созылып жатыр, тік қабырғалардың биіктігі 100-ден 300 метрге дейін. Ол Алматыдан шығысқа қарай 195 шақырым жерде, Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан.

Ол АҚШ-тың Үлкен шатқалына ұқсас, бірақ салыстырмалы түрде одан кіші болып келеді және Еуразия континентіндегі жалғыз шатқал.

Қазір бұл жерде төрт туристік маршрут бар. Негізгі көрікті жерлер: шатқалдың өзі, "Қамалдар аңғары", Шағанды тоғай және Темірлік шағын шатқалы.

Шарын шатқалындағы экотуризм

Алдағы уақытта Шарын шатқалындағы инфрақұрылым мен экологиялық туризмді дамыту жоспарланған. Яғни, 2025 жылға дейін төрт жаяу жүру жолдарын жабдықтауды, екі келушілер орталығын, этноауылдар мен үш көру алаңын, кемпингтер, кафелер мен кәдесый дүкендерін салу жоспарға енгізілген.

Сондай-ақ, ашық аспан астындағы 50 орындық мейрамхана, 50 орындық эко-қонақ үй, ұлттық тағамдар ұсынатын 50 орындық кафе, 100 көлікке арналған автотұрақ пен балалар алаңын салу көзделген.

Шарын шатқалына түсер тұста велосипедтерді жалға беру пункттері мен дәретханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт және жартасты жолдар бар.

Сонымен қатар, жабайы жануарларды табиғи тіршілік ету ортасында бақылау үшін бақылау мұнаралары салынады.

Оған қоса, шатқалға түсуге арналған баспалдақ пен Шарын өзеніндегі жаяу көпір салу жоспарланған. Жаяу серуендеу жолы Темірлік өзеніндегі шағын шатқалға апарады. Бұл жерде де көру алаңы мен тынығу орындары және аспалы көпір болады.

Оқи отырыңыз: Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

Мұның барлығының құны шамамен 1,2 миллиард теңгеге жуықтайды. Ұлттық паркті жеке инвестициялар есебінен жаңартуға болады деп болжанып отыр.

Ал жаңартылғаннан кейін шатқалға кіру құны 500 немесе 600 теңгені құрайды.

194
  • Шарын шатқалындағы бұл жерді Қамалдар аңғары деп атайды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалындағы бұл жерді "Қамалдар аңғары" деп атайды. Ертегідегі қамалдарға ұқсайтын таңғаларлық пішіндегі тау жыныстары мыңдаған жыл бойы желдің күшімен ойылып осындай көрініске ие болған.

  • Шарын шатқалындағы қамалдар мен тік қабырғаларының биіктігі 300 метрге дейін жетеді
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалындағы "қамалдар" мен тік "қабырғаларының" биіктігі 300 метрге дейін жетеді – бұл шынымен де орасан зор.

  • Континенттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан басқа ештеңе өспейді
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Континенттегі жалғыз Шарын шатқалында сексеуіл мен шағаннан (діңі қатты ағаш) басқа ештеңе өспейді.

  • Шарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалындағы тау жыныстары ежелде қалыптасқан – кейбір болжамдар бойынша олардың жасы 12 миллион жыл.

  • Шөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен пайда болған
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шөгінді жыныстар мыңжылдық процестердің бұзылуы әсерінен рельефтің бастапқы формасы оқшауланған жартастар мен бағандардың, мұнаралар сияқты пішіндерге ұқсастығымен туристердің көз қуанышына айналды.

  • Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Бұл шатқал америкалық Үлкен шатқалдан кіші. Шарын шатқалы Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытаймен шекарадан алыс емес жерде орналасқан.

  • Шарын шатқалындағы әйгілі тас қақпалар мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалған
    © Sputnik / Тимур Батыршин


    Шарын шатқалындағы әйгілі тас "қақпалар" мыңдаған жылдар бойы ашық күйінде қалып, туристерді тәнті етеді.

  • Ұзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм жабайы болды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ұзақ жыл бойы Шарын шатқалындағы туризм "жабайы" болды. Еріктілер жыл сайын ұлттық саябақ аумағынан тонналаған қоқысты шығарды.

  • Ғажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Ғажайып қорық қазір де адамдар жауапсыздығының зардабын тартуда.

  • Марс ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    "Марс" ғаламшарындағы қамалдарға ұқсаған таңғажайып жартастар. Әдемі көріністерді туристерден қалған қоқыстар бұзды.

