Наурыз мейрамы қарсаңында елорда қалай өзгерді - фото

738
(Жаңартылды 14:49 21.03.2019)
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Көшелерді тазарту
  • Қаланы безендіру
  • Қысқы саябақ
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Астана көшесі
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Әзірет сұлтан мешіті
  • ЭКСПО аумағындағы Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Наурызға дайындық
  • Астана көшесі
  • Наурызға дайындық
Наурыз - көктем мен жаңарудың, бақыт пен шаттықтың мейрамы. Sputnik Қазақстан тілшісі елордада бұл мерекеге  дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын білді

Астана қаласы әкімдігінің ресми мәліметіне сәйкес, ұлыстың ұлы күніне орай қала көшелерін безендіруге аудан әкімдіктері жауапты. Бас шаһарда төрт әкімдік бар: Есіл, Алматы, Сарыарқа және  жаңадан құрылған Байқоңыр ауданы.

Тағы оқыңыз: Наурыз дастарқаны қандай болу керек

Біз алдымен қалалық әкімдіктің Наурыз мейрамы аясында өткізетін іс-шаралар кестесімен таныстық. Кейін ірі мерекелік шаралар ұйымдастырылатын жерлерге барып қайттық. Қаланың оң жағалауында көктем мейрамына дайындық жұмыстарының баяу жүріп жатқаны байқалады.

Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз.

738
  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астана қаласының әкімдігі. Жұмысшылар жанталасып киіз үй құрып жатыр.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дайындық барысы әзірге осындай.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бүршік жарған мына ағаштан көктемнің лебі есетіндей.

  • Наурызға дайындық

    Арнайы барып, жақыннан суретке түсірдік

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Республика даңғылы. Маңызды көшелердің бірі. Алайда үйреншікті көрініс, мерекелік безендіруді аңғара алмайсыз.

  • Көшелерді тазарту
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Дәл сол Республика даңғылы. Жұмысшылар жаяу жүргінші жолының маңайын тазартып жүр.

  • Қаланы безендіру
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Тұңғыш президент музейінің алды. Мұнда келсеңіз, көктемнің жылы шуағын сезініп, көңіл күйіңізді көтеріп қайтасыз.

  • Қысқы саябақ
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Саябақта таза ауамен дем алып отырған ата мен әже. Астанада жасанды пальманы көріп, біраз таңғалған сияқты.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қаржы министрлігінің бұрынғы ғимараты. Пішіні АҚШ валютасына ұқсағандықтан, жұрт оны "доллар" деп атап кеткен. Мұнда бүршік жарған гүлдің инсталляциясы қойылыпты. Оны көріп, дүниемен бірге өзіңіз де жаңара түскендей әсерде боласыз.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қыс ызғары қайтып, қардың ери бастаған сәті

  • Астана көшесі
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Астананың сол жағалауы. Шаһардың басты көшелерінің бірі – Мәңгілік ел даңғылы. Мұнда да Наурыз мерекесіне орай безендіру жұмыстары жүргізілмегенін аңғаруға болады.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Мәңгілік ел даңғылындағы бәйшешектер. Жақын жерде көктем мерекесіне арналған өзге безендіру байқамадық.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қазақстанның басты алаңы – "Қазақ елі". Мұнда ұлыстың ұлы күніне дайындық жұмыстары қыза түскен.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Қазақ елі" алаңына бірнеше киіз үй тігіп қойған.

  • Әзірет сұлтан мешіті
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "Әзірет сұлтан" мешіті.

  • ЭКСПО аумағындағы Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    ЭКСПО халықаралық көрмесінің аумағы. Мереке өтетін басқа жерлермен салыстырғанда, дайындық қарқыны қызу. Наурыз мейрамында бұл жерде өтетін шараларға президент қатысуы мүмкін деген болжамымыз бар.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Бұл алаңда бүтін бір ауыл пайда болғандай. 22-23 киіз үй тігіп қойыпты.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Ал жігіттер болса, жанталаса жұмыс істеп жатыр.

  • Астана көшесі
    © Sputnik / Владислав Воднев

    "HighVill" тұрғын үй кешені орналасқан – Байтұрсынов көшесі. Ол мерекелік жалаулармен безендірілген. Мұндайды қаланың басқа көшелерінен көре алмадық.

  • Наурызға дайындық
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Тәуелсіздік даңғылы. Наурыз құтты болсын, ағайын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Кілт сөздер:
Астана, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамы
Тақырып:
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз (14)
Загрузка...