Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото

Жазылу
Әлемді әбігерге салған коронавирус ауруына атақты адамдар да шалдығып жатыр. Оның қатарында танымал саясаткерлер, актерлер мен спортшылар да бар

Дәрігерлер көмегіне жүгінген алғашқы танымал адамдардың бірі - Голливуд актері Том Хэнкс. Ол жұбайымен бірге коронавирусты Австралияда жұқтырған көрінеді. Бүгінде актер мен оның әйелі Рита Уилсон ауруханадан шығарылды.

Жауапкершіліктің ең жарқын үлгісін Канада премьер-министрі Джастин Трюдо көрсетті. Ол әйелі Софиде коронавирус анықталғаннан кейін бірден өзі үйде оқшауланды.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялады. Әлемнің 150-ден астам еліндегі 160 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырды. Олардың көпшілігі сауықты, алты мыңнан астамы қайтыс болды.

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшуде. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.

© AFP 2024 / Anthony HarveyАмерикалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған.
Америкалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған - Sputnik Қазақстан
1/12
Америкалық актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон 2018 жылы 16 шілдеде Лондондағы қызыл кілем үстімен жүріп өткен кезі. Актер әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желілер арқылы жария етті. 63 жастағы Хэнкстің айтуынша, ерлі-зайыпты Австралияда жүргенде ауырып қалған.
© AFP 2024 / Twitter account of Justin Trudeau13 наурыз, жұма күні Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жұбайы Софи Грегуар-Трюдоның коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін өзін қоғамнан оқшаулағанын мәлімдеді. Ол Оттавадағы өз үйінде жұмыс істеп отырған суретін Twitter-де жариялады.
Премьер-министр Канады Джастин Трюдо на карантине у себя дома из-за заражения женой коронавирусом - Sputnik Қазақстан
2/12
13 наурыз, жұма күні Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо жұбайы Софи Грегуар-Трюдоның коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін өзін қоғамнан оқшаулағанын мәлімдеді. Ол Оттавадағы өз үйінде жұмыс істеп отырған суретін Twitter-де жариялады.
© AFP 2024 / Chris WattieКанада премьер-министрінің әйелі Софи Грегуар-Трюдо Ұлыбританиядан оралған соң ауыра бастайды. Оның коронавирус сынағы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Софи Трюдо өзін жақсы сезінеді, сауығып келеді.
Жена премьер-министра Канады Джастина Трюдо  Софи Грегуар-Трюдо  - Sputnik Қазақстан
3/12
Канада премьер-министрінің әйелі Софи Грегуар-Трюдо Ұлыбританиядан оралған соң ауыра бастайды. Оның коронавирус сынағы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Софи Трюдо өзін жақсы сезінеді, сауығып келеді.
© AFP 2024 / GLYN KIRKАнглия премьер-лигасындағы "Челси " клубының жартылай қорғаушысы Каллум Худсон-Одои коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуін тілеген жанкүйерлеріне Instagram- да алғысын білдіріп, олардың үмітін ақтауға тырысатынын айтты.
Футболист Челси Каллум Хадсон-Одои - Sputnik Қазақстан
4/12
Англия премьер-лигасындағы "Челси " клубының жартылай қорғаушысы Каллум Худсон-Одои коронавирус жұқтыруына байланысты тезірек сауығып кетуін тілеген жанкүйерлеріне Instagram- да алғысын білдіріп, олардың үмітін ақтауға тырысатынын айтты.
© AFP 2024 / Alan Santos / Brazilian PresidencyБразилия президенті Жаир Болсонару Флоридада америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездесуден кейін коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже берді.
Президент США Дональд Трамп и бразильский президент Жаир Болсонару со своим пресс-секретарем Fabio Wajngarten во время встречи  - Sputnik Қазақстан
5/12
Бразилия президенті Жаир Болсонару Флоридада америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездесуден кейін коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже берді.
