Үміткерлер бірнеше санат бойынша жүлдеге таласады: "Үздік фильм", "Үздік режиссер", "Үздік актер немесе актриса", "Үздік анимациялық фильм", "Үздік визуалдық эффекттер".
Самал Еслямованың фильмі "Оскар" жүлдесінің шорт-парағына ілікті
Марапаттау рәсіміне бір ай қалды. Салтанатты жиын 24 ақпанда дәстүрге сай Лос-Анджелес қаласында өтеді. Голливудтың Долби театрына кино өнерінің жұлдыздары 91-ші рет жиналып, атақты жүлденің иегерлеріне қошемет көрсетеді.
"Оскар" кино жүлдесіне үміткер фильмдер туралы Sputnik Қазақстан фотолентасынан біле аласыз.
"Черная пантера" картинасы – "Үздік фильм" номинациясында жүлдеге ұсынылып отырған комикстер желісімен түсірілген алғашқы фильм.
Леди Гага алғаш рет "Звезда родилась" фильміне түсіп, "Үздік актриса" номинациясына ұсынылды.
"Үздік түпнұсқа сценарий" санатында "Зеленая книга" фильмі жүлдеге ұсынылды. Картинада танымал джаз пианисі мен қарапайым жүргізушінің АҚШ-тың оңтүстігіне жасаған саяхаты шынайы баяндалған.
"Богемская рапсодия" фильмі бірден бес номинацияға қатысады - "Үздік фильм", "Үздік дыбыс монтажы", "Үздік дыбыс", "Үздік монтаж" және "Үздік ер адам рөлі".
Он номинациядағы жүлденің үздігі – Йоргос Лантимостың "Фаворитка" тарихи драмасы.
Режиссер Спайк Лидің "Чёрный клановец" комедиясы 71-ші Канн кинофестивалінде Гран-при жүлдені ұтып алған, енді "Оскар" жүлдесінде алты номинацияға ұсынылып отыр.
Павел Павликовскийдің "Холодная Война" фильмі – Алтын пальма бұтағы мен Еуропалық киноакадемияның 5 марапатының иегері. Енді "Шет тіліндегі үздік фильм" ретінде "Оскар" жүлдесіне үміткер атанған.
"Шет тіліндегі үздік фильм" категориясында "Капернаум" ливан картинасы да бас жүлдеге таласады.
"Власть" фильмі 8 номинация бойынша "Оскар" жүлдесіне ұсынылды.
"Оскар" жүлдесіне тағы бір үміткер – Альфонсо Куаронның "Рома" фильмі. Бұл – Netflix-тің осындай жетістікке жеткен алғашқы картинасы.
Неміс режиссері Флориан Хенкель фон Доннерсмарктың "Работа без авторства" фильмі "Үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша жүлдеге ұсынылған.
Хирокадзу Корээданың "Магазинные воришки" драмасы "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясында бақ сынасады.