Әлемдегі қандай астаналардың атауы өзгертілді - фото

348
  • Бейбітшілік қаласы. Астана
  • Анкара қаласы
  • Бейбітшілік қаласы. Бішкек
  • Бейбітшілік қаласы. Вильнюс
  • Бейбітшілік қаласы. Джакарта
  • Душанбе
  • Бейбітшілік қаласы. Осло
  • Тбилиси, Грузия
  • Бейбітшілік қаласы. Ұланбатыр
  • Бейбітшілік қаласы. Хельсинки
2019 жылдың 23 наурызындағы президент жарлығымен Астана атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді

Бас шаһарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атауды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Ол, осылайша, Елбасы есімін мәңгі есте қалдыру керектігін айтты.

Қала тұрғындары астаналықтар болып қала береді

Астана өзінің атауын бірнеше мәрте өзгерткен болатын. Sputnik Қазақстан қаланың бұған дейін атауы қалай ауысқанын еске түсіріп, өз атауын өзгерткен өзге де әлемдік астаналар жайлы ақпарат жинақтады. Толығырақ фотолентадан оқыңыз.

Астана атауының өзгеруіне қатысты пікірталас қыза түсті

348
  • Бейбітшілік қаласы. Астана
    © Sputnik / Илья Питалев

    НҰР-СҰЛТАН (ҚАЗАҚСТАН) Қаланың негізі 1830 жылы Ақмола бекінісінің орнында қаланды. 1863–1961 жылдары Акмолинск, 1961-1992 жылдар аралығында Целиноград, 1992–1998 жылдарда Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмоланың атауы Астанаға өзгертілді. 1997 жылдың желтоқсан айында қалаға астана мәртебесі берілді. 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атауды ұсынды.
    2019 жылдың 23 наурызынан бастап Қазақстан астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы.

  • Анкара қаласы
    © Sputnik / Антон Денисов

    АНКАРА (ТҮРКИЯ) Ежелде қала Анкира деп аталған. 1073 жылдан бері шаһарға Энгюрю атауы берілді (парсыша"жүзім"). 1923 жылы қала астана мәртебесін алды. Сол кезден бері Анкара деп аталып келеді.

  • Бейбітшілік қаласы. Бішкек
    © Sputnik / Михаил Дудин

    БІШКЕК (ҚЫРҒЫЗСТАН) Шаһардың негізі 1878 жылы Пішпек деп аталатын бұрынғы қоқан бекінісінде қаланды. 1926 жылы қалаға кеңестік әскери қайраткер Михаил Фрунзенің(1885-1925) есімі берілді. 1936 жылы Фрунзе Қырғыз кеңес социалистік республикасының астанасы болды. Тәуелсіздік алған соң астана атауын өзгерту мәселесі көтерілді. 1991 жылы шаһарға бұрынғы атауы қайтарылып, Пішпек емес, Бішкек деп аталатын болды.

  • Бейбітшілік қаласы. Вильнюс
    © Sputnik / Алексей Филиппов

    ВИЛЬНЮС (ЛИТВА) Қаланың негізі X ғасырда Вилия өзенінің бойында қаланды. 1918 жылға дейін Вильня деп аталды. Атауы "велья" – "үлкен" деп аударылатын Вилия гидронимінен пайда болған. 1918 жылы қала ресми түрде мемлекет астанасы атанды.
    1920-1939 жылдары Польша құрамында болды.
    1920-1939 жылы Вильно атауын алды.
    1939 жылы қала Батыс Белоруссиямен бірге КСРО құрамына енді. Литваға беріліп, Вильнюс деп атала бастады.

