Мәнерлеп сырғанаушылар Қызыл алаңда мұз айдынын ашты - фото

189
(Жаңартылды 18:21 04.12.2019)
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • м
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
Қызыл алаңда ГУМ-сырғанақ салтанатты түрде ашылды. Олимпиада чемпионы Татьяна Навка "Ұйқыдағы ару. Екі патшалық аңызы" жаңа шоуынан үзінді орындады

Жұлдызбен бірге мұз айдынында фигуристер Алина Загитова мен Петр Чернышев өнер көрсетті.

Бастапқыда көрермендер мәнерлеп сырғанаушылар тоңып қалмай ма деп уайымдады, бірақ тамаша шоу мен фигуристердің шеберлігін тамашалағаннан кейін бұл уайымын ұмытып кетті.

Биылғы ГУМ-сырғанақтың 14-ші маусымының тақырыбы – "Спокойной ночи, малыши!" балалар бағдарламасының мерейтойы. Бағдарламаға 55 жыл толды. 

Сол себептен осы бағдарлама кейіпкерлерімен суретке түсу мүмкін болды. Ал аязда шоколад кәмпиттер мен кофе тарату келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

"Россия сегодня" ХАА және Sputnik - ГУМ-сырғанақ, "Қызыл алаңда ГУМ-дағы жаңажылдық шыршалар" жобасы мен ГУМ-Жәрмеңкенің ақпараттық серіктестері.

189
  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Ашылу салтанатының қонақтары үшін Татьяна Навка "Ұйқыдағы ару. Екі патшалық аңызы" жаңа мюзиклінен үзінді орындады.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Мюзикл дайындауға тоғыз ай уақыт кеткен. "Біздің құпиямыз әлі көп. Олардың бәрін паш етпеймін", - деді Татьяна Навка. Шоуда Ани Лорак, Александр Панайотов, Филипп Киркоров, шоумен Гарик Харламов пен басқа да жұлдыздар ән айтып, кейіпкерлерді дыбыстайтыны белгілі.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Спектакль фрагменттерін Татьяна Навка, Алина Загитова, танымал хореограф Петр Чернышев пен басқа әртістер орындады.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Алина Загитова бүгін өзін нағыз ханшайым сезінгенін айтты.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    "Ұйқыдағы ару" мюзикліндегі басты рөл туралы мәселе туындағанда, бұл жас әрі талантты фигурист Алинаның қолынан келеді деп сендім", - дейді Татьяна Навка.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Шараға келген танымал актерлер, бизнесмендер, спортшылар мен "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасының кейіпкерлері Sputnik халықаралық агенттігі мен радиосын 5-жылдық мерейтойымен және Жаңа жылмен құттықтады.

  • м
    © Sputnik /

    Актриса Екатерина Шпица фитнес-жаттықтырушы Руслан Пановпен бірген жүрді.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    "Кухня" телехикаясынан танитын Андрей Бурковский ашылу салтанатына әйелі Ольга мен ұлы Максимді ертіп келді.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Түрлі стендтер мен "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасының кейіпкерлерімен суретке түсу мүмкін болды. Ал аязда шоколад кәмпиттер мен кофе тарату келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Ұйымдастырушылар келушілер тоңып қалмас үшін жылы плед таратты.

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    "Сырғанақ теуіп, біздің энергиядан қуат алыңыздар", - деп Татьяна Навка барлық көрерменді мұз айдынына шақырды .

  • ГУМ-каток в Москве, открытие
    © Sputnik /

    Дәстүр бойынша, универмаг шамамен екі ай бойы ертегі әлеміне айналады.

Кілт сөздер:
мұз айдыны, Мәскеу, Ресей

Жеңістің 75 жылдығына арналған парад қалай өтті фото

357
(Жаңартылды 03:51 25.06.2020)
  • Президент Казахстана посетил военный парад по случаю 75-летия Победы
  • Казахстанские военные прошли по Красной площади во время парада Победы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай Қызыл алаңда мерейтойға арналған парад өтті. Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар екі жүзден астам әскери техника, 75 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды

Қызыл алаңда салтанатты шерумен 53 жаяу лек жүріп өтті. Салтанатты жиында ТМД елдері мен басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерін таныстырған 13 бөлік сап түзеді.

Қазақстан Республикасының атынан десанттық-шабуылдау әскері әскери бөлімінің 55 әскери қызметшісі қатысты.

