Назарбаев пен Тоқаевты ұлықтау рәсімдері: Қазақстандағы инаугурациялар тарихы - фото

488
  • Қазақстан тарихындағы алғашқы ұлықтау рәсімі
  • Екінші ұлықтау рәсімі
  • Үшінші ұлықтау рәсімі
  • Қазақстандағы төртінші ұлықтау рәсімі
  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2011 жылдың 8 сәуірі
  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2011 жылдың 8 сәуірі
  • Қазақстандағы бесінші ұлықтау рәсімі
  • ұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2015 жылдың 29 сәуірі
  • Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 20 наурызы
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
  • Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 12 маусымы
  • Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 12 маусымы
  • Нурсултан Назарбаев на инаугурации К.-Ж. Токаева
1991 жылдан бастап бүгінге дейін Қазақстанда болған барлық ұлықтау рәсімін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз

Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік сарайында өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96% қолдауымен, яғни 6 539 715 дауыспен Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Ұлықтау рәсімі өтетін күнді Конституцияға сәйкес Орталық сайлау комиссиясы бекіткен.

Президент мемлекеттік тіл – қазақ тілінде халыққа ант беріп, қызметіне ресми түрде кірісті.

488
  • Қазақстан тарихындағы алғашқы ұлықтау рәсімі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Қазақстан тарихындағы алғашқы ұлықтау рәсімі 1991 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында өтті. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болған еді.

  • Екінші ұлықтау рәсімі

    Екінші ұлықтау рәсімі Астананың (қазіргі Нұр-Сұлтан) Конгресс Холлында (қазір "Астана" концерт залы) 1999 жылы 21 қаңтарда өтті. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 80% дауысын жинаған болатын.

  • Үшінші ұлықтау рәсімі

    Үшінші ұлықтау рәсімі 2006 жылдың 11 қаңтарында Ақорда сарайында болды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 91,15%-і дауыс берді.

  • Қазақстандағы төртінші ұлықтау рәсімі
    © Sputnik / Бондаренко Сергей, Отрабаев Бола

    Қазақстандағы төртінші ұлықтау рәсімі 2011 жылдың 8 сәуірінде Тәуелсіздік сарайында өтті. 2011 жылдың 3 сәуіріндегі президент сайлауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95,55% дауысына ие болды.

  • © Sputnik / Бондаренко Сергей, Отрабаев Бола

    Қазақстан президенті халыққа ант берген соң қызметіне ресми түрде кіріседі. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беріп тұрған сәті, 2011 жылдың 8 сәуірі.

  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2011 жылдың 8 сәуірі
    © Sputnik / Анатолий Устиненко

    Президент антының мәтіні: " Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан республикасы президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн". Суретте: Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2011 жылдың 8 сәуірі.

  • Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2011 жылдың 8 сәуірі
    © Sputnik / Бондаренко Сергей, Отрабаев Бола

    Ұлықтау рәсіміне парламент депутаттары, Конституциялық кеңес мүшелері, Жоғарғы сот судьялары қатысады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мемлекет басшысына президент куәлігі мен төсбелгісін, сондай-ақ байрағы мен "Алтын Қыран" орденін табыстайды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаевтың президент куәлігін алған сәті, 2011 жылдың 8 сәуірі.

  • Қазақстандағы бесінші ұлықтау рәсімі
    © AP Photo / Alexei Filippov

    Қазақстандағы бесінші ұлықтау рәсімі елордада 2015 жылдың 29 сәуірінде болды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беріп, президент қызметіне ресми кіріскен сәті.

  • ұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2015 жылдың 29 сәуірі
    © AP Photo / Alexei Filippov

    1990 жылдың 24 сәуірінде қызметіне кіріскен соң 2019 жылдың 20 наурызына дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мемлекет басшысы болып келді. 2019 жылдың 19 наурызында сағат 19:00-де Елбасы өз еркімен өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі, 2015 жылдың 29 сәуірі.

  • Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 20 наурызы
    © AP Photo /

    Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Ол 2019 жылдың 20 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткен соң алғаш рет мемлекет басшысы қызметіне келді. Суретте: Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның өз еркімен отставкаға кеткен президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұлықтау рәсімінде қошемет көрсетіп тұр, 2019 жылдың 20 наурызы.

  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
    © AP Photo /

    Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қос президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 12 маусымы
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қасым-Жомарт Тоқаев – үш айда екі ұлықтау рәсімін басынан кешкен президент. Президент сайлауынан кейінгі ұлықтау рәсімі 2019 жылдың 12 маусымында болды. Суретте: Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 12 маусымы.

  • Қазақстанның жаңадан сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі, 2019 жылдың 12 маусымы
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында дауыс берушілердің 70,96% қолдауына ие болды.

  • Нурсултан Назарбаев на инаугурации К.-Ж. Токаева
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қазақстан тарихындағы екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Кілт сөздер:
инаугурация, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев: Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек
"Халық кедейліктен көшеге шықты": Тоқаев Қазақстандағы митингілер туралы айтты
Қытай Тоқаевтың президент болып сайлануына қатысты пікір білдірді  
Тоқаев ШЫҰ саммитінде бірқатар ұсыныс айтты
Тоқаевтың атына қандай жеделхаттар келіп түсті?
Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Загрузка...