  • Бейбітшілік қаласы. Джакарта
    © Sputnik / Файед Эль-Гезири

    ДЖАКАРТА (ИНДОНЕЗИЯ) Қаланың негізі 1527 жылы қаланды. Демак сұлтанаты әскері португалиялық флотты жеңіп, Сунда-Келапа қонысын басып алды. Оған Джаякерта деген атау берді. Индонезия тілінен аударғанда "сәтті жеңіс қаласы" деп аударылады. 1619 жылы голландиялықтар қаланы қиратып, орнына Батавия бекінісін салды. Сол жерде 1621 жылы қала қалыптасты. 1942 жылы Батавияның атауы Джакарта деп өзгертілді. 1945 жылдан бері Индонезияның астанасы.

  • Душанбе
    © Sputnik / Алексей Куденко

    ДУШАНБЕ (ТӘЖІКСТАН) Қаланың іргетасы 1925 жылы қаланды. 1929 жылы Тәжік КСРО-сының астанасы атанып, Сталинабад (Сталин қаласы) деп аталды. 1961 жылы біршама өзгертілген қаланың бұрынғы атауы берілді. Қала Душанбе деп атала бастады. 1991 жылдан бері Тәжікстан астанасы.

  • Бейбітшілік қаласы. Осло
    © Sputnik / Константин Чалабов

    ОСЛО (НОРВЕГИЯ) Қаланың негізі 1048 жылы қаланды. Осло атауы "Ло өзенінің сағасы" дегенді білдіреді. 1624 жылы IV Христиан королінің құрметіне Христиания деп атала бастады. Осло атауы тек астананың оңтүстік бөлігінде ғана сақталды. 1814 жылы Норвегия астанасы деп жарияланды. 1925 жылы Осло атауы қайтарылды.

  • Тбилиси, Грузия
    © Sputnik / Тимур Батыршин Леван Авлабрели

    ТБИЛИСИ (ГРУЗИЯ) Тбилиси атауы алғаш рет IV ғасырдан бастап кездеседі. Қала атауы грузин тіліндегі "тбили" – "жылы қайнар" дегеннен шыққан. Тэплис, Тифлис, Тифилис сынды түрлі атаулары болды. 1936 жылдан бері ресми түрде Тбилиси деп атала бастады. 1921 жылы Грузия КСРО-сының астанасы, 1991 жылы Грузия астанасы болды.

  • Бейбітшілік қаласы. Ұланбатыр
    © Sputnik / Мария Плотникова

    ҰЛАНБАТЫР (МОҢҒОЛИЯ) Қаланың негізі 1639 жылы қаланды. Оргоо атауы сарай, орда дегенді білдіреді. 1706 жылдан бастап Их-хурээ ,1911-1924 жылдары Нийслэл-хурээ деп аталды. 1924 жылы Сухэ батырдың құрметіне Ұланбатыр деген атау берілді.
    1921 жылдан бастап Моңғол халық республикасының, 1990 жылдан бері Моңғолияның астанасы болды.

  • Бейбітшілік қаласы. Хельсинки
    © Sputnik / Михаил Фомичев

    ХЕЛЬСИНКИ (ФИНЛЯНДИЯ) Қаланың негізін Швеция королі I Густав қалады. Бастапқыда Гелсингфорс (Helsingfors) атты сауда қалашығы болған. 1812 жылдан бері Финляндия ұлы князьдығының астанасы атанды. 1917 жылдың желтоқсан айынан бері тәуелсіз Финляндия астанасы.

Кілт сөздер:
қала, Нұр-Сұлтан, фото
Тақырып бойынша
"Қазақстан аруы" байқауының айшықты суреттері
Әлемдегі ең бай әрі бойдақ жігіттер - фото
"Қара шашың иығыңа төгілген..." Ең танымал қара шашты ханымдар
Хиджаб киген тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы: "мұз ханшайымы" Захра Лари – фото
"Тал бойында бір мін жоқ": әлемнің ең бай модельдері - фото
"Тағдырыма ризамын": Нұрсұлтан Назарбаев жайлы не білеміз? - фото
"Ұят жоқ!": әртістердің ашық-шашық көйлектері – фото
Загрузка...