Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Тоқаевтың президент лауазымындағы алғашқы ресми сапары - айшықты сәттер

Жазылу
3 сәуір күні мемлекет басшысы алғашқы шетелдік сапармен Ресейде болды

Жаңа президент Мәскеуге Владимир Путиннің шақыруымен барған болатын.

Тоқаев: Мен алтын ғасырдың президенті болдым

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер өткізіп, бірлескен мәлімдеме жасады. 

Тоқаевты Мәскеуде дұрыс қарсы алды ма?

Саяси оқиғаның айшықты сәттерін Sputnik фотолентасынан оқыңыз.

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. "Внуково-2" әуежайындағы қарсы алу рәсімі.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
1/14
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. "Внуково-2" әуежайындағы қарсы алу рәсімі.
© Официальный сайт Президента КазахстанаЖоғары мәртебелі мейманды құрмет қарауылы қарсы алды. Екі елдің әнұраны орындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде - Sputnik Қазақстан
2/14
Жоғары мәртебелі мейманды құрмет қарауылы қарсы алды. Екі елдің әнұраны орындалды.
© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуҚазақстан президентінің ресми делегациясын Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, РФ СІМ мемлекеттік хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов ұшақтан қарсы алды. Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин де қарсы алушы делегация құрамында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде - Sputnik Қазақстан
3/14
Қазақстан президентінің ресми делегациясын Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин, РФ СІМ мемлекеттік хаттама департаментінің басшысы Игорь Богдашев пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов ұшақтан қарсы алды. Қазақстандағы Ресей елшісі Алексей Бородавкин де қарсы алушы делегация құрамында болды.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМемлекет басшыларының Кремльдегі келіссөздері шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде - Sputnik Қазақстан
4/14
Мемлекет басшыларының Кремльдегі келіссөздері шағын және кеңейтілген құрамда өтті.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуПрезиденттер саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ аймақ пен әлемдегі өзекті мәселелер қозғалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
5/14
Президенттер саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ аймақ пен әлемдегі өзекті мәселелер қозғалды.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. "Сізді Ресейде қарсы алғаныма қуаныштымын. Біз бұрыннан жақсы таныспыз. Дегенмен мемлекет басшысы ретінде алғаш рет келіп отырсыз. Сізді жоғары лауазымды қызметке кірісуіңізбен құттықтаймын! Арадағы байланыстың қандай деңгейде екенін жақсы білесіз. Әрине, оның бәрі Тұңғыш президенттеріңіздің арқасы. Екіжақты қарым-қатынас және халықаралық ұйымдар аясында зор жетістіктерге жетіп келеміз. Бұл кездесу де осыған септігін тигізуі тиіс", - деді Ресей президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
6/14
Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. "Сізді Ресейде қарсы алғаныма қуаныштымын. Біз бұрыннан жақсы таныспыз. Дегенмен мемлекет басшысы ретінде алғаш рет келіп отырсыз. Сізді жоғары лауазымды қызметке кірісуіңізбен құттықтаймын! Арадағы байланыстың қандай деңгейде екенін жақсы білесіз. Әрине, оның бәрі Тұңғыш президенттеріңіздің арқасы. Екіжақты қарым-қатынас және халықаралық ұйымдар аясында зор жетістіктерге жетіп келеміз. Бұл кездесу де осыған септігін тигізуі тиіс", - деді Ресей президенті.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев аз уақыт ішінде Мәскеуге сапарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен ресейлік тарапқа алғысын білдіріп, Путинге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
7/14
Қасым-Жомарт Тоқаев аз уақыт ішінде Мәскеуге сапарын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен ресейлік тарапқа алғысын білдіріп, Путинге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізді.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өту"Нұрсұлтан Әбішұлына да менен сәлем айтыңыз", - деді Путин. "Қуана айтатын боламын", - деп жауап берді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
8/14
"Нұрсұлтан Әбішұлына да менен сәлем айтыңыз", - деді Путин. "Қуана айтатын боламын", - деп жауап берді Тоқаев.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуСапар барысында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Кездесу соңында екі ел президенті бірлескен мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
9/14
Сапар барысында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Кездесу соңында екі ел президенті бірлескен мәлімдеме жасады.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВладимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезде қалыптасқан дәстүрге сай өткенін айтты. Путин ресми сапарын Ресейден бастағаны үшін Тоқаевқа алғыс білдірді.
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
10/14
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер Нұрсұлтан Назарбаев президент болған кезде қалыптасқан дәстүрге сай өткенін айтты. Путин ресми сапарын Ресейден бастағаны үшін Тоқаевқа алғыс білдірді.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті : "Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім. Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді", - деп атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
11/14
Қазақстан президенті : "Мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім. Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді", - деп атап өтті.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуКремльдегі екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан және Ресей президенттері баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекет басшылары қазақ және орыс тілінде бірлескен мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
12/14
Кремльдегі екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан және Ресей президенттері баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекет басшылары қазақ және орыс тілінде бірлескен мәлімдеме жасады.
© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев: "Бұл менің Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы ресми сапарым. Сондықтан оның мән-маңызы зор. Бұл сапар достық, ынтамақтастықты нығайтуға арналған. Өздеріңіз білесіздер, Нұрсұлтан Назарбаев жақында өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның болашағы үшін жасалған қадам. Сондықтан оның бұл шешімін шетелдік әріптестері жақсы қабылдады. Мен біздің мемлекеттеріміз арасындағы байланысты нығайту бойынша бағытты ұстана беремін", - деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
13/14
Қасым-Жомарт Тоқаев: "Бұл менің Қазақстан президенті ретіндегі алғашқы ресми сапарым. Сондықтан оның мән-маңызы зор. Бұл сапар достық, ынтамақтастықты нығайтуға арналған. Өздеріңіз білесіздер, Нұрсұлтан Назарбаев жақында өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстанның болашағы үшін жасалған қадам. Сондықтан оның бұл шешімін шетелдік әріптестері жақсы қабылдады. Мен біздің мемлекеттеріміз арасындағы байланысты нығайту бойынша бағытты ұстана беремін", - деді.
© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуКеліссөздер барысында президенттер экономикадан бастап студент алмасуға дейін талқылап, мемлекетаралық әріптестіктің түрлі саласын қамтыды. Мәскеуде қазақстандық мәдени-іскерлік орталық іске қосылатын болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келесі кездесуі 29 мамыр күніне жоспарланып отыр. Қазақстан астанасында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтпек.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан
14/14
Келіссөздер барысында президенттер экономикадан бастап студент алмасуға дейін талқылап, мемлекетаралық әріптестіктің түрлі саласын қамтыды. Мәскеуде қазақстандық мәдени-іскерлік орталық іске қосылатын болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келесі кездесуі 29 мамыр күніне жоспарланып отыр. Қазақстан астанасында Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтпек.
Жаңалықтар
0