Кариб теңізінің сұлулары: Париж карнавалының айшықты сәттері - фото

1812
(Жаңартылды 15:22 16.07.2019)
Жыл сайын жаздың ең қызған шағында Парижде карнавал өтеді: Багам, Гренада, Куба, Доминика, Барбадоса және басқа Кариб елдерінен келген арулар ырғақты әуенге мың бұрала билеп, парадқа шығады

Карнавал 2001 жылдан бері өтіп келеді. Бұл мерекені өткізуге Парижде тұратын Кариб мәдениеті өкілдері бастамашы болған екен.

Қазірде айшықты шара Париж тұрғындары мен қонақтарының асыға күтетін сүйікті мейрамына айналды.

Тағы көріңіз: Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото

Шеруде халық назарына Кариб елдерінің ұлттық киімдері ғана ұсынылмайды. Қытай, Нидерланды, Вьетнам және Ұлыбритания халқы да өз салт-дәстүрлерін әлемге паш етеді.

Мерекенің ең қызықты сәті – патшайымды таңдау. Конкурс жеңімпазы атанған ару сыйлық алып қана қоймай, карнавалдың бейнесіне айналады.

Париж көшелерінде өткен тропикалық карнавалды фотолентамыздан тамашалаңыз!

Тағы оқыңыз: Азияның үздік бодибилдер қыз-жігіттері - фото

1812
  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Парижде жылма-жыл өтетін карнавал ең алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырлған болатын.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Бастапқыда шараға Кариб теңізі елдерінің Парижде тұратын ұлт өкілдері ғана қатысатын.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Алайда жыл өткен сайын карнавалдың ауқымы кеңейіп, халықаралық мейрамға айналды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Карнавалға қатысушылар көздің жауын алатын әдемі костюм киіп, ұлттық ерекшеліктерін паш етуге тырысады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Тропикалық карнавалға әлемнің түкпір-түкпірінен ұлт өкілдері жиналады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Парад Париж халқының көңілінен шығып, карнавал қазірде жыл сайын ұйымдастырылады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Ауқымды карнавалға мыңдаған биші мен музыкант қатысады.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Карнавалға әр адам өз қолымен ерекше маска дайындайды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Костюмдердің бірінен бірі өткен әдемі.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Кариб аруларының сұлулығына көз тоймайды.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Париждегі карнавалға ең әдемі қыздарды таңдап алатын сияқты.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Тропикалық карнавалды көру үшін Парижге әр елден ондаған мың турист келеді.

  • © AFP 2019 / Kenzo Tribouillard

    Көздің жауын алатын костюмдер парадын тамашалап қана қоймай, қатысуға да болады.

Кілт сөздер:
арулар, фото, карнавал, Париж
Загрузка...