Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жойқын жарылыстан кейінгі Бейрут қаласының қазіргі көрінісі – фото

Жазылу
Ливан астанасындағы жойқын жарылыс жүз отыздан астам адамның өмірін қиды. Бейруттың мыңдаған тұрғыны жарақат алып, көптеген адам ауруханада орын жетпеуінен медициналық көмек ала алмады

Жарылыс салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін Ливанда үш күндік аза тұту жарияланды. Ал Бейруттың өзінде төтенше жағдай жарияланды.

Мамандар сейсенбі күні кешке болған жарылыстың күшін төрт жарым баллдық жер сілкінісімен теңестіруде – ол Ливан астанасынан қашық жерде де сезілген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ливандық әріптесі Мишель Аунуға қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Айта кетейік, Ливанда бітімгершілік миссиясының қазақстандық әскери қызметшілері де бар.

Бейрут қаласының қайғылы жағдайдан кейінгі және қалпына келтіру жұмыстарының басталып жатқан көрінісі бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

© AP Photo / Hussein MallaҚауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
Разрушенное хранилище топлива в Бейруте после взрыва - Sputnik Қазақстан
1/19
Қауіпсіздік шаралары сақталмай, бірнеше мың тонна аммиак селитрасы жарылғаннан кейінгі Бейрут портының көрінісі.
© REUTERS / Mohamed AzakirЖергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды "бомбалаудан кейінгі қала" деп сипаттауға болады.
Вид улиц Бейрута после взрыва в порту - Sputnik Қазақстан
2/19
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі жағдайды "бомбалаудан кейінгі қала" деп сипаттауға болады.
© Sputnik / Vissam Matta / Медиабанкке өтуКүшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
3/19
Күшті жарылыс қала ғимараттарының жартысын қиратты, ал Бейрут апатты аймақ деп жарияланды.
© REUTERS / Aziz TaherЛиван астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
Вид порта Бейрута после взрыва - Sputnik Қазақстан
4/19
Ливан астанасындағы кемежайдың сау-тамтығы қалмады, құтқарушылар үйінділер астынан тірі адамдар мен зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда.
© Sputnik / Vissam Matta / Медиабанкке өтуҚаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
5/19
Қаладағы төрт аурухана да қирап, ол жерлердегі емделушілерді басқа медициналық мекемелерге орналастыруға тура келді. Жалпы алғанда Бейрут ауруханалары жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр.
© REUTERS / Mohamed AzakirЖарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
Выбитые стекла в здании, находящемся поблизости от порта Бейрута, где произошел мощный взрыв - Sputnik Қазақстан
6/19
Жарылыс толқынының күштілігі соншалық, порттың жанында орналасқан ғимараттардың әйнектері толығымен қираған.
© Sputnik / Michael Alaeddin / Медиабанкке өтуҮш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
7/19
Үш жүз мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы қатты зақымданды, коронавирустық пандемия кезінде жұқпалы аурулар өршуі мүмкін.
© Sputnik / Michael Alaeddin / Медиабанкке өтуЗардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
8/19
Зардап шеккендердің арасында шетелдік дипломаттар да бар. Бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдік ғимараттары қирады. Мәселен, жарылыстан Бейруттағы қазақстандық консул да жарақат алды.
© AP Photo / Hassan AmmarЖарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
9/19
Жарылыс ғимарат терезелері мен шатырларын ұшырып, жол үстіндегі жүздеген көлікті аударып жіберді. Соққы толқынынан пайда болған түтін мен шаң ондаған шақырым қашықтан көрінді.
© REUTERS / Issam AbdallahБейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
10/19
Бейрут көшесіндегі автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жарылыс толқынынан ұшқан әйнек сынығы мен қирандылардан қатты зардап шекті.
© AP Photo / Hussein MallaБейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
Хранилище топлива в порту Бейрута после взрыва - Sputnik Қазақстан
11/19
Бейрут портындағы жанармай сақтау қоймасынан үйінді ғана қалды. Материалдық шығын мен қоршаған ортаға келтірілген зиян әлі есептелмеді.
© REUTERS / Aziz TaherҚала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
12/19
Қала тұрғындары мен құтқарушылар және жергілікті билік өкілдері зардап шеккен аудандардағы қирандылар мен үйінділерді жедел аршу жұмыстарын ұйымдастыруда. Өйткені, оның астында адамдар қалып қойған болуы мүмкін.
© AP Photo / Hussein MallaБірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
Разрушенное хранилище топлива в Бейруте после взрыва - Sputnik Қазақстан
13/19
Бірнеше мемлекеттің басшысы, соның ішінде Қазақстан да Бейрут портындағы қайғылы жағдайға байланысты Ливан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ, жарылыс зардаптарын жоюға көмек көрсетуді ұсынды.
© AP Photo / Hussein MallaЖарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
14/19
Жарылыс зардаптарын жоюға тек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер де қатысады. Әсіресе, әскери техникалар Бейруттың зардап шеккен аудандарындағы өртті сөндіруге қолданылады.
© AP Photo / Hussein MallaЖарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
15/19
Жарылыс болған сәтте бұл шіркеуде құдайға сыйыну рәсімі жүріп жатты. Діни қызметкер ғибадатханадағы шамдар сөнгеннен кейін де өз қызметін жалғастыра берді. Құлаған бөлшектер астында қалған оның кейінгі тағдыры белгісіз.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRБейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
Последствия взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
16/19
Бейруттағы порт аймағы толықтай жойылып, үйіндіге айналды деп айтуға болады. Бұл жағдай қала мен елдің экономикасына қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRҚираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
Спасатели и жители разбирают завалы на месте взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
17/19
Қираған портты қалпына келтіру жұмыстары іздестіру-құтқару қызметі аяқталғаннан кейін бірден басталады.
© REUTERS / ISSAM ABDALLAHЗардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
Последствия разрушительного взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
18/19
Зардап шеккендер жерде ғана емес, тікұшақпен де іздестірілуде.
© REUTERS / MOHAMED AZAKIRЖарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.
Пожарные тушат возгорание после мощного взрыва в Бейруте - Sputnik Қазақстан
19/19
Жарылыс зардаптарын жоюға көмектесу үшін Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын Бейрутқа жіберді. Сондай-ақ, Катар мен Ирак және Иордания Бейрутта далалық ауруханаларды орналастыруға, одан басқа бірнеше мемлекет құтқарушылар мен дәрігерлер жіберуге дайын екенін жариялады.
Жаңалықтар
0