2019 жылы отбасын құратын жұлдызды жұптар - фото

891
Биыл қай жұлдыздар заңды некеге отырғысы келеді? Кімдердің үйлену тойын фанаттар мен табынушылар асыға күтіп жүр? Танымал әртістердің қайсысы отбасын құруға дайын екенін барша жұртқа мәлімдеді?

Sputnik Қазақстан назарларыңызға бойдақтықпен қош айтысып, заңды некеге тұруға дайындалып жүрген жұлдызды жұптардың топтамасын ұсынады.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес, Хайди Клум мен Том Каулитц, Орландо Блум мен Кэти Перри, Леди Гага мен Кристиан Карино. Бақыттан басы айналып, некелесу күнін асыға күтіп жүрген өзге әртістерді фотолентадан көре аласыз!

891
  • © AP Photo / Willy Sanjuan

    Tokio Hotel неміс тобының гитарашысы Том Каулитц сүйіктісі – супермодель Хайди Клумнан 16 жасқа кіші. Бәлкім, содан шығар, Хайди бұрынғыдан бетер құлпырып, жайнап кетті. 2018 жылдың желтоқсанында супермодель Instagram парақшасында көздің жауын алатын жүзігін көрсетіп мақтанып, "Мен "иә" дедім!" деп жазды.

  • © AP Photo / Jae C. Hong

    Леди Гаги үшін былтырғы жыл жемісті болған сыңайлы: әуелі алғаш рет толық метражды фильмге түсті - Брэдли Купердің "Звезда родилась" картинасында басты рөлді сомдады, ал қазан айында сауық кештерінің бірінде жұлдыз өзінің менеджері Кристиан Кариномен үйленуге сөз байласқанын мәлімдеді.

  • © AFP 2019 / Valery Hache

    Әнші Кэти Перри былтыр сәуір айында актер Орландо Блумға тұрмысқа шығатынын жария еткен болатын. Фанаттар үйлену тойын асыға күтіп жүр...

  • © AP Photo / Alex Berliner/Invision for the Television Academy

    29 жастағы Зои Кравиц те күйеуге шыққалы жатыр, үйлену тойына дайындық баяғыда басталып кетіпті. Rolling Stone журналына берген сұхбатында актриса өзінің жігіті – 30 жастағы актер Карл Глусманмен сөз байланысқанын растады.

  • © AFP 2019 / Michael Buholzer

    Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйленетіні туралы сыбыс футболдан әлем чемпионаты кезінде шыққан еді. Сол кезде Джорджина Мәскеуге сүйіктісіне жанкүйер болу үшін келіп, саусағындағы жүзігін көрсетті. Қараша айында қос ғашық Лондонға романтикалық саяхатқа барып келген соң, португалиялық БАҚ-та Криштианудың Джорджинаға үйленуге ұсыныс жасағанын хабарланды. Бірақ жұптың өзі бұл мәліметті растаған жоқ.

  • © AP Photo / Altaf Qadri

    Әнші Джо Джонас ғашығы - "Тақтар ойыны" телехикаясының актрисасы Софи Тернерге қазан айында үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы Софидің өзі Instagram желісінде хабарлады – ол саусағына неке жүзігін таққан қолының суретін жариялап, "Мен "иә" дедім" деп жазған.

  • © AFP 2019 / Justin Tallis

    Леди Габриэлла Виндзор мен жігіті Томас Кингстонның үйленетіні туралы қыркүйек айында белгілі болды. Ер адам табиғаты сұлу Сарк аралында сүйіктісіне ұсыныс жасапты.

  • © AP Photo / Chris Pizzello

    Былтыр тамыз айында сегіз жыл жұптары жазылмаған Джейсон Стэтхем мен Рози Хантингтон-Уайтлидің үйленетіні туралы ақпарат шықты. 51 жастағы актер мен 31 жастағы актриса бұл маңызды шешімді қабылдауға ұзақ жыл ойланыпты. Ұлы дүниеге келген соң көп ұзамай актерлер отау құратынын мәлімдеді.

  • © AFP 2019 / Facundo Arrizabalaga

    Биыл жұрттың ауызында жүрген үйлену тойларының бірі - Мария Франсиска Перельо мен Рафаель Надальдың некелесу рәсімі. Айтпақшы, Надаль – "Үлкен төрттің" жалғыз үйленбеген ойыншысы және әлі әке атанбаған.

Кілт сөздер:
фотолента, үйлену тойы, танымал есімдер
Тақырып бойынша
Зәре-құтың қалмайды: әлемдегі ең қауіпті 10 соқпақ - фото
"Құралай көз, қолаң шаш..." Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең сұлу актрисалары - фото
70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер
"Оскар 2019" кино жүлдесі: марапатқа лайықты фильмдер – фото
Соғыс өтіндегі балалық шақ: Ауғанстанда түсірілген жантебірентерлік суреттер
Қарғыс атқан 13 қонақүй: түнеген адамның үрейін ұшырады - фото
Загрузка...