Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар фото

14322
(Жаңартылды 16:18 10.09.2019)
  • Кыдырали Болманов и Каракат Абильдина на кинопремьере фильма Ұлы дала комедиясы
  • Телеведущий Максим Галкин и певица Алла Пугачева
  • президент США Дональд Трамп и его супруга Мелания Трамп
  • Американский актер Джордж Клуни и его жена Амаль Клуни
  • Президент Франции Эммануэль Макрон (R) и его жена Бригитт
  • Брюс Уиллис и Эмма Хеминг: 23 года
  • Концерт Песня года-2011
  • Лусила Сола и Аль Пачино
Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші келіншекке үйленді. Жұлдыздар арасында жас айырмашылығы үлкен жұптар аз емес. Бұл тізімге тағы қандай танымал адамдар енетінін Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыздар.

Қазіргі уақытта жас айырмашылығы үлкен жұптар ешкімді таңғалдырмайды. Мұны жұлдыздар да дәлелдеп жүр.

Мәселен, бүгін Қазақстанның халық әртісі 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың 37-дегі Жадыра Сейдешке үйленгені белгілі болды. Жас айырмашылығы – 45 жас.

2000 жылдардың басында актер Асанәлі Әшімов өзінен 34 жас кіші дәрігері Бағдатпен шаңырақ көтерген болатын. Сегіз жылдан соң актер әке атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Багдат Ашимова (@bagdat.ashimova)

Бұл тізімге тағы қандай жұлдыздардың енетінін фотолентадан тамашалаңыз.

14322
  • Кыдырали Болманов и Каракат Абильдина на кинопремьере фильма Ұлы дала комедиясы
    © Sputnik / Владислав Воднев

    Қыдырәлі Болманов (55 жаста) пен Қарақат Әбілдина (41 жаста). Қарақат өзінің жолдасын кездестірген кезде жиырмаға да толмаған еді. Жас әнші қыз өзінен 14 жасқа үлкен Қыдыәліге тұрмысқа шықты. Қазір бұл жұп танымал, бақытты, үлгілі отбасылардың біріне айналды.

  • Телеведущий Максим Галкин и певица Алла Пугачева
    © Sputnik / Екатерина Чеснокова

    Әнші Алла Пугачева (70 жаста) және тележүргізуші Максим Галкин (43 жаста). Жұптың жас айырмашылығы - 27 жас. Шоумен алғаш рет үйленді. Алла Пугачева бесінші рет тұрмысқа шықты. Танымал жұп Лиза Және Гарри есімді егіздерді тәрбиелеп отыр.

  • президент США Дональд Трамп и его супруга Мелания Трамп
    © AFP 2019 / Ludovic Marin

    Дональд Трамп (73 жаста) және Меланья Кнаусс (49 жаста). Жұптың жас айырмашылығы - 24 жас. Олар 1998 жылы танысқан. Алайда ресми түрде некелерін 2005 жылы ғана тіркеді. Бір жылдан соң Бэррон Уильям есімді ұлдары дүниеге келді.

  • Американский актер Джордж Клуни и его жена Амаль Клуни
    © AFP 2019 / VALERIE MACON

    Америкалық актер Джордж Клуни мен оның жары британиялық-ливандық адвокат Амаль. Жұптың жас айырмашылығы - 17 жас. Жас жұбайлар 2014 жылы Венецияда үйлену тойын өткізді.

  • Президент Франции Эммануэль Макрон (R) и его жена Бригитт
    © AFP 2019 / Ludovic Marin

    Франция президенті Эммануэль Макрон мен жары Брижит Тронье. Жұбайлардың жас айырмашылығы ... ширек ғасыр. Олар ресми түрде 2007 жылы үйленді. Макрон жұбы әлемдегі ең талқыланған жұптың біріне айналды. Француз саясаткері өзінің болашақ жарын 15 жасында кездестірген. Ал Брижит Тронье ол кезде 39 жаста еді. Жары француз президенті оқыған мектепте мұғалім болған.

  • Брюс Уиллис и Эмма Хеминг: 23 года
    © AP Photo / Evan Agostini

    Брюс Уиллис пен Эмма Хеминг. Жұптың жас айырмашылығы - 23 жас. Олар 2009 жылы үйленген. Жұптың екі қызы бар.