  • Айрықша пішіндегі тастар өбісу деп аталады
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Айрықша пішіндегі тастар "өбісу" деп аталады. Бұл Шарын шатқалының ерекшелігін арттыра түседі.

  • Күн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Күн батар алдында аспандағы бұлттар Шарын шатқалын жұмбақ әрі күңгірт түске бояйды.

  • Жергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жергілікті биліктің шешімімен, жақын арада Шарын шатқалы көлік жүргізушілері үшін мүлдем жабық болады.

  • Олар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Олар жаяу серуендеу жолдарын кеңейтіп, демалыс орталықтарына күрделі инфрақұрылым салу арқылы әртараптандыруды жоспарлап отыр.

  • Жергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Жергілікті шенеуніктердің пікірінше, экотуризм басымдыққа ие аймаққа айналуы керек. Ұлттық саябақтың аумағында біртіндеп "жасыл" технологияларға негізделген арнайы демалыс аймақтары пайда болады.

  • Шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Сондай-ақ, шатқалға түсетін баспалдақ пен Шарын өзенінің үстіне жаяу жүретіндерге арналған көпір салу жоспарда бар.

  • Қазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Қазір шатқалда төрт жаяу серуендеу жолы бар. 2025 жылға қарай екі келушілер орталығы мен этноауылдар, үш көру алаңы мен кемпингтер, кафелер мен кәдесыйлар дүкенін салу жоспарланып отыр.

  • Өзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Өзеннің жанында шатырлы қалашықтар мен оңай орнатылатын модульдік құрылымдардан жасалған глэмпингтер салынады.

  • Шарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Шарын шатқалындағы қоғамдық дәретхана. Бағасы – 100 теңге.

  • Еуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин

    Еуразиядағы жалғыз шатқалды қамтитын ұлттық парк 2004 жылы құрылды.

Кілт сөздер:
табиғат, Алматы облысы, тау шатқалы

Қордай ауылдары қалай қалпына келтірілуде фото

353
(Жаңартылды 17:55 03.09.2020)
  • Қақтығысқа қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді
  • Кішкентай балалары бар отбасылар аман қалу үшін өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды
  • Тәртіпсіздіктерге ұласқан қақтығыс нәтижесінде 103 мүлікке әр түрлі деңгейде зиян келтірілді
  • Ақпан оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілді
  • Қазіргі кезде мемлекеттік және демеушілік қолдау есебінен ауылдарда 103 нысан қалпына келтірілуде
  • Бүлік кезінде қираған тұрғын үйлерді түгел қалпына келтіру бірден мүмкін болмады
  • Ауылдағы қираған үйлер мен дүкендер және әкімшілік ғимараттар біртіндеп қалпына келтірілуде
  • Жамбыл облысының басшысы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталғандардың туыстарымен үнемі кездесіп тұрады
  • Сондай кездесулердің бірінде ол аймақта заң қатаң сақталатынын баса айтты
  • Іс бойынша 400-ден астам түрлі сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 342 адам жаппай тәртіпсіздіктің құрбаны деп танылды
Қордай ауданының ауылдарында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан бүлінген тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар мемлекет қаржысы мен демеушілерді көмегімен қалпына келтірілуде

Жамбыл облысының ауылдық округтеріндегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін алты айдан астам уақыт өтсе де, кейбір ғимараттар әлі де қирап жатыр.

Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер 7 ақпанға қараған түні болды. Қайғылы оқиғалардың салдарынан он адам көз жұмды. Тағы бір марқұмның денесі кейінірек өртенген ғимарат үйінділерінің арасынан табылды.

Тұрғын үйлер мен коммерциялық ғимараттар, сондай-ақ автокөліктер отқа оранды. Жаппай тәртіпсіздікке мыңнан астам адам қатысып, 780 отбасы зардап шекті.

Осы оқиғаға байланысты 120-дан астам қылмыстық іс ашылғаны белгілі болды. Оқиға қатысқан 50-ге жуық адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді

1 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай өңіріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ол толқудың басты себебі, қылмыстық топтар арасындағы қақтығысқа әкеп соққан заңсыз табыс көздерін бақылау үшін күрес болғандығын атап өтті.

Ауылдағы қалыпты өмірді қалпына келтіруге жан-жақтан көмек көрсетілді: залал-зардапты жоюға түрлі ұйымдар қатысты. Облыстық қор қаражатынан басқа, жергілікті "Нұр-Ниет" пен "Әулие-ата-демеу" қоры, "Бәйтерек" қоры мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры зардап шеккендерді қолдауға қаржы бөлді.