Парадқа Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Молдова президенті Игорь Додон, Сербия президенті Александр Вучич, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, сербтер атынан Босния және Герцеговина президиумының мүшесі Милорад Додик, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның басшысы қатысты.

357
  • © Sputnik / Host photo agency / Alexander Vilf

    1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арнайы Мәскеуде Қызыл алаңда әскери парад өтті

  • © Sputnik / Host photo agency / Ilya Pitalev

    Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Мәскеудегі Қызыл алаңдағы әскери шеруге балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының сарбаздары қатысты

  • © Sputnik / Host photo agency / Ilya Pitalev

    Мәскеудегі Қызыл алаңда 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парадтағы "Терминатор" танктеріне көмектесетін әскери көлік

  • © Sputnik / Sergey Pyatakov

    2020 жылдың 24 маусымы. Мәскеудегі Қызыл алаңдағы 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парад басталар алдында ардагерлер мен мемлекет басшылары арасында РФ Президенті - РФ Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путин отыр

  • Фотохост-агентство

    РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақта) және РФ құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы армия генералы Олег Салюков Мәскеудегі Қызыл алаңдағы 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парадқа қатысты

  • © Sputnik / Host photo agency / Ilya Pitalev

    1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру кезінде парад жасағының әскери қызметшілері Мәскеудегі Қызыл алаңда сап түзеді

  • © Sputnik / Host photo agency / Evgeny Biyatov

    Мәскеудегі Қызыл алаңда 1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парадтағы Т-34-85 танктері

  • © Sputnik / Host photo agency / Vladimir Pesnya

    Мәскеудегі 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парадтың әуе бөлігі кезіндегі Су-25 шабуылдаушы техникасы

  • © Sputnik / Host photo agency / Vladimir Astapkovich

    Ту-160 стратегиялық бомбалаушы-тасығыш зымыраны парадтың әуе бөлімі кезінде көрсетілді

  • © Sputnik / Host photo agency / Sergey Pyatakov

    Мәскеудің Қызыл алаңында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери шеру кезінде Сербияның парадқа шыққан әскері

  • © Sputnik / Host photo agency / Vladimir Pesnya

    1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне әскери шеру басталар алдында парадқа шыққан әскери қызметшілер Мәскеудегі Қызыл алаңда тұр

  • © Sputnik / Host photo agency / Alexander Vilf

    Т-34-85 танкі Мәскеудегі Қызыл алаңдағы Жеңістің 75-жылдығына арналған әскери парад кезінде көрсетілді

  • © Sputnik / Host photo agency / Alexey Maishev

    Мәскеудегі 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне өткен әскери парадтың әуе бөлімі кезінде көрсетілген көп мақсатты Ми-8 тікұшақтары

  • © Sputnik / Host photo agency / Ramil Sitdikov

    2020 жылдың 24 маусымы. Ресей президенті, федерацияның қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысы Владимир Путин Мәскеуде өткен 1941-45 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери шеру кезінде сөз сөйледі

  • © Sputnik / Host photo agency / Ilya Pitalev

    1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған әскери парад кезінде парадқа шығатын әскери қызметшілер сапта тұр

  • © Sputnik / Host photo agency / Mikhail Voskresenskiy

    Мәскеудегі 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне өткен әскери парадта Т-34-85 танктері көрсетілді

  • © Sputnik / Host photo agency / Vladimir Pesnya

    1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне өткен әскери парадта "Панцирь-СА" зениттік зымыран-зеңбірек кешені көрсетілді

  • © Sputnik / Host photo agency / Mikhail Voskresenskiy

    1941-1945 жылдары өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған әскери парад кезінде Қызыл алаңда парадқа шығатын әскери қызметшілер сапта тұр

  • Президент Казахстана посетил военный парад по случаю 75-летия Победы
    © Официальный сайт Президента РК /

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

  • Казахстанские военные прошли по Красной площади во время парада Победы
    © Официальный сайт Президента РК /

    Жеңіс парадына Қазақстанның барлық құрамасы арасынан подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасы қатысты

Кілт сөздер:
фото, әскери парад, Жеңіс күні
Тақырып бойынша
Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті - видео
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Путин мен қонақтар Жеңіс парады кезінде трибунада болады – Песков
Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті
Мәскеудегі Жеңіс парады: қазақстандықтар Қызыл алаңға шығады

Адамдар ғаламшарды қалай "өлтіріп" жатыр жаға ұстатарлық 15 фото

1142
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкокта күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
  • Үндістанның Мумбаи қаласындағы Джуху жағажайында қоқыс тазалап жүрген 8 жастағы белсенді қыз Ливирия Кангуджам.
Жер шарына коронавирус індетінің айтарлықтай пайдасы тигенін атап өтпеске болмас. Ауру әлемде тарап, жағдай күйіп тұрған кезде көптеген ел өнеркәсіп өндірісін төмендетуге мәжбүр болды. Ал ғаламшар бір сәт демалып қалды. Фотоларды қарасаңыз, бәрін бірден түсінесіз!