  • Концерт Песня года-2011
    © Sputnik / Руслан Кривобок

    Игорь Николаев пен Юлия Проскурякова – жас айырмашылығы 22 жыл. Олар 2010 жылы үйленген. Екеуінің бір ұлы бар. Наташа Королева мен Игорь Николаевтың жас айырмашылығы 13 жыл болатын.

  • Лусила Сола и Аль Пачино
    © AFP 2019 / ZACH GIBSON

    Аргентиналық сұлу Лусила Сола актер Аль Пачиноның жүрегін жаулады. Жұптың жас айырмашылығы шамамен 40 жыл. Олар 2013 жылдан бері бірге. Жеке өмірлерін барынша жасыруға тырысады. Жұп әлі ресми түрде неке қиған жоқ.

Кілт сөздер:
жұлдызды жұп, Трамп, Қыдырәлі Болманов, Нұрғали Нүсіпжанов
Тақырып бойынша
"13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото
Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото
"Адам ұрпағымен мың жасайды": Қазақстанның көпбалалы жұлдыздары - фото
Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді
"Өнер табыстырған жұлдызды жұп" Тоқтар мен Бейбіт туралы не білеміз?

Әлемге әйгілі әсем мешіттер фото

138
(Жаңартылды 15:39 03.08.2020)
  • Мечеть Султана Омара в Брунее
  • Мечеть шейха Зайда в Абу-Даби
  • Кааба в главной мечети Мекки
  • Масджид ан-Набави, Медина, Саудовская Аравия
  • Великая мечеть Хасана II в Касабланке, Марокко
  • Голубая мечеть в Стамбуле
  • Мечеть Фанар в Дохе, Катар
  • Главная мечеть Путраджая в Малайзии
  • Государственный историко-архитектурный и художественный музей-заповедник Казанский Кремль
  • Мечеть в Куала-Лумпуре
  • Мечеть в Индии
  • Мечеть Хазрет султан
Sputnik Қазақстан әлемнің түрлі елдерінде бой көтеріп, әсемдігімен таң қалдырған мешіттердің фотосуреттер топтамасын ұсынады

Қазақстан мұсылмандары жыл сайын Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл мұсылмандардың басты мейрамдарының бірі.

Құрбан айт үш күнге созылады, оның алғашқы күні Қазақстанда демалыс жарияланады.

Дәстүр бойынша, мереке мешіттерге жиналған жамағаттың Айт намазын оқудан басталады. Алайда, биылғы жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, мешіттерде Айт намазы оқылмады.

Назарларыңызға ұсынылып отырған таңғажайып әсем ғимараттар өзінің әсемдігімен, әдемі сәулетімен, қайталанбас ерекшелігімен қайран қалдырады.

138
  • Мечеть Султана Омара в Брунее
    © AFP 2019 / Roslan Rahman

    Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешітінің үлкен алтын күмбезі жасанды шағын мүйістің су бетінен көрінеді. Бірегей ғимарат дәстүрлі шығыс және еуропалық сәулет өнерін біріктірген. 1958 жылы тұрғызылған бұл нысан Брунейге келген туристерді ерекше қызықтырады. Мешіттің қасындағы кеме тек ресми мемлекеттік рәсімдер кезінде ғана пайдаланылады.

  • Мечеть шейха Зайда в Абу-Даби
    © AP Photo / Jon Gambrell

    Абу-Дабидегі шейх Зайед мешіті – әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Керемет ғимарат өзінің ғажайып сәнімен таң қалдырады. 82 күмбез бен мыңдаған бағандар, алтын жалатылған аспашамдары бар ақ қабырғалы ғимарат күндіз де, түнде де жарық қосылған кезде керемет көрінеді. Мешіт 40 мың адамға дейін қабылдай алады.

  • Кааба в главной мечети Мекки
    © REUTERS / Faisal Al Nasser

    Әл-Харам мешіті (ұлы мешіт немесе қорғалған мешіт), оның орталық алаңында Ислам діні үшін қасиетті саналатын Қағба орналасқан. Дәл осы жерге қажылық парызын өтеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған мұсылман келеді.