353
  • Қақтығысқа қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Жамбыл облысында 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданының Сортөбе, Ауқатты, Қаракемер, Масаншы, Қарасу және Қарасай ауылдық округтерінің аумақтарын қамтыған қақтығыс болды. Оған қатысушылар үйлер мен дүкендерді, кеңсе ғимараттарын, көліктерді өртеді.

  • Кішкентай балалары бар отбасылар аман қалу үшін өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болды
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Аудан тұрғындары, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар аман қалу үшін өз үйлерінен қашуына тура келді. БАҚ-тың хабарлауынша, тәртіпсіздіктер кезінде шекарадағы өткізу бекеттері арқылы елден 24 мыңға жуық адам кеткен. Келесі күні таңертең-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай өңіріндегі зардаптарды жою үшін үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

  • Тәртіпсіздіктерге ұласқан қақтығыс нәтижесінде 103 мүлікке әр түрлі деңгейде зиян келтірілді
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Тәртіпсіздіктерге ұласқан қақтығыс нәтижесінде 103 мүлікке әр түрлі деңгейде зиян келтірілді.

  • Ақпан оқиғасынан зардап шеккен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілді
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Ақпан оқиғасынан зардап шеккен тоғыз отбасыға жалпы сомасы 2,2 миллион теңге шамасында қаржылай көмек көрсетілді. Қоғамдық қорлардан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына 4,7 миллион теңге көлемінде дүнген этномәдени бірлестігі мен Қордай ауданының кәсіпкерлері және Сортөбе, Қаракемер ауылының тұрғындары қол ұшын созды.

  • Қазіргі кезде мемлекеттік және демеушілік қолдау есебінен ауылдарда 103 нысан қалпына келтірілуде
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    "Қазіргі кезде мемлекеттік және демеушілік қолдау есебінен ауылдарда 103 нысан қалпына келтірілуде. Оның 71-і – демеушілер есебінен, ал 32 нысан –меншік иелері есебінен жүргізілуде", – деді Қордай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаев.

  • Бүлік кезінде қираған тұрғын үйлерді түгел қалпына келтіру бірден мүмкін болмады
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Ақпан айында жаппай тәртіпсіздіктен қорқып қалған өңірдегі қазақстандықтар елден кетіп бара жатқанда, жергілікті билік олардың қалыпты өмірге оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қайғылы оқиғадан бір апта өткен соң, олар өз үйлеріне қайтып келді. Алайда, бүлік кезінде қираған тұрғын үйлерді түгел қалпына келтіру бірден мүмкін болмады.

  • Ауылдағы қираған үйлер мен дүкендер және әкімшілік ғимараттар біртіндеп қалпына келтірілуде
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Соған қарамастан, ауылдағы қираған үйлер мен дүкендер және әкімшілік ғимараттар біртіндеп қалпына келтірілуде.

  • Жамбыл облысының басшысы тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталғандардың туыстарымен үнемі кездесіп тұрады
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Қордай өңірінің тұрғындарымен, оның ішінде тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандардың туыстарымен үнемі кездесіп тұрады.

  • Сондай кездесулердің бірінде ол аймақта заң қатаң сақталатынын баса айтты
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Сондай кездесулердің бірінде ол аймақта заң "қатаң сақталатынын" баса айтты. Бердібек Сапарбаев тамыз айының басында ұсталғандардың туыстарымен болған әңгімеде заңды бұзған және кінәсі дәлелденгендердің бәрі жазалануы керек деп атап өтті. "Барлығы заңға сәйкес болуы керек. Бұл мәселе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында", – деді аймақ басшысы.

  • Іс бойынша 400-ден астам түрлі сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 342 адам жаппай тәртіпсіздіктің құрбаны деп танылды
    © Photo : Фонд развития социальных проектов Samruk-Kazyna Trust

    Іс бойынша 400-ден астам түрлі сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 342 адам жаппай тәртіпсіздіктің құрбаны деп танылды. 1,5 мыңнан астам адамнан жауап алынды. Тәртіпсіздікті бастаушылар мен белсенді қатысушылар екі жақтан да болған. Қазіргі кезде 59 ұлт өкілі, оның ішінде қазақтар мен дүнгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Кілт сөздер:
ауылдар, Жамбыл облысы
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0