Ресейде із-түзсіз жоғалған қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

549
(Жаңартылды 12:46 12.11.2019)
Ол – 1914 жылы туған қатардағы жауынгер Абдылқасым Жаманбаев, Көкшетау облысы Чистопольский ауданы Гаршино ауылында дүниеге келген

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Іздеу жасағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты, бірақ сарбаздың туған-туыстары әлі табылған жоқ.

Ресейдің "Примирение" іздеу жасағы Ленинград облысында жауынгердің сүйегін тапты.

"Ленинград облысы Киров ауданы Гайтолово ауылындағы іздеу шаралары барсында медальоны бар РККА жауынгері табылды. Жатқан жері 30 сантиметр тереңдікте, топырағы саздақ. Жауынгердің қасында жеке заттары болған: бақыраш, қасық, шыны фляга, газқағар. Қару-жарақтан: екі граната. Суреттерін қоса жіберіп отырмын", — деп хабарлайды жасақ командирі Сергей Барсуков.

Медальондағы деректерге сүйенсек, ол – 1914 жылы Көкшетау облысы, Чистопольский ауданы Гаршино ауылында дүниеге келген қатардағы жауынгер Абдылқасым Жаманбаев. 1941 жылы 18 шілдеде соғыстың алғашқы күндері әскерге шақырылған, 1942 жылдың ақпанынан бері із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында тіркеліпті.

  • Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    © Photo : поисковый отряд "Примирение"
  • Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    © Photo : поисковый отряд "Примирение"
  • Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары
    © Photo : поисковый отряд "Примирение"
1 / 3
© Photo : поисковый отряд "Примирение"
Қазақстандық жауынгердің сүйегі мен жеке заттары

"Соғыстан кейін оны әкесі Исмаилов Әубәкір іздеп таба алмаған. Арада 76 жыл өткенде ғана Ленинград жерінен табылды. Қазақстандық тағы бір батыр туған жеріне оралады деген үміттеміз. Туған-туыстарын табу керек", — деп атап өтті іздеушілер.

549
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, қазақстандық жауынгер, Ресей
Хиуаз Доспанованың ескерткіші

Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа жоба басталды: кім қатыса алады?

32
Жоба Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, оған кез келген адам қатыса алады

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңістің 75 жылдығына арналған "Атлас памяти" деген жаңа онлайн-жобаны іске қосты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Россотрудничество басшылығы көпшілікке тарату мақсатында ескерткіштер каталогын шығаруды жоспарлар отыр. Каталог баспа және электронды түрде шығады. Жоба монументалды мұраны дәріптеуге және қазақстандықтар мен ел қонақтарын ақпараттандыруға бағытталған.

24-31 тамыз аралығында әлеуметтік желі арқылы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары мен оқиғаларының құрметіне Қазақстан қалаларында орнатылған ескерткіштерге арналып жазылған мәтін мен фотоматериалдар жиналды. Бір апта ішінде еліміздің 20-ға жуық қаласынан материалдар келді.

"Мысалы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушылары Николай Артемасов пен Никита Гетмановтың арқасында 1985 жылы Степногорск қаласында ашылған сәулетші Лоуренс Баласовтың "Жеңіс монументі" туралы білдік. Елизавета Максимова Теміртаудағы "Белгісіз солдат ескерткіші" туралы білуге көмектесті. Осындай жағдайлар көбірек кездесіп жатыр", - деді жоба үйлестірушісі Ольга Скальчук.

Жобаға қалай қатысуға болады

Жобаға қатысып, өз қалаңыздағы ескерткіш туралы айтқыңыз келсе, Россотрудничество сайтында жарияланған ережеге сәйкес ескерткіштердің авторлық фотосуреттері мен оған сипаттама жазып жіберу қажет.

Қазір "Атлас памяти" бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жиналған материалдың бір бөлігі pobedakz.com сайтында көрсетілуде. Бұл порталды Россотрудничество өкілдігі "Ұлы Отан: ХХІ ғасырдағы көзқарас" жобасы аясында арнайы құрды.

Сталинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлер

Сонымен қатар "Сталинград үшін шайқастағы қазақстандық жауынгерлер" жобасы бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. "Сталинград шайқасы" (Волгоград) мұражай-қорығының қорынан көрме мамырда қазақстандық көрермен үшін арнайы дайындалған болатын. Оған Елбасы кітапханасының "Мәдениет арқылы диалог" халықаралық жобасы аясында Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі бастамашы болды.

Оның экспозициясы да pobedakz.com сайтында бар және жаңа материалдармен толықтыру жалғасып жатыр.

Сталинград шайқасына қатысқан туыстары мен жақындары туралы айтқысы келетіндер материалды (мәтін, фотосурет, құжаттардың сканерленген көшірмесін) kaz.rs.gov@gmail.com поштасына жібере алады және олар да виртуалды экспозицияға қосылады.

32
Түрме

Концлагерьде қаза тапқан екі мың қазақстандық жайлы мәлімет табылды

634
(Жаңартылды 18:51 20.08.2020)
Абхазия курсанттары қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде көз жұмған екі мың қазақстандық жауынгер туралы мәлімет тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі "Возвращение имени" халықаралық жобасы аясында "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жауынгердің туыстарын іздеу акциясын бастайды.

"Славута" әскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дәрігерлер мен басқа да адамдар нацистерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың есімін тізімге жазып отырған. Лагерь босатылған жылы (1944) тізімде 20 мың жауынгердің аты-жөні мен туыстары тұратын қалалар болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОО «Atamnyn amanaty» (@ata.amanaty)

Осы жылдың басында Григорий Скворцов бастаған "Возвращение имени" халықаралық жобасының командасы концлагерьдің 20 мың тұтқыны туралы мәліметтер тапты, деп хабарлайды Atamnyn Amanaty бірлестігінің баспасөз қызметі.

Абхазияның әскери курсанттары із-түссіз жоғалған жауынгерлердің тізімімен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жатыр. Олар қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жайлы мәлімет тапты.

150 қазақстандық жауынгер туралы мағлұмат "Atamnyn Amanaty" бірлестігіне берілді. Мұрағаттан табылған құжаттарды реттестірген соң, "Возвращение имени" жобасының авторы қалған 1 850 тұтқын туралы мәлімет ұсынады.

"Біз "Возвращение имени" жобасы аясындағы жұмыс барысында барлық отандасымыздың туысын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары "Славута" концлагеріне тұтқынға түскен жауынгерлердің есімдері мәңгі есте сақталады. Біз облыстардың жергілікті атқарушы органдарын қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын іздеуге жәрдемдесуге шақырамыз", - деді Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Акция барысында жиналған материалдар www.pamyat-naroda.ru сайтының базасына енгізіледі.

"Славута" лагерінің тарихы белгілі, бұл тізімнің өзі де қанмен келді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары, мешіттер мен шіркеулер, сондай-ақ Қазақстанның әскери комиссариаттары қаза болғандардың жақындарын іздеуге қол ұшын созғанын қалаймыз", - деді "Возвращение имени" халықаралық жобасының жетекшісі Григорий Скворцов.

Бұған дейін "Возвращение имени" жобасының қатысушылары Бішкек студенттерімен бірге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға арналған тізімдерді жасау және талдау бойынша жұмыс жүргізген болатын.

Туыстары майданда хабар-ошарсыз кеткен азаматтар Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне хабарласа алады: +7 776 828 45 35, +7 776 828 45 34.

634
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан
Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0