Мінсіз келбет: пластикалық хирург ең сұлу 10 әйелдің есімін атады фото

1520
Пластикалық хирург Джулиан Де Сильва танымал адамдардың бетінің пішінін "алтын қима" формуласы бойынша зерттеп шықты. Ерін, мұрын, иек, маңдай және жағының өлшемін жасады. Нәтижесінде әлемдегі ең сұлу 10 әйелдің есімін атады

Супермодель Белла Хадид мінсіз атануға бәрінен де жақын болды. Оның көрсеткіші 94,35%. Сондықтан хирург оны әлемдегі ең сұлу әйел деп отыр.

Америкалық модельдің бет пішінін мінсіз деп айтуға болады, деп жазады The Sun.

"Белланың жеңімпаз екеніне күмән жоқ. Оның иегінің көрсеткіші — 99,7%. Мінсіз пішін деңгейіне дейін небәрі 0,3% жетпеді", - дейді пластикалық хирург.

Екінші орында әнші Бейонсе (92,44%), үшінші орында актриса Эмбер Херд (91,85%). Актрисаның мұрны мінсіз екен.

Топ-10 рейтингісіне Ариана Гранде, Тейлор Свифт, Кейт Мосс, Скарлетт Йоханссон, Натали Портман, Кэти Перри және Кара Делевинь де енді.

Тағы оқыңыз: Талғамда талас жоқ: жүз жылда сұлулыққа деген көзқарас қалай өзгерді – фото

Пластикалық хирургтың айтуынша, компьютерлік есептеу әдісі ғалымдарға әдемілік өлшемін есептеуге көмектеседі.

1520
  • © AP Photo / Invision / Charles Sykes

    Супермодель Белла Хадид мінсіз атануға бәрінен де жақын болды. Оның көрсеткіші 94,35%.

  • © AP Photo / Evan Agostini

    Пластикалық хирург рейтингісіндегі екінші орынды әнші Бейонсе (92,44%) иеленді

  • © AP Photo / Invision / Joel C Ryan

    Америкалық актриса Эмбер Херд те ең сұлу әйелдердің тізімінде - 91,85%

  • © AP Photo / Invision / Evan Agostini

    Мінсіз келбет бұйырған үздік үштіктен соң актриса әрі әнші Ариана Гранде тұр – 91,85%

  • © AP Photo / Matt Sayles

    Бұл тізімге әнші, актриса Тейлор Свифттің енбеуі мүмкін емес еді - 91,64%

  • © AP Photo / Invision / Joel C Ryan

    Әлемге әйгілі ұлыбританиялық супермодель Кейт Мосс сұлулығын сақтап қала білді - 91,05%

  • © AP Photo / Invision / Joel C Ryan

    Тізімдегі тағы бір жарқын жұлдыз Скарлетт Йоханссонның көрсеткіші - 90,91%

  • © AP Photo / Invision / Chris Pizzello

    Мінсіз келбетке ие хас сұлулардың қатарында Натали Портман да бар - 90,51%

  • © AP Photo / Invision for Kitty Purry Inc. / John Shearer

    Сүйкімді әнші Кэти Перри - 90,08%

  • © AP Photo / Invision / Joel Ryan

    Ең сұлу 10 әйелдің рейтингі ұлыбританиялық модель Кара Делевинмен аяқталды - 89,99%

Кілт сөздер:
хирург, пластикалық ота, сұлулық, әйел, фото
Тақырып бойынша
"Жасым 30-да сияқты": табиғи сұлулығын жоғалтпаған әйел құпиясымен бөлісті
Әлемдегі ең сұлу қыздар қай елде тұрады - фото
Сұлулық байқауы жеңімпазының жансыз денесі табылды – қылмыстық іс қозғалды
21 жасынан бері дене бітімі өзгермеген 50 жастағы модель бар құпияны ашты
Мәдина Батықтың жүрегін жаулаған кім: жаңа "Қазақстан аруы" ашық сұхбат берді  
Загрузка...