  • Масджид ан-Набави, Медина, Саудовская Аравия
    © AFP 2019 / KHALED DESOUKI

    Пайғамбар мешіті – Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші маңызды ғимарат. Мұхаммедтің (с.а.с) қабірі жасыл күмбездің астында орналасқан. Ал күмбездің салынған уақыты белгісіз. Ислам тарихы бойынша мешіт тоғыз есе кеңейтілген.

  • Великая мечеть Хасана II в Касабланке, Марокко
    © AFP 2019 / Fadel Senna

    Касабланкадағы Хасан II мешіті өзінің айрықша ерекшелігімен таң қалдырады. Ғимарат Атлант мұхитының жағасына тұрғызылған. Оның бірнеше бөлмедегі еденіне орнатылған әйнектерден теңіз толқындарын көруге болады. Бұл жерде тек патша отбасының мүшелері ғана келуге құқылы болғандықтан, мешіт қарапайым келушілер үшін жабық. Мешіт мұнарасы әлемдегі ең биік мұнаралардың қатарында. Биіктігі – 210 метр.

  • Голубая мечеть в Стамбуле
    © AFP 2019 / BULENT KILIC

    Ыстамбұлдың басты мешіті – Көк мешіт (Сұлтанахмет мешіті), қаланың негізгі нышандарының бірі болып саналады. Ол 1609-1616 жылдары салынған. Безендіру кезінде ақ және көкпен боялған керамикалық тақтайшалар пайдаланылған. Қаланың биік жерінде орналасқан монументалды ғимарат алыстан менмұндалайды.

  • Мечеть Фанар в Дохе, Катар
    © AFP 2019 / STR

    "Маяк" мағынасын білдіретін "Фанар" мешіті Дохада (Катар) орналасқан. Ислам мәдени орталығы төрт қабаттан тұрады және мұнаралары шиыршыққа ұқсайды. Ол түнде тиімді жарықтандырудың арқасында шынымен маяк ғимаратына ұқсайды.

  • Главная мечеть Путраджая в Малайзии
    © AFP 2019 / Manan Vatsyayana

    Путра мешіті күмбезінің айналасындағы тәж (Путражая, Малайзия) ерекше гүлдің жапырақшаларына ұқсайды. "Путра" мешіті қызғылт граниттен салынған, сондықтан оның қабырғаларында ерекше реңк бар.

  • Государственный историко-архитектурный и художественный музей-заповедник Казанский Кремль
    © Sputnik / Константин Чалабов

    Қазандағы Құл-Шариф мешітінің керемет мұнаралары мен ақ қарлы қабырғалары керемет сұлулық бейнесін жасайды. Құл-Шариф мешіті – Татарстанның басты Алла үйі. Ол Иван Грозный әскерлерінен Қазанды қорғаған әскери жетекшінің есімімен аталған.

  • Мечеть в Куала-Лумпуре
    © AFP 2019 / Manan Vatsyayana

    Куала-Лумпурдағы Вилаят Персекутуан мешітінің көгілдір күмбездері Ыстамбұлдың көк мешітіне ұқсайды. Бұл діни ғимарат қаланың басты назар аударарлық орындарының бірі болып табылады және мұнда ғажайып сұлулықты көруге құштар қажылар мен туристер көптеп келеді.

  • Мечеть в Индии
    © AFP 2019 / Chandan Khanna

    Джама Масжид – Үндістандағы ең үлкен мешіт. Оның орталық ауласы бір уақытта 20 мың адамды қабылдай алады. Бұл жерде туристер мұнараларға шығып, биіктен керемет көріністі тамашалайды.

  • Мечеть Хазрет султан
    © Sputnik / Болат Шайхинов

    Ертегі сарайын еске түсіретін Хазірет Сұлтан мешіті 2012 жылы Қазақстан астанасындағы ерекше нысандар тізіміне қосылды. Алтын түсті өрнектермен көмкерілген ақ түсті мұнаралар мен күмбездер күн нұры мен жылылықты тарта түскендей жарқырайды.

Кілт сөздер:
құрбан айт, ислам діні, мешіт

Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды таңғажайып суреттер

343
(Жаңартылды 12:28 23.07.2020)
  • Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
  • Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
  • Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
  • ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
  • Бүгінде мұндай кескінді пиксельді деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір пиксель арқылы таңғажайып жанды суретті қолмен жасаған адамдар.
  • АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
  • Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет жанды пирамидалар көтерілді.
  • Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Халықтар достығы би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
  • Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
  • Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
  • Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
  • Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
  • Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
  • Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
Мәскеу олимпиадасының салтанатты ашылуы – спортшылар жасаған фантастикалық пирамида мен рухты оятып, жігерді жанитын әнұранымен таңғажайып жағдайда өтті

Қырық жыл бұрын Мәскеу олимпиадасының тұмарына айналған – сүйкімді қонжық Миша – жер шарына кеңінен таныла түсті.

Оның төсбелгілер мен плакаттарда, кинотеатрлар мен телеэкрандарғы күлімсіреген бейнесі олимпиадалық қозғалыстың негізгі ұстанымы – ізгілік пен өзара көмектің және адал бәсекенің белгісіндей болып көрінді.

Мәскеудегі олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионындағы арнайы трибунада еріктілер мыңдаған түрлі түсті элементтерден қонжық бейнесі – "жанды" суретті қолмен жасады.

Ал стадионның орталық алаңында жүздеген спортшы мен гимнаст, биші, музыканттар сол кездері адам денесі арқылы жасау мүмкін еместей көрінетін ғажайып өнерімен көрермендерді таң қалдырды.

Мәскеу олимпиадасының ашылуы салтанаты қалай өткенін суреттерден тамашалаңыз.

343
  • Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
    © Sputnik / Vladimir Vyatkin

    Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.

  • Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
    © Sputnik / Sergei Guneev

    Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.

  • Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
    © Sputnik / Yuriy Abramochkin

    Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.

  • ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
    © Sputnik / Vladimir Akimov

    ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.

  • Бүгінде мұндай кескінді пиксельді деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір пиксель арқылы таңғажайып жанды суретті қолмен жасаған адамдар.
    © Sputnik / A. Knyazev

    Бүгінде мұндай кескінді "пиксельді" деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір "пиксель" арқылы таңғажайып "жанды" суретті қолмен жасаған адамдар.

  • АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
    © AP Photo /

    АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.

  • Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет жанды пирамидалар көтерілді.
    © Sputnik / A. Knyazev

    Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет "жанды" пирамидалар көтерілді.

  • Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Халықтар достығы би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
    © Sputnik / Vladimir Vyatkin

    Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында "Халықтар достығы" би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.

  • Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
    © Sputnik / Sergei Subbotin

    Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.

  • Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
    © AP Photo /

    Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.

  • Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
    © Sputnik / Vladimir Vyatkin

    Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.

  • Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
    © Sputnik / Dmitryi Donskoy

    Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.

  • Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
    © Sputnik / Sergey Subbotin

    Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.

  • Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
    © Sputnik / A. Knyazev

    Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.

Кілт сөздер:
фото
WhatsApp мессенджері

Жеке бас араздығы үшін желіде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

0
(Жаңартылды 19:34 05.08.2020)
Полицейлердің айтуынша, өзара араздасқан тараптар медиация тәсілі арқылы татуласуға келіскен

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында әйел WhatsApp желісінде танысының фотосын жариялап, оның маньяк екенін айтқан. Polisia.kz порталының хабарлауынша, 27 жастағы тұрғын фотодағы азаматпен араздасып қалған соң, осындай әрекетке барған.

Автор желіде жариялаған фотосының жанына: "Сақ болыңыздар! Мамлют қаласындағы жұмысшы кентінде маньяк пайда болды. Кешкісін құрбандарын іздейді. 30 шілдеде ол жас қыздың соңынан жүгірді, қуанышқа қарай бойжеткен қашып үлгерді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған" деп жазып, хабарламаны мессенждерлерде таратқан.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат таратушыны мониторинг жүргізу арқылы тапты.

"Тәртіп сақшылары аудан орталығының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өзінің танысымен арада туындаған кикілжіңге байланысты жалған ақпарат таратқанын мойындады", - делінген ақпаратта.

3 тамызда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі "жала жабу" бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Медиация нәтижесінде жәбірленуші шағымдардан бас тартып, жерлесімен татуласуға келісті.

"Егер бұл жерде медиация тәсілі қолданылмағанда тәртіп бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу (500 040 теңге) немесе 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жауапкершілік жүктелетін еді. Заңда жеке тұлғаларға жала жапқаны үшін, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне, беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін дәл осындай жаза қарастырылған", - деді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

0