Өндірістің төмендеуі біздің аядай ғана әдемі планетамызға оң әсер етті. Әдетте ғаламшар тұрғындары, яғни біз, адамдар қоршаған ортаға қастандық жасаймыз. Ғалымдар қазірдің өзінде пандемияның Жердің климатына оң әсер еткенін дәлелдеп жатыр. Мәселен, атмосфераға бөлінетін СО2 көлемі азайды, бұқаралық іс-шаралар, футбол ойындары мен концерттер, чемпионаттар кейінге қалдырылды, адамдар көлікті әдеттегіден сирек қолданатын болды, көбі үйден жұмыс істеді.

Спутниктен түсірілген фотолар бірқатар елде ластану деңгейінің айтарлықтай төмендегенін көрсетеді.

Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Сонымен, экология тұрғысынан қарайтын болсақ, COVID-19 инфекциясының өршуінің пайдасы тиді.

Осыдан кейін адамзат қорытынды жасап, Жер ресурстарын неғұрлым ұқыпты пайдалану жағына көңіл бөледі деген үміттеміз.

1142
  • Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкокта күн сәулесі түтін арасынан көрінеді
    © AP Photo / Gemunu Amarasinghe

    Түтін, шаң, лас ауа. Бұл мегаполис тұрғындарына таныс жағдай. Таиланд астанасы Бангкоктағы күн сәулесі түтін арасынан көрінеді

  • Үндістанның Мумбаи қаласындағы Джуху жағажайында қоқыс тазалап жүрген 8 жастағы белсенді қыз Ливирия Кангуджам.
    © AP Photo / Rajanish Kakade

    Үндістанның Мумбаи қаласындағы Джуху жағажайында қоқыс тазалап жүрген 8 жастағы белсенді қыз Ливирия Кангуджам.

  • © AP Photo / Charlie Riedel

    Мексика шығанағына мұнай төгілу кесірінен зардап шеккен бірқазан.

  • © REUTERS / Luc Gnago

    Жағалау эрозиясына ұшыраған Того астанасындағы тастанды қайықтар.

  • © AFP 2019 / Anthony Wallace

    Oceans Asia экологиялық тобының негізін қалаушы Гэри Стоукс Гонконгтағы Дискавери шығанағының тұрғын ауданындағы жағажайда қорғаныс маскаларын жинап жүр.

  • © AP Photo / Michigan Department of Transportation

    АҚШ-тың Мичиган штаты Мэдисон-Хайтстағы тас жолда улы химиялық қалдықтар төгіліп жатыр.

  • © AFP 2019 / Jonan Ordonez

    Гватемаладағы Аматитланда көлдегі жаңбыр шайған қоқыстарды жинап жатыр.

  • © REUTERS / Siphiwe Sibeko

    Оңтүстік Африка Республикасының Пиланесберг қорығында аң аулауға жол бермеу үшін мүйізтұмсықтың мүйізін кесіп тастаған.

  • © AFP 2019 / Arif Ali

    Түтін мен қалдық: Пәкістанның Лахор қаласындағы ағаш нарығы.

  • © AP Photo / Dave Martin

    Мексика шығанағында мұнай төгілгеннен кейінгі жағдай.

  • © REUTERS / Kham

    Вьетнамның Виньфук провинциясында әйел күріш алаңының жанындағы қоқыс үйіндісінде шикізат жинап жүр

  • © REUTERS / Dinuka Liyanawatte

    Шри-Ланканың Коломбо жағажайында волонтер қоқыс жинап жүр.

  • © AP Photo / Rick Rycroft

    Австралиядағы табиғи өрттер

  • © AP Photo / Martin Meissner

    Германиядағы мұнай өңдеу зауыты мен Uniper энергетикалық компаниясының көмір электр станциясы.