© REUTERS / Henry NichollsҰлыбритания денсаулық сақтау министрінің емделушілердің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырғаны анықталған соң қоғамнан оқшауланатынын айтты.
Замминистра здравоохранения Великобритании по вопросам безопасности пациентов Надин Доррис - Sputnik Қазақстан
6/12
Ұлыбритания денсаулық сақтау министрінің емделушілердің қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары Надин Доррис коронавирус жұқтырғаны анықталған соң қоғамнан оқшауланатынын айтты.
© REUTERS / Jason Lee"Юта Джаз" клубының баскетболшысы Руди Гобер баспасөз мәслихатында коронавирус айналасындағы дүрбелеңге күліп, әдейі микрофондарды бәрін ұстап көргеннен кейін бір аптадан соң коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ұлттық баскетбол қауымдастығы "Юта" ойыншыларының сырқатына байланысты маусымдық ойындарды тоқтатты.
Баскетболист НБА Руди Гобер  - Sputnik Қазақстан
7/12
"Юта Джаз" клубының баскетболшысы Руди Гобер баспасөз мәслихатында коронавирус айналасындағы дүрбелеңге күліп, әдейі микрофондарды бәрін ұстап көргеннен кейін бір аптадан соң коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ұлттық баскетбол қауымдастығы "Юта" ойыншыларының сырқатына байланысты маусымдық ойындарды тоқтатты.
© REUTERS / John Sibley / Action Images 12 наурыз күні "Арсенал" жаттықтырушысы Микель Артетаға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соң, бір тәуліктен кейін премьер-лига клубтарының шұғыл жиналысы өтіп, Англия чемпионаты тоқтатылды.
 Главный тренер клуба «Арсенал» Микель Артета - Sputnik Қазақстан
8/12
12 наурыз күні "Арсенал" жаттықтырушысы Микель Артетаға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған соң, бір тәуліктен кейін премьер-лига клубтарының шұғыл жиналысы өтіп, Англия чемпионаты тоқтатылды.
© AFP 2024 / Sean DaveyАвстралияның ішкі істер министрі Питер Даттон коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін мойындады. Ол ауруханаға жатқызылған, жағдайы жақсы екенін айтып отыр.
Австралийский политик Питер Крейг Даттон  - Sputnik Қазақстан
9/12
Австралияның ішкі істер министрі Питер Даттон коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткенін мойындады. Ол ауруханаға жатқызылған, жағдайы жақсы екенін айтып отыр.
© REUTERS / Piroschka Van De WouwТуриндік "Ювентус" қорғаушысы Даниэле Руганиден де коронавирус инфекциясы табылды. Елдегі індетке байланысты Италия чемпионатының матчтары 3 сәуірге дейін тоқтатылды.
Защитник клуба «Ювентус» Даниеле Ругани - Sputnik Қазақстан
10/12
Туриндік "Ювентус" қорғаушысы Даниэле Руганиден де коронавирус инфекциясы табылды. Елдегі індетке байланысты Италия чемпионатының матчтары 3 сәуірге дейін тоқтатылды.
© Sputnik / Ekaterina Chesnokova / Медиабанкке өтуУкраинадан шыққан француз актрисасы әрі модель Ольга Куриленко "Берлинале" кинофестивалінің қызыл кілемінде. Әлеуметтік желілердегі парақшасында актриса коронавирустың негізгі белгілері температура мен әлсіздік екенін жазды. Ол адамдарды сақ болуға шақырды.
Французская актриса и модель украинского происхождения Ольга Куриленко на красной дорожке церемонии закрытия 65-го Берлинского международного кинофестиваля Берлинале - 2015 - Sputnik Қазақстан
11/12
Украинадан шыққан француз актрисасы әрі модель Ольга Куриленко "Берлинале" кинофестивалінің қызыл кілемінде. Әлеуметтік желілердегі парақшасында актриса коронавирустың негізгі белгілері температура мен әлсіздік екенін жазды. Ол адамдарды сақ болуға шақырды.
© REUTERS / Yara NardiИталия демократиялық партиясының жетекшісі әрі ел астанасындағы Лацио аймағының басқарушысы Никола Дзингаретти коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Глава демократической партии Италии Никола Дзингаретти - Sputnik Қазақстан
12/12
Италия демократиялық партиясының жетекшісі әрі ел астанасындағы Лацио аймағының басқарушысы Никола Дзингаретти коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0