Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан

© Sputnik / Анатолий Гаранин / Медиабанкке өтуҰлы Отан Соғысы
Ұлы Отан Соғысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1941 жылы Чистяковка ауылынан майданға сегіз ағайынды жігіт аттанған, алайда біреуі ғана аман-есен оралыпты. Жауынгер Мүтәлап Әубәкіровтің тағдыры туралы немересі айтып берді

АСТАНА, 9 мамыр — Sputnik, Айсұлу Жұмағұлова. Солтүстік Қазақстандағы Чистяковка ауылының тумасы Мүтәлап Әубәкіров Ұлы Отан соғысынан аман оралып, бөгде елде сүйікті жарын кезіктіріп, соңынан үлкен бір әулет қалдырған. Қазір де оның ұрпақтары батыр бабасы туралы естеліктерді мәңгі жадында сақтайды.

Жеңіс күні - Sputnik Қазақстан
Қоғам
9 мамыр – Жеңіс күні

Мүтәлап Әубәкіровтің оқиғасы туралы оның немересі Әлия Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді. Марқұм Мүтәлап атамыз сегіз ағайындының бірі екен, бәрі де майдан шебіне аттанған.

Жас Мүтәлап Ленинград шебінде болып, блокаданы бұзуға көмектескені үшін медаль алған. Әубәкіров төрт күн бойы жоюға күш жұмсалған дзотты бір оқпен бұзған.

Соғыста ауыр жарақат алыпты – контузиясы болған. Ұзақ уақыт Ленинград түбінде госпитальде жатып, дәрігерлердің арқасында беті бері қараған.

Әубәкіров жеңісті Кёнигсбергте қарсы алды. Ол кезде аға лейтенант болып жүрген, ал 1945 жылы оны Қиыр Шығысқа жапондармен шайқасуға жібереді. Алайда ол жаққа жетіп үлгермепті, жауынгер алдыңғы шепке жеткенше, соғыс аяқталған.

Еске алу - Sputnik Қазақстан
Рейхстаг шабуылына қатысқан соңғы қазақстандық өмірден озды

"Атам жапондарға қарсы соғысқа қатысып үлгермеді, оны Қиыр Шығысқа жапон соғыс тұтқындарының лагеріне жіберген", — дейді Әлия.

Немересінің айтуынша, Қиыр Шығысқа шайқасуға аттанған атасы елге қалыңдығымен оралған екен.

"Үйленіп, Қазақстанға алып келді. Әжем Надежда Михайловна — ұлты орыс, сол себепті атамның отбасы ұзақ уақыт қабылдамай қойған. Әжем бешбармақ жасауды, әдеби қазақ тілінде сөйлеуді үйренген, қазір әулетіміздің басшысы сол кісі. Сәби дүниеге келіп, біреу үйленіп немесе қайтыс болса, бәрі салт-дәстүрлерді сұрау үшін әжеме хабарласады", — дейді Әлия.

"Сегіз ағайындының ішінен атам ғана елге аман оралыпты. Туған ауылына келген соң мектепте сабақ берді, экономика және қаржы бойынша оқулықтар әзірлеуге қатысты. Атамның ағалары соғыста қаза тапқандықтан, бауырларына өзі қамқор болды. Соңғы медалі – Жуков медалін – қатты күтті, біз оны атам қайтыс болғаннан кейін жарты жылдан соң алдық", — деп әңгімелейді Әлия.

Мәңгілік полк - Sputnik Қазақстан
Әлем
Женевада "Мәңгілік полк" шеруі алғаш ресми түрде өтті

Соғыстан кейін Мүтәлап Әубәкіровтың үш баласы дүниеге келді, олардан алты немере, алты шөбере, бір шөпшек сүйді. Отбасы әр жыл сайын елордамыздағы Отан қорғаушылар адаңына келіп, ардагерлерді құттықтайды, "Мәңгілік полк" шеруіне қатысады.

Әлияның айтуынша, атасы ешқашан соғыстағы қорқынышты сәттер туралы сөз қозғамаған. Мылтықпен лай судан қалай секіргенін айтып, немерелерін қыран-топан күлдіретіні әлі есінде.

Sputnik Қазақстан редакциясы баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды!

Жаңалықтар
0