  • © AP Photo / Andreea Alexandru

    Румынияның Бухарест қаласындағы наразылық акциясы кезінде наразылық білдіруші газқағар киіп алған.

Кілт сөздер:
табиғат, жер, фото
Нұрсұлтан Назарбаев

Карантинмен тұспа-тұс келген мерейтой: Назарбаев 80 жасқа толды

124
(Жаңартылды 09:09 06.07.2020)
Сексен жылдық мерейтой қарсаңында елордада Елбасыға ескерткіш ашылды, президент Қасым-Жомарт Тоқаев карантинге байланысты шараға онлайн қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сексен жасқа толды. 6 шілде күні республикада Астана күні де аталып өтеді.

Елбасының мерейтойы коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған карантинмен тұспа-тұс келіп тұр. Осыған байланысты елде бұқаралық шараларға, мерекелік концерттер мен сауық-сайранға тыйым салынған. Мерекелік шаралар онлайн форматқа ауыстырылды.

Әлемді жайлаған індет тұңғыш президентті де айналып өтпеді. Коронавирус жұқтырған Назарбаев екі апта бойы өзін оқшаулап, қашықтан жұмыс істеді. Жуырда, 2 шілде күні Елбасының баспасөз қызметі жақсы жаңалықты бөлісті. Тұңғыш президенттің соңғы тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен.

"Халқыммен бірге бұл сырқаттың бүкіл ауыртпашылығын сезіндім, қазір емделіп жатқандардың бәріне төзім мен қажыр-қайрат және тезірек сауығып кетулерін тілеймін", - деді ол сауығып кетуіне тілектестік білдіргендерге ризашылығын жеткізіп.

Жаңа ескерткіш

Сексен жылдық мерейтой қарсаңында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық қорғаныс университетінде Нұрсұлтан Назарбаевқа монумент ашылды.

Шараға онлайн қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштері тұңғыш президенттің жарлығымен құрылғандықтан, ескерткіштің Ұлттық қорғаныс университетінде орнатылуының символдық мәні зор екенін атап өтті.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 6,6 метрді құрайды. Мүсін қоладан жасалған. Мүсінші Ербол Зиябеков бұл композицияға бес жылын сарп етіпті.

Қарулы күштердің құрылуы мен дамуына қосқан орасан зор үлесін көрсету үшін Назарбаевқа әскери форма кигізген.

Елбасыны кімдер құттықтап жатыр

Қазақстанның тұңғыш президентіне елорда күні мен 80 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаттар келіп жатыр.

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы видеоқұттықтау жолдады. Көрші ел басшысы Назарбаевпен көпжылдық достығын қадірлейтінін және мақтан тұтатынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев қандай өмірлік мәртебелерге ие?

Сонымен қатар, Елбасыны туған күнімен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Армения президенті Армен Саркисян, Түркияның бұрынғы басшысы Абдулла Гүл, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Сингапур премьер-министрі Ли Сиань Лун, Молдова президенті Игорь Додон, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Израиль мемлекетінің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Испания королі Фелипе, Монако князі II Альбер және тағы басқалары құттықтады.

Назарбаев туралы қызықты деректер

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.  Нұрсұлтан деген есімді туған әжесі қойған.

Дүниеге келгенде болашақ президенттің салмағы 5 келі болған. Сәби күнінде ұшқыш болуды армандаған, ал мектеп қабырғасында химия ғылымына бет бұрғысы келген.

Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы Теміртау қаласында "Қазметаллургқұрылыс" тресінде қарапайым жұмысшы болып бастады.

Елбасы саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды. Сүйікті спорт түрінің бірі – теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

Тұңғыш президент гольфке де әуес. Ал тау шаңғысымен алғаш рет 55 жасында айналыса бастаған.

Ұлттық аспап – домбырада жақсы ойнайды.

Тұңғыш президент жұбайы Сара Назарбаевамен Дариға, Динара және Әлия есімді үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде Елбасының үш қызынан тоғыз жиені бар.

Назарбаевтың отставкасы

Мемлекетті отыз жыл басқарған Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатты.

Десе де, ол Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы мәртебесіне ие, бұған қоса елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген.

Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Елбасының есімін мәңгі есте қалдыру үшін ел астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

124
Кілт сөздер:
Астана күні, туған күн, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Назарбаев жиенінің үйіне қатысты іс: британиялық ведомство 1,5 млн фунт төлейді
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео