Жеңіс күнін мерекелеп жатқан ардагерлер

Сапарбаев ардагерлерге төленетін бір реттік төлемді теңестіруді тапсырды

477
Жеңістің мерейтойына арналған жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған, оның арасында әскери парад та бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұратын өңіріне қарамастан бірыңғай төлем белгілеуді тапсырды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Сапарбаев әрбір облыста Жеңіс мерейтойын атап өтуге дайындық бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, вице-премьер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және "Қазақстанның ардагерлер ұйымы" орталық кеңесімен бірге Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне төленетін бір реттік төлем сомасын теңестіру мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. 

Тағы оқыңыз: Мемлекеттен жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?

"Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, тарихи миссияны орындап, фашизмді жеңуге үлес қосқан қазақстандықтарды ардақтау жалпы мемлекеттік ауқымдағы шара. Біз күш-жігерімізді оларды жан-жақты қолдауға бағыттауымыз қажет. Ешбір ардагер назардан тыс, қамқорлықсыз қалмауы тиіс", - деді Сапарбаев.

Белгілі болғандай, отырыстың қорытындысы бойынша Жеңістің мерейтойына арналған жоспар жобасында барлығы 67 іс-шара қарастырылған. Оның арасында әскери парад та бар.

477
Кілт сөздер:
Жеңіс күні, ардагерлер, төлем
Хиуаз Доспанованың ескерткіші

Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа жоба басталды: кім қатыса алады?

33
Жоба Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, оған кез келген адам қатыса алады

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңістің 75 жылдығына арналған "Атлас памяти" деген жаңа онлайн-жобаны іске қосты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Россотрудничество басшылығы көпшілікке тарату мақсатында ескерткіштер каталогын шығаруды жоспарлар отыр. Каталог баспа және электронды түрде шығады. Жоба монументалды мұраны дәріптеуге және қазақстандықтар мен ел қонақтарын ақпараттандыруға бағытталған.

24-31 тамыз аралығында әлеуметтік желі арқылы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары мен оқиғаларының құрметіне Қазақстан қалаларында орнатылған ескерткіштерге арналып жазылған мәтін мен фотоматериалдар жиналды. Бір апта ішінде еліміздің 20-ға жуық қаласынан материалдар келді.

"Мысалы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушылары Николай Артемасов пен Никита Гетмановтың арқасында 1985 жылы Степногорск қаласында ашылған сәулетші Лоуренс Баласовтың "Жеңіс монументі" туралы білдік. Елизавета Максимова Теміртаудағы "Белгісіз солдат ескерткіші" туралы білуге көмектесті. Осындай жағдайлар көбірек кездесіп жатыр", - деді жоба үйлестірушісі Ольга Скальчук.

Жобаға қалай қатысуға болады

Жобаға қатысып, өз қалаңыздағы ескерткіш туралы айтқыңыз келсе, Россотрудничество сайтында жарияланған ережеге сәйкес ескерткіштердің авторлық фотосуреттері мен оған сипаттама жазып жіберу қажет.

Қазір "Атлас памяти" бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жиналған материалдың бір бөлігі pobedakz.com сайтында көрсетілуде. Бұл порталды Россотрудничество өкілдігі "Ұлы Отан: ХХІ ғасырдағы көзқарас" жобасы аясында арнайы құрды.

Сталинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлер

Сонымен қатар "Сталинград үшін шайқастағы қазақстандық жауынгерлер" жобасы бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. "Сталинград шайқасы" (Волгоград) мұражай-қорығының қорынан көрме мамырда қазақстандық көрермен үшін арнайы дайындалған болатын. Оған Елбасы кітапханасының "Мәдениет арқылы диалог" халықаралық жобасы аясында Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі бастамашы болды.

Оның экспозициясы да pobedakz.com сайтында бар және жаңа материалдармен толықтыру жалғасып жатыр.

Сталинград шайқасына қатысқан туыстары мен жақындары туралы айтқысы келетіндер материалды (мәтін, фотосурет, құжаттардың сканерленген көшірмесін) kaz.rs.gov@gmail.com поштасына жібере алады және олар да виртуалды экспозицияға қосылады.

33
Түрме

Концлагерьде қаза тапқан екі мың қазақстандық жайлы мәлімет табылды

635
(Жаңартылды 18:51 20.08.2020)
Абхазия курсанттары қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде көз жұмған екі мың қазақстандық жауынгер туралы мәлімет тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі "Возвращение имени" халықаралық жобасы аясында "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жауынгердің туыстарын іздеу акциясын бастайды.

"Славута" әскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дәрігерлер мен басқа да адамдар нацистерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың есімін тізімге жазып отырған. Лагерь босатылған жылы (1944) тізімде 20 мың жауынгердің аты-жөні мен туыстары тұратын қалалар болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОО «Atamnyn amanaty» (@ata.amanaty)

Осы жылдың басында Григорий Скворцов бастаған "Возвращение имени" халықаралық жобасының командасы концлагерьдің 20 мың тұтқыны туралы мәліметтер тапты, деп хабарлайды Atamnyn Amanaty бірлестігінің баспасөз қызметі.

Абхазияның әскери курсанттары із-түссіз жоғалған жауынгерлердің тізімімен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жатыр. Олар қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жайлы мәлімет тапты.

150 қазақстандық жауынгер туралы мағлұмат "Atamnyn Amanaty" бірлестігіне берілді. Мұрағаттан табылған құжаттарды реттестірген соң, "Возвращение имени" жобасының авторы қалған 1 850 тұтқын туралы мәлімет ұсынады.

"Біз "Возвращение имени" жобасы аясындағы жұмыс барысында барлық отандасымыздың туысын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары "Славута" концлагеріне тұтқынға түскен жауынгерлердің есімдері мәңгі есте сақталады. Біз облыстардың жергілікті атқарушы органдарын қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын іздеуге жәрдемдесуге шақырамыз", - деді Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Акция барысында жиналған материалдар www.pamyat-naroda.ru сайтының базасына енгізіледі.

"Славута" лагерінің тарихы белгілі, бұл тізімнің өзі де қанмен келді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары, мешіттер мен шіркеулер, сондай-ақ Қазақстанның әскери комиссариаттары қаза болғандардың жақындарын іздеуге қол ұшын созғанын қалаймыз", - деді "Возвращение имени" халықаралық жобасының жетекшісі Григорий Скворцов.

Бұған дейін "Возвращение имени" жобасының қатысушылары Бішкек студенттерімен бірге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға арналған тізімдерді жасау және талдау бойынша жұмыс жүргізген болатын.

Туыстары майданда хабар-ошарсыз кеткен азаматтар Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне хабарласа алады: +7 776 828 45 35, +7 776 828 45 34.

635
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан
Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді