Қазақ елін әлемге танытқан "Медеу" мұз айдыны архив суреттер

419
(Жаңартылды 12:27 21.01.2019)
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы Турист қонақүйі
  • Медеу мұз айдыны
  • Медеу мұз айдыны
  • Конькиші Виктор Шашерин
  • Динамо командасы (Алматы)
  • Медеу мұз айдыны
  • Борис Ельцин Медеу мұз айдынында
"Медеу" 50 жыл бұрын қандай еді? Бұл сирек кездесетін суреттерде сан рет рекорд жаңартқан әйгілі мұз айдынының тарихи сақталған

"Медеу" биік таулы мұз айдыны – тарихы тереңде жатқан айрықша мекендердің бірі.

Бұл Алматы қонақтары жиі баратын көрікті жер ғана емес, адамды баурап, өзіне тартатын ерекше қасиеті бар орын.

Күн сайын жүздеген адам келіп таза ауада коньки тебеді, Алматының сұлу табиғатын тамашалайды.

Sputnik Қазақстан назарларыңызға "Медеу" мұз айдынының тарихын ұсынады.

419
  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Биік таулы спорт кешені теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Суретте: "Медеу" мұз айдынындағы жарыс, 1970 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Мұзда шапшаң сырғанаудың құпиясы – таза ауа, биік тау және тұнық су. Суретте: КСРО-ның конькимен жүгіру спорты құрамасының мүшелері Людмила Титова (сол жақта) мен Людмила Фегина, 1970 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Мұз айдын ашылған күні (1951 жылдың 5 ақпаны) екі әлемдік және алты бүкілодақтық рекорд орнатылды. Суретте: коньки бойынша КСРО-ның әйелдер арасындағы біріншілігі, 1960 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Конькимен жүгірушілердің жоғары жетістігі арқасында мұз айдын "Рекордтар шеберханасы" деп аталып кеткен. Фотода: КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Мұратов, 1973 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Биік тауда жүгіру жолақтары бар әрі халық жаппай коньки тебуге келетін жасанды мұзды ашық стадион салу – сол заман үшін тым биік мақсат еді. Суретте: Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев пен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Ирина Роднина "Медеу" мұз айдынында, 1973 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Юрий Куйдин

    Тоңазытудың күрделі жүйесі жасанды мұзды сегіз ай бойы сақтауға мүмкіндік беретін. Фотода: спорт кешенінің көрінісі, 1973 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Иосиф Будневич

    Трибуналар 10,5 мың адамға есептелген. Фотода: Көрермендер Еуропаның әйелдер арасындағы конькимен жүгіру чемпионатын тамашалауда, 1974 жыл.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Птицын

    Жасанды мұзды сақтайтын тоңазытқыш қондырғылар, 1976 жыл.

  • Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы Турист қонақүйі
    © Sputnik / Дмитрий Дебабов

    Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы "Турист" қонақүйі.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Шидловский

    1972 жылы 28 желтоқсанда жаңа спорт кешенінің ресми ашылуы болады.

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Игорь Уткин

    Биік таулы мұз айдынында барлығы 123 әлемдік рекорд орнатылды. Фотода: еңбек сіңірген спорт шебері, 1000 метрге конькимен жүгіруден олимпиада чемпионы атанған Наталья Петрусева мен оның бапкері Анатолий Петрусев "Медеу" мұз айдынында, 1983 жыл.

  • Конькиші Виктор Шашерин
    © Sputnik / Владимир Родионов

    1984 жылы бес мың метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан конькиші Виктор Шашерин (Қазақ ССР) спорттық карьерасын Алматыдағы әйгілі мұз айдынынан бастаған.

  • Динамо командасы (Алматы)
    © Sputnik / В. Ваколкин

    Мұнда конькишілер ғана емес, қазақстандық хоккей командасы да бүкіл одақты дүркіретіп, топ жарды. Фотода: КСРО-ның допты хоккей чемпионы "Динамо" командасы (Алматы).

  • Медеу мұз айдыны
    © Sputnik / Юрий Куйдин

    "Медеу" биік таулы мұз айдынында 1990 жылы мұздағы мотоцикл жарысының командалық чемпионаты өтті.

  • Борис Ельцин Медеу мұз айдынында
    © Sputnik / Г. Качкин

    Суретте: Ресей президенті Борис Ельциннің (ортада оң жақта) Қазақстанға ресми сапары. Инженерлер мен құрылысшылар Ельцинге "Медеу" спорт кешенінен ескерткіш ретінде кәдесый ұсынды.

Кілт сөздер:
архив суреттер, тарих, фото, "Медеу" мұз айдыны, Алматы
Тақырып бойынша
Алматы зообағында сәби қауіпті жыртқышпен ойнады – елдің жағасын ұстатқан видео
Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді
Тоқаев Үлкен Алматы көлінде коньки тепкен қызға қолдау білдірді
Үлкен Алматы көлінде түсірілген видео желіні "жарды" – сұлу қыздың биі кімге жақпады?
Загрузка...